kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыс?аша к?бейту формулаларын ?олдану.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыпты о?у барысында ?ыс?аша к?бейту формулаларын ?олданып, ?рнектерді т?рлендіруде, есептер шы?аруды ?йрену. ?з бетімен ?орытынды шы?арып, сын т?р?ысынан ойларын ашы? айту ж?не ойлау ?абілеттерін дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, есте са?тау, бай?а?ышты?, тап?ырлы? ?абілеттерін дамыту. 

  • О?ушыларды? бірін-бірі сынау ар?ылы атал?ан та?ырыпты пысы?тау.
  • Берілген тапсырмаларды ж?пта, топта орындау?а ?йрету.
  • О?ушыларды? ?зін ж?не достарын ба?алау?а да?дыландыру.
  • Есеп шы?аруда ережелерді ?олдана білу да?дысы. 

Математикалы? тілде с?йлеу ?абілеттері.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыс?аша к?бейту формулаларын ?олдану.»

Пәні: Алгебра

Тақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сынып:7 «Ә»сынып

Мичурин орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Алимова А.Е.

Сілтеме

Тапсырмалар жазылған слайдтар

Жалпы мақсаты

Тақырыпты оқу барысында қысқаша көбейту формулаларын қолданып, өрнектерді түрлендіруде, есептер шығаруды үйрену. Өз бетімен қорытынды шығарып, сын тұрғысынан ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау.

  • Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру.

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы.

  • Математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ-жауап, көшбасшылық, деңгейлік тапсырма, формативті бағалау, суммативті бағалау,кері байланыс орнату ,«бағдаршам »әдісі, дарынды баламен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі

проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар

Ұйымдастыру

кезеңі

Психологиялық дайындық

І. Кіріспе:

Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру: Ауызша есептеулер, формулаларды қайталау. Оқушыда дағды қалыптастыру: Тақырып түйіні берілетін қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайд мәтінін) тұжырымдап үйрену, логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу, өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай сәттілік сәтіне ұмтылу, ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге


кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу.



Оқушыларды топқа бөлу үшін әр-түрлі формулалар жазылған парақтарды ала отырып топқа бөлініп, отыра қалады.

(а+b)2

-b)2

a2 b2


Әр топта басшы таңдап қою.

Топ басшыларына бағалау парағын беріп, өз қызметтерімен танысытыру, яғни әр дұрыс орындаған тапсырмасы үшін бір ұпайдан қойып отыру. (2 мин)

Аты-жөні

Сұрақ-жауап

Сәй-кестендіру

Деңгейлік тапсырма

Тест

Қорытындылау

Ұпай саны

1








2








3








4








5








6











Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өткізу .(2мин)

Амандасу: « Сәлем- сөздің атасы »





БІЛУ- 1 мин

Сабақтың тақырыбын айтып, оқушыларға мақсатын құрастыруды сұрау.

Оқушылардың карточкадағы формулалар бойынша топқа бөлініп, отыруы.Барлығы сыныппен жауап беріп отырады.

Оқушылар мақсатын құрастырып, бағалау критерийлерін айтады.



Бағалау критерийлері:

  • Өз бетімен тақырыпты қорытындылай алу

  • Топта жұмыс істеуі

  • Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ТҮСІНУ-3мин ( Диалогтық оқыту)

Әр топтың үстелінде тұрған формуланың тұжырымдамасын айтқыздыру. Интербелсенді тақтадағы берілген формулалар-ды сәйкестендіріп, формулаларды қайталау.


Әр топ өздеріне берілген формуланы топ ішінде айтып алады. Топ басшысы топ ішінен оқушы таңдап, формуланың тұжырымдамасын айтқыздырады. (а+b)2=a2+2ab+b2 (Екі өрнектің қосындысының квадраты деп...)

(а -b)2=a2-2ab+b2 (Екі өрнектің айырмасының квадраты деп)

а2-b2=(a-b)(a+b) (Екі өрнектің квадраттарының айырымы деп... )

(а+b)3=a3+3a2b+3ab2+b3 (Екі өрнектің қосындысының кубы деп...)

ҚОЛДАНУ-16 мин (Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай логикалық-деңгейлік тапсырмалар )

А деңгейінің есебі-қызыл түсті

Көпмүше түрінде жаз.

1. (b + 2)2 3. (2 –а)(2 +а) 5. (y –4)(y +4)


2. (а – 2)2 4. (а+с)3 6. (x+3)3





В деңгейінің есебі- жасыл түсті


Көбейткіштерге жіктеңдер:



С деңгейінің есебі-көгілдір түсті

Теңдеуді шеш:

8х(1 + 2х) – (4х – 3)(4х + 3) = 6х + 3139

(6х – 1)(6х + 1) – 4х(9х + 1) = - 6261

Дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін.

ОЖСБ-ға дайындық барысындағы есептер:

Слайдта берілген тапсырмаларды формула бойынша шығару.





Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін дәптерге орындайды.










Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін дәптерге орындайды.









Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.







Слайдта беріледі,оқушылар тақтаға шығарады

ТАЛДАУ- 5мин Сәйкестендіру тапсырмалары.

Интербелсенді тақтада жазылған сәйкестендіруге байланысты тапсырмаларды орындайды. Слайд №

Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады. Әр топтан тақтаға топ басшысы таңдаған оқушы шығып орындайды.

ЖИНАҚТАУ-13мин

Оқушыларға тест тапсырмалары электронды түрде беріледі. 1-2 нұсқада. (ноутбукпен) Тест.

Бағалау шкаласы бойынша,ұпай саны арқылы анықтайды.Тақтаға кілттері шығарып қою. Слайд №

Ашық сұрақтар қою.

Топтарға бүгінгі сабақ басында айтылған мақсатымызға жеттік пе жоқ па?- соны талқылауға уақыт беру, ортаға салуды сұрау.


Оқушылар өз беттерімен орындайды. Дәптерлерімен алмасып, орындаған тесті кілттерімен сәйкестіріп, тексереді. Әр топ «Бағдаршам әдісі»арқылы кері байланыс жасайды,

Жасыл түс-түсінікті

Сары түс-сұрағым бар

Қызыл түс-түсініксіз


Оқушылар топта талдайды, ортақ нәтижесін қорытындылап, ортаға салады.

БАҒАЛАУ -3 мин

Топ басшыларына бағалау парақтарына ұпайларын қоюды сұрау.Оқушыларды мадақтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау, өз басымнан белсенді қатысқан оқушыларға 1 ұпай қосатынымды айту.


Әр топ басшысы оқушылардың бағалау парақтарына ұпайларын жазады, дәптерлерін жинайды.



Үйге тапсырма: №387,№418, №444, 92-103 беттер, ережелерді оқуға,(30 сек)

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия. 30сек.

Оқушыларға стикерлер таратамын. Кері байланыс орнату үшін жазғыздырып алу.




Стикерлерге «Сабақ ұнады ма?» жазып кетеді.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?ыс?аша к?бейту формулаларын ?олдану.

Автор: Алимова Акгуль Едиресовна

Дата: 19.04.2016

Номер свидетельства: 320474


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства