Тамыз конференциясында мұғалімдермен өткізген сабақ « 15»_тамыз_______2014ж |
Пән: математика, 4-сынып | Күні: |
Тақырыбы: | Қозғалысқа берілген есептерді пысықтау. |
Мақсаты: | Қозғалысқа берілген есептерді шығару . |
Күтілетін нәтиже | Қозғалысқа берілген есептерді шығару жолдарын біледі. Қозғалысқа берілген есептерді шығарады, талдайды. Есептерді салыстырады, мысалдар арқылы дәлелдейді, тұжырымдайды. |
Керекті жабдықтар | тапсырма парақтары, оқулық , деңгейлік тапсырмалар, түрлі түсті стикерлер, флипчарт, маркер. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 1. Психологиялық тренинг. 2. Топқа бөлу. 3. Үй жұмысын тексеру. | Оқушылармен амандасу. Назарларын сабаққа аудару. (30 сек.) Көңілді әуенмен сергіту сәтін орындау. ( 1 мин) Қозғалысқа бағытталған суреттер арқылы (мұғалімдерді) топқа бөлу. (1мин) Топтық және ортақ ереже құрастыру: (1 мин) "Сұрақты ұстап ал" әдісі арқылы үй жұмысы тексеріледі.Мұғалімдер арасында фасоль салынған қапшық лақтырылады. Мұғалімдерге сұрақтар дайындап келуге берілді. Сұраққа толық жауап берген бірінші оқушы 3 ұпай алады, жауап бере алмай көмек сұраса келесі жауап берген оқушы 2 ұпай, ал сұрақ үшінші оқушыға ауысса ол оқушы 1 ұпайды иеленеді. Жауап бере алмаса ұпай берілмейді. (2мин) | Оқушылар серігіп, жақсы көңіл-күймен сабаққа кіріседі. Оқушылар парақшалардағы суреттер арқылы 5(бес) топқа бөлінеді, 6 адамнан (үлкен сурет түскен мұғалім көшбасшы) 1-топ "жаяу адам» 2-топ "тасбақа" 3-топ "машина" 4-топ «ұшақ» 5-топ «зымыран» (тәртіп сақтау, уақытты үнемдеу, кезекпен сөйлеу,белсенді болу, өз ойларын ашық сыныпқа қарап айту, ізденісте болу) Оқушылар фасоль салынған қапшықты лақтыра отырып, бір-біріне төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қояды. 1. Көп таңбалы сандарды қалай оқиды? 2. Көп таңбалы сандарды қалай қосады? 3. Көп таңбалы сандарды қалай азайтады? 4. Жылдамдық дегеніміз не? 5. Қашықтықты қалай табады? 6. Қозғалыс жылдамдығын қалай табады? 7. Уақытты қалай табады? 8. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін қалай табуға болады? 9. Нөлдермен аяқталатын сандарды нөлдермен аяқталатын сандарға қалдықсыз бөлу қалай жүзеге асырылады? 10. Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері қалай жүзеге асырылады? 11. Бір біріне қарама қарсы бағыттағы қозғалысты қалай табамыз? 12. Бірінен - бірі қарама қарсы екі жаққа бағытталған қозғалысты қалай табады? 13. Бөлшектер мен үлестер туралы не білеміз? 14. Жұмыс, өнім және уақытты қалай таңбалайды? 15. Жұмысты, өнімділікті және уақытты қалай табамыз? |
Тұсаукесер | АКТ: Сурет бойынша қозғалыстағы әр дененің жылдамдығын анықта. (1мин) Ашық диалог Сонымен оқушылар бүгін сабақта не туралы сөз қозғайтын боламыз? | Оқушылар компютерден денелердің жылдамдықтарын анықтап, сәкестендіреді. Зымыран сағатына 100км М Ұшақ минутына 5м Т Автокөлік сағатына 5км А Адам сағатына 850км Ұ Тасбақа секундына 6км З Сабақтың алгоритімін ашып, дәптерге күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып алады. |
Негізгі бөлім | 1. Постер дайындап, қорғау.(әр топқа 1 мин) №1,2,3 есеп Әр топқа бастапқыда топқа бөлінгендегі тапсырмаларына сай есептер беріледі. Есептерді топта талдап, шығарып, түсіндіре отырып қорғайды. (15мин) 1-топ "Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған есеп" Есептің берілгені: Екі ауылдан бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы екі жүк машинасы жолға шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші жүк машинасы 70км/сағ жылдамдықпен, ал екінші автокөлік 50км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екі ауылдың арақашықтығын тап. 2-топ "Бірінен-бірі қарама-қарсы екі жаққа бағытталған қозғалысқа арналған есеп" Есептің берілгені: Екі жолаушылар пойызы бір теміржол бекетінен бірдей уақытта бірінен-бірі қарама-қарсы бағытқа екі жаққа жолға шықты. Біріншісі 80км/сағ, екіншісі 70км/сағ жылдамдықпен қозғалды. 5 сағаттан кейін екі пойыздың арақашықтығы нешеге тең болады? 3-топ "Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есеп" Есептің берілгені: Айбар және Әсет велосипедпен бір уақытта ауылдан өзен жаққа қарай шықты. Айбар 250м/мин жылдамдықпен қозғала отырып, 20 минуттан кейін өзен жағасына келіп жетті. Егер Әсет 200м/мин жылдамдықпен қозғалған болса, онда Айбар екеуінің арасындағы қашықтық қандай? 4-топ «кестені пайдаланып, есеп құрастыр және оны шығар» 5-топ: Есепті теңдеу құру арқылы шығару: Арақашықтығы 78 км/сағ екі ауылдан бір мезгілде екі шаңғышы бір-біріне қарама-қарсы шықты. Біріншінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 14 км/сағ. Олар неше сағаттан кейін кездеседі? 2. Бағалау. | 1-топ : Шешуі: 70+50=120 (км)(жақ.) 120*3=360 (км) Жауабы: Екі ауылдың арақашықтығы 360 км. u1+u2=uжақ. s=uжақ*t.
s=t*uжақ. 2-топ: Шешуі: 80+70=150 (км/сағ) 150*5=750 (км) Жауабы: 5 сағаттан кейін екі пойыздың арақашықтығы 750 км-ге тең болады. u1+u2=uқаш. s=uқаш.*t
s=uқаш.*t 3-топ Шешуі: 250-200=50 (м/мин) (Жақ.) 50*20=1000 (м ) Жауабы: Әсет пен айбардың арасындағы қашықтық 1000 метр. u1+u2=uжақ. s=uжақ.*t
s=uжақ.* t. 4-топ: U | t | S | І 60 м/мин | ? мин | 480 м | ІІ ? 10 м/мин а | | ? м | Ш: 480 : 60 = 8 мин 60+10 = 70 м/мин (ІІ жылдамдығы) 70 х 8= 560 м (ІІ арақашықтығы) 5-топ: Шешуі: (12 + 14) • х = 78 26 • х = 78 Х = 78 : 26 Х = 3 Әр топ қарсы топқа 2 жұлдыз, бір тілек айтып, бағалайды. |
| 4. Ойлан, жұптас, бөліс. №4 Есепте. 1-топқа: 245*908=222460 1754664:904=1941 2-топқа: 233*630= 146790 40803:203=201 3-топқа: 826281:909=909 911*992=903712 4-топқа: 6235:265=99 713*209=149017 5-топқа: 328523:683=481 12130*22=266860 | Оқушылар есепті шығарып, мәніндерін айтады. |
| № 5. Деңгейлік тапсырмалар. 1-топ: (х+20)*45=3105 2-топ: X:34=17000+204 3-топ: 16912:x=7890-7834 4-топ: 57*(500-х)=11457 5-топ: 4949:7+x=20678 Дарынды оқушылармен жұмыс. Берілген сызбалар арқылы есептер құрастыр және шығар. 1-топ 2-топ 3-топ 4-топ: Өрнекте 1см2= ... мм2 1дм2= ... см2 1км2= ... м2 5сағ•1/6= ... мин 5-топ: Салыстыр 1тәул3сағ * 24сағ 2сағ50мин * 180мин 20сағ240мин * 1тәул 8015м * 8км150 | Оқушылар жұппен теңдеу шешеді және дарынды оқушылар сызбалар арқылы қозғалысқа есеп құрастырады. (х+20)*45=3105 x+20=3105:45 x+20=69 x=69-20 x=49 (49+20)*45=3105 3105=3105
X:34=17000+204 x:34=17204 x=17204*34 x=584936 584936:34=17000+204 17204=17204 57*(500-х)=11457 500-x=11457:57 500-x=201 x=500-201 x=299 57*(500-299)=11457 11457=11457 16912:x=7890-7834 16912:x=56 x=16912:56 x=302 16912:302=7890-7834 56=56
4949:7+x=20678 707+x=20678 x=20678-707 x=19971 4949:7+19971=20678 20678=20678
Дарынды оқушылар берілген сызбалар арқылы есептер құрастырып шығарады. 1. Бауыржан мен Жарас бір уақытта үйлерінен шығып, стадионға бет алды. Олардың үйлерінің арасы 200 метр. Бауыржан Жарасқа қарағанда алыс тұрады, оның жылдамдығы 175м/мин, ал Жарқынның жылдамдығы 75м/мин. Бауыржан Жарасты қанша уақыттан кейін қуып жетеді? U1=175м/мин U2=75м/мин S=200м T=?мин Шешуі: 175-75=100м/мин (Жақ.жылд.) 200:100=2 мин. Жауабы: 2 минуттан кейін қуып жетеді. 2. Болат пен Жалғас бір уақытта үйлерінен шығып, стадионға бет алды. Олардың үйлерінің арасы 200 метр. Болат Жалғасқа қарағанда алыс тұрады, оның жылдамдығы 175м/мин. егер Болат Жалғасты 2 минуттан кейін қуып жеткен болса, онда ол қандай жылдамдықпен жүрген? U1=175м/мин U2=?м/мин S=200м T=2мин Ш: 175•2-200=150м (Жарастың S) 150:2=75м/мин (Жарастың V) Жауабы: Жалғас 75м/мин жылдамдықпен жүрген. 3. Берік пен Жомарт бір уақытта үйлерінен шығып, стадионға бет алды. Берік Жомартқа қарағанда алыс тұрады, оның жылдамдығы 175м/мин. Жарастың жылдамдығы 75м/мин. Егер Берік Жомартты 2 минуттан кейін қуып жеткен болса, онда ұлдардың үйлерінің арақашықтығы неше метрге тең? U1=175м/мин U2=75м/мин T=2мин S=?м Ш: 175-75=100м/мин (жақ. жылд.) 100•2=200м (бастапқы қашықтық) Жауабы: Үйлердің арақашықтығы 200 метр. 4-топ: 1см2=100мм2 1дм2=100см2 1км2=1000000м2 5сағ•1/6=50мин 5-топ: 1тәул3сағ24сағ 2сағ50мин 20сағ240мин=1тәул 8015м |
Қорытынды | Тест жұмысы. (2 мин) | 1. Автобустың жылдамдығы 45км/сағ. Жүрген қашықтығы 90 км. Уақытты тап. а) 2 ә) 5 б) 45 2. Жазбаша көбейту кезінде неден бастап көбейтеміз? а) жүздіктен ә) ондықтан б) бірліктен 3. Ұшақтың жылдамдығы 230м/с. 3 секундта қанша қашықтықты жүріп өтеді? а) 346 ә) 690 б) 233 4. (х+20)*45=3105 теңдеуіндегі х-тің мәні нешеге тең? а) 39 ә) 47 б) 49 5. Жаяу адам 12 км қашықтықта орналасқан шалғынға 3 сағат жүріп барды. Жауя адамның жылдамдығын тап. а) 2км/сағ ә) 4км/сағ б) 36км/сағ |
Бағалау | Рефлексия (1мин) Жиынтық бағалау (жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша ) Өте тамаша! Жарайсын! 13-15 ұпай. Тарауды толық меңгеріп, сабаққа сараптама жасай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өзіндік ойы бар оқушы. Тамаша! Алға! 10-12 ұпай. Тарауды толық меңгерген. Есеп шығара алатын оқушы. Ойлану керек! Қалма! 7-9 ұпай. Әлі де дайындалуды қажет ететін оқушы. | Оқушылар сабақтан алаған әсерлерімен рефлексия парағы арқылы бөліседі. Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын тарау бойынша алған білімдерін ( үй тапсырмасы, топтық, зерттеушілік жұмыстары) ескере отырып бағалайды |
Үй тапсырмасы Талдау | | |
дайындаған : Г.А. Муканова