Мен жариялап отыр?ан ашы? саба?ымны? аты "?ыс?аша к?бейту формулалары " деп аталады. Б?л ашы? саба?ты? ішінде математикалы? поезд?а билет алу ар?ылы о?ушылар есептер шы?арады. Есептер жа?а та?ырыптар?а байланысты, саба? ойын т?рінде ?ткізілді. О?ушылар барлы?ы математикалы? диктант, тест орындау ар?ылы билет сатып алып поездын вагондарына орналасты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ыс?аша к?бейту формулалары »
Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Ахметова Арайлым Сайлаубаевна
7- сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді ықшамдауда және көпмүшелерді көбейткіштерге әртүрлі тәсілдермен жіктеуде қолдану біліктіліктерін тексеру, жалпылау; есептеу дағдыларын тереңдету.
Дамытушылық: өтәлген тақырыптары бойынша құрылған тестік тапсырмалармен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.
Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ. Жаңа тақырыпқа түсінік беру;
1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басталмастан бұрын үй жұмысын тексеріп алу.
2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.
Кіріспе
Мұғалім бүгін алгебра курсының негізгі тарауларының бірі - «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қайталайтынын хабарлайды.
7 сынып курсы бойынша көптеген маңызды тақырып қарастырылғанын және де оларды білмей алгебра курсын әрі қарай оқу мүмкін еместігін ескертеді.Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстырады. Сабақ соңында әр оқушының «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескертеді. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: формулаларды бекіту мақсатымен оқушылар компьютермен MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша математикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.
1. Бекет– «Деңгейлік тапсырма»
2. Бекет – «Олимпиадаға дайындық»
3. Бекет – «Ауызша сұрақтар»
Билетке тапсырыс беру үшін, алдымен «Тестік тапсырма» орындау қажет.
«5»-тік баға алған оқушы купе вагонымен;
«4» -тік баға алған оқушы плацкарт вагонымен;
«3» -тік баға алған оқушы жалпы вагонменаттанады,
ал «2» -лік баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.
Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалса, керісінше
купеден→ плацкартқа; плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады.
Паскаль үшбұрышын қолданып, келесі екімүшелерді 4,5,6,7- дәрежелерге шығарып, көпмүше түрінде көрсетіңдер: (у-2), (с+1), (а2+в3), (в+3)
Плацкарт вагонымен келсеңіз:
Пифагор есебі.
1-ден өзге кез келген тақ сан екі квадраттың айырмасына тең.
Шешуі:
Жалпы вагонымен келсеңіз:
Диофант есебі.
Қосындысы 20, ал көбейтіндісі 96 болатын екі санды табыңдар.
Диофант осы есепті шешу үшін квадраттар айырмасы формуласын қолданды. Сендер де солай шығарып көріңдер.
Шешуі: (10+х)(10–х)=96
х=2
Жауабы: 12 және 8
Қосымша тапсырма
Қысқаша көбейту формулаларын қайталау. №30.45, № 30.46 есептерін шешу
4. Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы.
Рефлексия. Мұғалім бүгінгі сабақта әр оқушының өз білімін қалай көрсеткені туралы қорытындылайды. Оқушылар өз білімдерін карточканы толтыру арқылы біледі.