- тақырыбында білімді жүйелеуді, қайталауды, сабақты жалпылауды ұйымдастыру;
- логикалық ой–өрісін сұрақтарға математика тілінде жауап беруге дамыту;
-пәнге деген қызығушылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары: Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
1. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
Сабақтың типі: жалпы материалдарды қайталау Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, жауап парақтары,
Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру. Сергіту сәті
2. Класс төрт топқа бөлінеді. Әр топтың өз топ басшысы және аты болады.
3. Сабақ барысы
1.Білім кезеңі:
Таным мен ойлау деңгейі - төмен деңгей. Қайталау не тану арқылы есте сақтауды тексеру керек және деректерді еске түсіру керек. Анықтамалар мен терминдерді қайталау және қолдану машықтанады. Ережелерді және негізгі ұғымдарды білуі тиіс. Анықтамаларды жатқа білуі тиісті. Фигуралар суретін таи білу және қосымша элементтерін салуды игеру.
2. Түсіну кезеңі.
Таным мен ойлау деңгейі - орта деңгей. Оқу материалы меңгергендіктен келесі әрекетке көшуге әрекет етуге талаптанады. Көпбұрыштар қасиеттерін сөзбен айтып, соан соң оны математикалық формула түрінде жаза алады. Көпбұрыш элементтерін қасиеттеріне қарай схемалық түрде орналастара алады.
1-ші топ үшін: «ҮШБҰРЫШТАР» тақырыбына сұрақтар:
1. Үшбұрыштардың түрлерін ата.
2. Пифагор теоремасын оқу керек.
3. Қандай үшбұрышты тікбұрышты үшбұрыш деп атайды?
4. Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?
5. Үшбұрыштар ауданын есептеу формулалары қандай ?
6. Тікбұрышты үшбұрышта 30 ° бұрышқа қарсы …жатады
7. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы…тең
2-ші топ үшін: «ПАРАЛЛЕЛОГРАММ» тақырыбына сұрақтар:
1. Қандай төртбұрышты параллелограмм деп атайды?
2. Параллелограммның қасиеттері қандай?
3. Параллелограмның диагональдарының қасиеттері қандай?
4. Параллелограмның бір төбесінен неше биіктік жүргізуге болады?
5. Параллелограмм ауданын есептеу формулалары қандай ?
6. 3 бұрышы сүйір болатын төртбұрыш болуы мүмкін бе?
7. Кез келген ромб …болады
3-ші топ үшін: «ТРАПЕЦИЯ» тақырыбына сұрақтар:
1. Қандай төртбұрышты трапеция деп атайды?
2. Қандай трапеция тең бүйірлі, тік бұрышты деп аталады?
3. Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін көрсетіңдер.
4. Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?
5. Трапеция ауданын есептеу формулалары қандай ?
6. Трапецияның параллель емес орналасқан қабырғалары…деп аталады
7. Трапецияның параллель орналасқан қабырғалары…деп аталады.
4-ші топ үшін: РОМБ тақырыбына сұрақтар:
1. Қандай төртбұрышты ромб деп атайды?
2. Ромб диагоналдары қалай орналасады?
3. Ромб бұрыштары туралы не айтуға болады?.
4. Ромб диагональдары туралы не айтуға болады?
5. РОмб ауданын табу формуласын жазу керек ?
6. Ромбының тұстас бұрыштарының … тең болады
7. Ромбының параллелограмнан айырмашылығы қандай?.
3. Қолдану кезеңі.
Таным мен ойлау дегейі - орта деңгей. Бұл кезде оқушы нақты формулаларды біледі. Көпбұрыш қасиеттерін, олардың суреттерін салуды, теорияларды практикада қолданып есептеу әрекетіне көшеді.
Формуланы пайдаланып көпбұрыштар ауданын табу.
Кітаптан есептер: № 331, № 332, № 351, № 355
№ 331
Қабырғаларының ұзындығы 5,5 м және 6 м болатын бөлмені өлшемі 30 х 5 см2 болатын тік төртбұрыш пішінді паркеттермен қаптау үшін неше паркет тақтайшалары қажет болады?
№ 332
Екі жер алқабы ұзындықтары бірдей қоршаулармен қоршалған. Тік төртбұрыш пішінді жер алқабының ені 60 м, ұзындығы 100 м, ал екіншісі квадрат пішінді. Осы жер алқапта рының қайсысының ауданы үлкен?
№ 351
АВС үшбұрышында: АВ=16 см, ВС=22 см, ал С төбесінен түсірілген биіктігі 11 см. Үшбұрыштың ВС қабырғасына түсірілген биіктігін тап.
№ 355
Трапецияның параллель қабырғалары 60 см және 20 см, ал бүйір қабырғалары 13 см, 37 см. Трапецияның ауданын тап.
4. Талдау кезеңі.
Таным мен ойлау деңгейі - жоғары деңгей. Көпбұрыш аудандары формуласын толық меңгерілген. Есеп шығаруда анықтамалар, теоремалар, формулалар тиімді жолмен пайдаланылады. Оқушы осы тақырыпты алдында өтілген параллелограмм, ромб, квадра, тік төртбұрыш қасиеттерімен байланыстыра алады. Қасиеттер арасындағы байланысты ажырата алады. Анализ жасайды. Есептеу барысындағы фактілерді есте сақтайды.
ДЖИКСО әдісі бойынша есептеу: әр топқа 3 есептен беру:
1 топ:
1. Үшбұрыштың қабырғалары 12 және 9 см, арасындағы бұрыш 300. Ауданын табыңыз.
А)30 В)40 С)27 D)50 E)51
2. АВС үшбұрышында А=450, ал ВD биіктігі АС қабырғасын АD=6 см, DC=8см кесін ділерге бөледі. АВС үшбұрышының ауданын табыңыз
A)40 B)41 C)39 D)42 E)43
3. АВС үшбұрышында АВ=17 см, ВС=25см. ВD биіктігі 15 см. АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.
A)210 B)89 C)87 D)91 E)95
2 топ:
1. Параллеограмның қабырғасы 10 см, ал бұрышы 300. Периметрі 56 см болса, ауданын табыңыз.
A)9 B)12 C)18 D)8 E)90
2. Параллелограммның қабырғалары 6 және 10 см, ал кіші қабырғасына түсірілген биік тік 8 см. Екінші биіктігін табыңыз.
A)4 B)5 C)4.8 D)4.7 E)6
3. Параллелограмның қабырғалары 6 және 8 см, ал арасындағы бұрышы 300. Ауданын табыңыз.
A)30 B)31 C)32 D)29 E)24
3 топ:
1. Трапеция табандарының ұзындықтарының қатынасы 2:3 болса, биіктігі 6 см, ал ауданы 60 см2.-ге тең. Табандарын табыңыз.
A)8;12 B)9;10 C)4;6 D)9;11 E)6;9
2. Трапецияның бір табаны екіншісінен 7 дм артық, биіктігі 8 дм, ал ауданы 96 дм2. Табандарын табыңыз.
A)8;15 B)9;16 C)10;11 D)8;13 E)8,5;15,5
3. Трапецияның биіктігі бір табанынан 3 есе артық, ал екінші табанынан 2 есе кем. Ауданы 168 см2 болса. Биіктігін табыңыз.
A)47 B)49 C)12 D)41 E)42
4 топ.
1. Ромбының ауданы 48 см2, ал диагоналы 12 см. Екінші диагоналын тап.
A)8 B)10 C)9 D)11 E)7
2. Ромбының диоганальдары 8 және 7 см. Ауданын табыңыз.
А)27 В)26 С)29 D)25 E)28
3. Ромбының бұрышы 450, қабырғасы а. Ауданын табыңыз.
A)a2 B)2a2 C)3a2 D)0.5a2 E)0.5a2
5. Синтез.
Таным мен ойлау деңгейі - жоғары деңгей. Қөпбұрыштың барлық қасиеттері басқа көпбұрыш қасиеттерімен салыстырылады. Айырмашылықты табады. Кез келген көпбұрыш туралы білімі кеңейеді. Есептеу процесінде қандай анықтаманы,формуланы пайдалануды анық біледі.
Сабақты жүйелеу, есептеуге арналған формулаларды тиянақты пайдалана білуді машықтандыру.
6. Бағалау.
Таным мен ойлау деңгейі - жоғары деңгей. Сабақ барысында өзара бағалау және
өзін-өзі бағалау оқушының матеиалды қаншалықты игергеніне және оны есептеуде тиімді пайдаланғанына байланысты қойылады. Оқушы оны өзі жасаған шешімі мен шығарған есептеуге байланыстырады.