kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қарапайым функциялардың бірсарынды аралығын табу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қарапайым функциялардың бірсанды аралығын табу. Урок для 10 класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қарапайым функциялардың бірсарынды аралығын табу»

Қарапайым функциялардың бірсарынды аралығын табу 10-сынып

Мақсаты:

білімділік: қарапайым функциялардың бірсарынды аралығын таба білу дағдысын қалыптастыру ;

дамытушылық: оқушылардың логикалық көзқарасын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру;

тәрбиелік: тиянақтылыққа,зеректікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

А: Қарапайым функциялардың бірсарынды аралығын табу алгоритмін біледі.

В: Ережені пайдаланып, есептер шығарады.

С: Қарапайым функцияның аралығын тауып, түсіндіре біледі. Керекті жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, қалам,флипчарт, маркер, ресурс парақтары, бағалау парағы, видеоролик

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


I. Тұлғааралық байланысты орнату

1. Сыныппен амандасу.

«Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?»

Оқушыларды үш топқа бөлу: «Сызықтық функция», «Квадраттық функция», «Кері пропорционал тәуелділік».

II. Үй тапсырмасын тексеру:

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісімен қайталау.

Сұрақтар: 1. Функцияның анықталу облысына қандай жиын сәйкес қойылады? 2. Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады?

3. Функцияның мәндер жиыны деген не? 4. у=ax2 және у=-ax2 функциясының графиктері өзара қалай орналасқан? 5. Сызықтық функцияның анықтамасын айтыңдар.

6. Функцияның берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер? Жауаптарыңды мысал арқылы түсіндіріңдер. 7. Нақты сандар жиыны дегеніміз не?

8. Функцияның анықтамасын тұжырымдаңдар?

9. Айнымалы шама дегеніміз не? 10. Функцияның анықтамасындағы ереже, заңдылық деген сөздерді қалай түсінесіңдер? 11. Параметр дегеніміз не? 12. Абсолют тұрақты дегеніміз не?

-Мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.







Оқушылар «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісімен сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтың қаншалықты дұрыс екені тексеріледі.








Дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, үйден шығарып келген тапсырмаларды тексереді. Критерий бойынша өзара бағалайды.

Тұсаукесер

«Функцияның жұп,тақтылығы» туралы бейнеролик арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау, мақсатын ашу.

Ойлануға түрткі сұрақтар: - Бұл бейнероликтен не көрдіңіз, функцияның жұп,тақтылығын қалай тұжырымдауға болады?

Функцияның жұп,тақтылығы туралы бейнероликтен мәліметтер алған болатынбыз, сондықтан тақырыптың мақсатын ашуға өз ойларын қосты.

Негізгі бөлім

Мұғалім тақырыпты 3 топқа бөліп береді.

I топ: Жұп функцияны түсіндіріңдер

IIтоп: Тақ функцияны түсіндіріңдер

IIIтоп: Жұп та емес, тақ та емес функцияны түсіндіріңдер

«Айналмалы бекет» әдісі бойынша топта «ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясын пайдаланып, келесі тапсырмаларды орындаймыз. I топ: А: №29(а,ә); В: №33(б); С:№41(б); IIтоп: А: №29 (б,в); В: №33(ә); С:№41(а); IIIтоп: А: №29(г,д); В: №33(а); С:№41(ә); (А деңгейі-1 ұпай; В деңгейі-2 ұпай; С деңгейі-3 ұпай)

Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінмен танысады, әрбір топ оқып, өзара талдап, бір-біріне түсіндіреді. Әр топ тапсырма бойынша постер құрып, қорғайды.

«Смайликтер» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.



Топтар бір-бірінің алдындағы тапсырмаларды «Айналмалы бекет» әдісімен топтарды айнала отырып орындайды.


Қорытынды

Жеке жұмыс:

(Тест тапсырмалары)

1. Тақ функцияны анықтаңдар:

А) у= х4; В) у= х5; С) у= -2х2; Д) у= 0,5х3-5х2; Е) у= cos2x;

2.Берілген функцияның қайсысы жұп функция болатынын анықтаңдар:

А) у=-2cosx; В) у=1,5 sіnx; С) у=х+х2;

Д) у=-3tgх; Е) у=х5;

3. Жұп функцияны анықтаңыз:

A) у = 2 - |х| + х3; B) у = 2 - |х| + х;

C) у = 2 - |х| + х2; D) у = 2 - |х| + х5;

E) у = 2 - |х| + х7

4. Анықталу облысында жұп та емес, тақ та емес функцияны анықтаңыз.

A) у=х2+tgх4; В) у=х2+tgх; С) у=х2+tgх2; Д) у=х+tgх5; Е) у=х+tgх3;

5. Берілген функцияның қайсысы жұп функция болып табылады? А) у= х3- cosx; В) у= х2- cosx; С) у= х- sіnx; Д) у= х- sіn5x; Е) у= 1,5sіnx;

Жауабы:1.В; 2.А; 3.С; 4.В; 5.В.

Кері байланыс, бағалау. Үй тапсырмасы: А:№30; В:№34;С:№41(в,г,д);

Оқушылар тест тапсырмасын орындап, жауабын тексереді.

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді.


Бағалау парағы:


ААты –жөні:

Топтағы жұмысы

ЖЖеке жұмыс

Жалпы ұпай

ББаға







Ұпай: (10-12)-баға 5; (7-9)-баға 4; (4-6)-баға 3;

Рефлексия. Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қарапайым функциялардың бірсарынды аралығын табу

Автор: Искакова Бакытканым Амировна

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404537


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1650 руб.
2350 руб.
1860 руб.
2660 руб.
1360 руб.
1940 руб.
1750 руб.
2500 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства