kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ызы?ты математикалы? ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

?останай облысы

Жангелдин ауданы

А?шы?ана? ауылы

?.Топаев атында?ы орта мектебі

?серова Алтынай Берік?ызы

Математика п?ніні? м??алімі

?ызы?ты математика

О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін, білім, білік да?дыларын дамыта отырып, ?ызы?ушылы?тарын ?алыптастыруда сыныптан тыс ?тетін математикалы? іс-шараларды? ма?ызы зор. М?ндай іс-шаралар о?ушыларды? шы?армашылы? ба?ытта ж?мыс жасауына жол ашады. Т?менде 6-сыныпта ?ткен  «?ызы?ты математика» атты іс-шараны? ?ту жоспарын ?сынып  отырмын.

К?рнекілігі: топ тапсырмалары, керекті заттар, на?ыл с?здер, логикалы? есептер, ?пай к?рсеткіштері.

Саба?ты? т?рі: топты? сайыс

Саба? типі: ойын т?рінде

Жоспары:

  1. Топтарды? ?зін таныстыруы, амандасу р?сімі
  2. «Б?йге» (тап?ырлы? сайыс)
  3. Білімпаздар еліне саяхат (арнайы тапсырма)
  4. «Ойлы болса? озып к?р» (логикалы? тапсырмалар)
  5. Ма?алды? жал?асын табу
  6. Кім жылдам?
  7. «А?ыл-ойды т?ртіпке келтіретін - математика»

?олданылатын на?ыл с?здер:

  • Адамны? алдында а?ыл?а апаратын ?ш жол бар: ойлау жолы, б?л –е? жа?сысы; ??сау жолы, б?л – е? же?ілі; жеке т?жірибе жолы, б?л-?те жауаптысы.                                                Конфуций
  • Математикада формуланы есте са?тау ?ажет емес, тек ойлау процестерін есте са?тау керек.                                                                                

                                                                    ?.Ермеков     

  • Арифметика – дегеніміз б?л математика негізі.                                                

                                                                     Л.Т.Толстой

  • Ойланбаса ми сасиды,

?оз?алмаса су сасиды.

Арты? болмас білгені?,

К?кірекке т?йгені?.

Біле бер, ?анша білсе? та?ы тіле,

Жетерсі? ма?саты?а біле, біле.

                                                Ж.Баласа??н                                               

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ызы?ты математикалы? ойын»

Қостанай облысы

Жангелдин ауданы

Ақшығанақ ауылы

Қ.Топаев атындағы орта мектебі


Өсерова Алтынай Берікқызы

Математика пәнінің мұғалімі



Қызықты математика


Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, қызығушылықтарын қалыптастыруда сыныптан тыс өтетін математикалық іс-шаралардың маңызы зор. Мұндай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына жол ашады. Төменде 6-сыныпта өткен «Қызықты математика» атты іс-шараның өту жоспарын ұсынып отырмын.

Көрнекілігі: топ тапсырмалары, керекті заттар, нақыл сөздер, логикалық есептер, ұпай көрсеткіштері.

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақ типі: ойын түрінде

Жоспары:

  1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

  2. «Бәйге» (тапқырлық сайыс)

  3. Білімпаздар еліне саяхат (арнайы тапсырма)

  4. «Ойлы болсаң озып көр» (логикалық тапсырмалар)

  5. Мақалдың жалғасын табу

  6. Кім жылдам?

  7. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика»

Қолданылатын нақыл сөздер:

  • Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл –ең жақсысы; ұқсау жолы, бқл – ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл-өте жауаптысы. Конфуций

  • Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек.

Ә.Ермеков

  • Арифметика – дегеніміз бұл математика негізі.

Л.Т.Толстой

  • Ойланбаса ми сасиды,

Қозғалмаса су сасиды.

Артық болмас білгенің,

Көкірекке түйгенің.

Біле бер, қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле, біле.

Ж.Баласағұн

Жүргізуші:

Алып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық.

Еркіңді билеп барынша,

Жарыста, сірә, қалыспа!

Кеш қызығын, осылайша

Шабытпенен бастайық! –деп ортаға сайысқа қатысушы екі топты шақырайық.

Сайысқа қатысушы топтардың аты «Теңдеу» және «Теңсіздік» тобы. Әуелі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.


  1. Топтардың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

  2. «Бәйге»

  3. Білімпаздар еліне саяхат

  4. «Ойлы болсаң озып көр»

  5. Мақалдың жалғасын табу

  6. Кім жылдам?

  7. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика»

1-кезеңімізді бастаймыз. Таныстыру.

1 топ. «Теңдеу» тобы

Сәлемдесу.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді.

Ұраны:

Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз,

Бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

2-топ. «Теңсіздік» тобы

Сәлемдесу.

Жарыс десе жаныңыз,

Жасырғанды табыңыз.

Күш санасып көрейік,

Жеткеніңше әліңіз.

Ұраны:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз.

2-кезең. «Бәйге»

«Теңдеу» тобына

  1. Бір метрде неше сантиметр бар? (100 см)

  2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? / айырманың мәні/

  3. 1 сағатта неше минут бар? /60 минут/

  4. Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? /төртбұрыш

  5. Салмақ өлшем бірліктерін ата. /г, кг, ц, т.

  6. 1 дм 4 см нешеге тең? /14 см

  7. 1 тәулікте неше сағат бар? /24 сағат

  8. Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? / кесінді/

  9. 1 тоннада неше центнер бар? /10 ц/

  10. Қыс пен көктемде неше ай бар? /6ай/

«Теңсіздік» тобына

  1. 1 килограмда неше грам бар? /1000г/

  2. Қосудың нәтижесі қалай аталады? /қосындының мәні

  3. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? / шаршы

  4. Ұзындық өлшем бірлік терін ата /см, дм, м, км

  5. Кез келген санды 0-ге көбейткенде не шығады? /0/

  6. Теңдеу дегеніміз не? /құрамында белгісізі бар теңдік

  7. Ең кіші натурал сан /1/

  8. 1 дециметрде неше сантиметр бар? /10см/

  9. 100 жыл неше ғасырға тең? /1ғ/

  10. 2 тәулікте неше сағат бар? /48 сағат/

3-кезең. Білімпаздар еліне саяхат.

«Теңдеу» тобына

  1. Қоймаға 6 кг сиыр етін, одан 1 кг артық қой етін және қой етінен 3 есе артық жылқы еті әкелінді. Қоймаға неше килограмм жылқы еті әкелінді? /21 кг/

  2. Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңдар:

2 4 6 8

4 16 36 ?

  1. Сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықта.

?

94

104




9 10 6 9 8 10

2 7 5 8 3 7


«Теңсіздік» тобына:

  1. 180 теңгеге бірдей бағамен 3 тәрелке, 6 кесе сатып алды. 1 тәрелке қанша тұрады, 1 кесе ше?

  2. 2 есебі

  3. 3 есебі

4-кезең. «Ойлы болсаң озып көр»

«Теңдеу» тобына

  1. Төрт қойдың неше аяғы бар? /16

  2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы неше? /3кг

  3. Ағаш бұтағында 100 торғай отырады, аңшы 10 торғайды алып алады. Торғайдың қаншасы қалды? /10

  4. 1 т. мақта ауырма, 10 центнер темір ауырма? /тең

  5. Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? /көрші

  6. Бөлменің төрт бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр. /4 мысық

  7. Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6 толғанда ағасынеше жаста? /8

  8. Шөпте қояндар тығылып отыр. Тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Шөпте неше қоян тығылып отыр. / 5 қоян

  9. Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? /4 тәулік

  10. Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған үш танысы қарсы жолықты. Қанша адам қалаға барды? /1 адам


«Теңсіздік» тобына

  1. Бес тырнаның неше аяғы бар? /10

  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? /4 минут

  3. Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар? /6

  4. 1 кг тұз ауырма, 1000 грамм мақта ауырма? /тең

  5. 1 көйлек жылы ма, әлде 1 көйлектің қалыңдығындай 3 көйлек жылы ма? / бірдей

  6. Егер 1 кг алманың бағасы 100 теңге болса, жарты килограмм алманың бағасы қанша болады? /50 тг

  7. Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті. Нешеуі қалды? / жазда сырғанақ болмайды

  8. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып келіп отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? /барлық айда

  9. Айдала. Қараңғы түн. Екі салт атты ауылға беттеп келеді. Алыстан жылт еткен сәуле сөніп-өшті. Үй иесі бұрын көреме, әлде салт аттылар бұрын көре ме? / ешқайсысы. Өйткені сөніп-өшті сөзі бір мағынаны береді.

  10. Екі қарғаның бірі- оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар бір-біріне:

  • Достым мен сені көріп отырмын, -дейді. Олар бірін –бірі қалай көріп отыр? / қарғалар бір-біріне бетпе бет отырғандықтан бірін-бірі көреді.

5-кезең: Мақалдың жалғасын табу

«Теңдеу» тобына

  1. Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі ідім біл)

  2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

  3. Досыңды үш күн сынамы (3 жыл сына)

  4. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  5. Жүз теңгең болғанша (жүз досың болсын)

  6. Жүзден біреу шешен, (мыңнан біреу көсем)

«Теңсіздік» тобына

  1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)

  2. Білгенің бір тоғыз, (білмейтінің тоқсан тоғыз)

  3. Бір кісі қазған құдықтан, (отыз кісі су ішер)

  4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді)

  5. Елу елде ел жаңа, (жүз жылда қазан)

  6. Жеті рет өлшеп, (бір рет кес)


6-кезең: Кім жылдам?

«Теңдеу» тобына

Тек қана 9 санын төрт рет пайдаланып, 20 санын қалай шығаруға болады? 9999/ 99:9+9=20


«Теңсіздік» тобына

Тек қана 3 санын алты рет пайдаланып, 1000 санын қалай шығаруға болады? 3 3 3 3 3 3/ 333*3+3:3=1000


7-кезең: «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика». Бұл бөлімде әр топқа ақ бет пен маркер беріледі, оқушылар постер қорғайды. Математиканың адам өмірінде алатын орны туралы айтады.


Жүргізуші:

«Қызықты математика» сайысын қорытындылау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні,

Сіздерменен кездесеміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!

Қорытындылау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?ызы?ты математикалы? ойын

Автор: ?серова Алтынай Берік?ызы

Дата: 05.03.2016

Номер свидетельства: 302440


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства