kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?оз?алыс та?ырыбына м?тінді есептер шы?ару.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?оз?алыс та?ырыбына м?тінді есептер шы?ару.

Ма?саты: а)а?паратты? ??зіреттілік: ?зендегі, к?лдегі ?оз?алыс ?рекеттерін т?сіндіре білу. Д?лелдеп к?рсету.

б) Комуникативтік ??зіреттілік: ?оз?алыс?а байланысты кездесетін терминдерді д?рыс айта білуге, д?рыс жаза білуге, формулаларды д?рыс ?олдана білуге ?йрету.

в)  проблеманы шешу ??зіреттілігі: О?ушыларды топтаса ж?мыс жасай білуге, ?йымшылды??а, шапша?ды??а баулу. Математика п?ніне ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Саба?та ?олданылатын ?діс-т?сілдер: т?сіндірмелі-баяндау, та?тамен ж?мыс, ?зара алмасу ?дісі, ?ш жазбалы к?нделік, топты? есептер шы?ару, ынталандыру ?дістері. Сергіту с?ті.

К?рнекілігі: Та?ырыпты ашатын презентация, топшамалар, ынталандыру ж?лдызшалары, ба?алау пара?ы, формулалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?оз?алыс та?ырыбына м?тінді есептер шы?ару.»

Сабақ жоспары

Күні: 13.10.2015ж

Тақырыбы: Қозғалыс тақырыбына мәтінді есептер шығару.

Мақсаты: а)ақпараттық құзіреттілік: Өзендегі, көлдегі қозғалыс әрекеттерін түсіндіре білу. Дәлелдеп көрсету.

б) Комуникативтік құзіреттілік: Қозғалысқа байланысты кездесетін терминдерді дұрыс айта білуге, дұрыс жаза білуге, формулаларды дұрыс қолдана білуге үйрету.

в) проблеманы шешу құзіреттілігі: Оқушыларды топтаса жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу. Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-баяндау, тақтамен жұмыс, өзара алмасу әдісі, үш жазбалы күнделік, топтық есептер шығару, ынталандыру әдістері. Сергіту сәті.

Көрнекілігі: Тақырыпты ашатын презентация, топшамалар, ынталандыру жұлдызшалары, бағалау парағы, формулалар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)

* Оқушылармен амандасу;

* Оқушыларды түгелдеу;

* Сабаққа назарларын аудару;

* Үй тапсырмасын тексеру (№ 198, 199). Дәптерлерін өзара көршілерімен алмастыру арқылы тексеру. Есептің жауабы, шығарылу жолы экранда көрсетіліп тұрады.

198

х+1440 = 90*13+80*11

х+1440=1170+880

х+1440=2050

х=2050-1440

х=610

610+1440=90*13+80*11.


199

  1. х*2=240:3

2х=80

х=80:2

х=40

40*2=240:3 Жауаптары: 1) 40; 2) 20; 3) 180.


  1. 40:2=20

  2. (40+20)*3=180.


* Өткен материалды қаиталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық: «Үш жазбалы» күнделік әдісі арқылы арқылы өткен материалға шолу. (3 мин)



Атауы

Сипаттама

Мысал

Әріпті өрнек

Сандар мен әріптерден немесе әріптерден, амалдардың белгілерінен тұрады. Сонымен қатар жақшаларда болуы мүмкін.

700ab+100c

Теңдеуді шешу дегеніміз

Теңдеудің барлық түбірлерін табу немесе түбірлері жоқ екенін көрсету.

x: 15=45

x=45*15

x=675

675:15=45

Мәтінді есептер дегеніміз

Мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды.

Өрік пен алманың массасы 15кг, егер өрік алмадан 2 есе ауыр болса, онда алманың массасы қандай?


Негізгі бөлім: (30 мин)

Жаңа материалды түсіндіру (10 мин)

Қозғалыс тақырыбына мәтінді есептер

Қайық, катер, теплоход, пароход көлде немесе өзенде жүзеді. Мысалы, қөл ағынсыз су болғандықтан, қайық көлде жүзгенде өзінің меншікті жылдамдығымен жүзеді. Сал өзенде жүзгенде ағыс жылдамдығына тең жылдамдықпен жүзеді.

Егер дене ағыспен жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығына артады.


Дененің ағыспен жылдамдығы оның меншікті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының қосындысына тең.

Мұндағы - дененің ағыспен жылдамдығы;

- дененің меншікті жылдамдығы;

- ағыс жылдамдығы

Егер дене ағысқа қарсы жүзсе, оның жылдамдығы ағыс жылдамдығына кемиді.

Дененің ағысқа қарсы жылдамдығы оның меншіңті жылдамдығы мен ағыс жылдамдығының айырмасына тең:

Мұндағы - дененің ағысқа қарсы жылдамдығы;

Есеп. Меншікті жылдамдығы 6 км/сағ қайық ағыс жылдамдығы 2 км/сағ озенде ағыспен жүзеді. Қайық 3 сағатта қанша қашықтыққа барады?

Ш: 1) 6+2=8 км/сағ – қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы.

2) 8*3=24 км – қайықтың үш сағатта барған жылдамдығы.


Өзендегі қозғалысты есептеу үшін қажет болатын ағыс жылдамдығымен меншікті жылдамдықты табуды үйренейік.

2.14-суретте дененің ағыспен жылдамдығы және ағысқа қарсы жылдамдығы кесінділермен берілген.


    1. Сурет

І. Ағыс жылдамдығын табайық.

2.14-сурет бойынша:

Онда



Ағыс жылдамдығы ағыспен жылдамдық пен ағысқа қарсы жылдамдықтың айырмасының жартысына тең.

ІІ. Меншікті жылдамдықты табайық.

Меншікті жылдамдықты табу үшін ағыспен жылдамдық пен ағысқа қарсы жылдамдықтың қосындысын табу керек.

Осыдан,




  • Жаңа материвалды бекіту (3 мин)

  1. Катер өзенде ағыспен жүзсе, оның қозғалыс жылдамдығы қала табылады?

  2. Қайықтың ағысқа қарсы жылдамдығы?

  3. Меншікті жылдамдықтың формуласы?

  4. Ағыс жылдамдығының формуласы?


  • Есептер шығару. Тақтамен жұмыс (7 мин)

№347

  1. t=5 сағ (ағысқа қарсы)

  2. t=4 сағ (ағыспен)


№348



№349


Сергіту сәті (2 мин)


( оқушылар тұрып сергіту сітін жасайды)

  • Топшамалар. 3 топқа (10 мин)

М.5 Топшама – 1

1) Катердің ағыспен жүзгендегі жылдамдығы 24 км/сағ, ал ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығы 20 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар?

2) Бала ойыншық маторлы қайық жасап, оны жылғаға жібереді. Жылғадағы судың ағыс жылдамдығы 30м/мин. Ойыншық маторлы қайық қандай жағдайда жүзеді, қандай жағдайда жүзбейді?

а) 28 м/мин меншікті жылдамдықпен ағыспен жіберілсе;

ә) 40 м/мин меншікті жылдамдықпен ағысқа қарсы жіберілсе;

б) 30 м/мин меншікті жылдамдықпен ағысқа қарсы жіберілсе.


3) (4294+х):89=67.

































М.5 Топшама – 2


1. Маторлы қайықтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы 30 км/сағ, ал ағысқа қарсы жүзгендегі жыламдығы 26 км/сағ. Ағыс жылдамдығын табыңдар?


2) Катер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде жүзіп, 120 км қашықтықтағы айлаққа барып қайтты. Катердің меншікті жылдамдығы 22 км/сағ.

* Егер катер айлаққа барарда ағыспен жүзсе, ол айлаққа қанша уақытта барады.

* Катер қанша уақытта айлақтан қайтты..

* Катер қанша уақытта айлаққа барып қайтты.


3) (1001 – z)*13=1157.

































М.5 Топшама – 3

1. Меншікті жылдамдығы 18 км/сағ катер, ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде ағысқа қарсы жүзді. Катер 3 сағатта қанша жол жүреді?

2) Моторлы қайық ағыс жылдамдығы 2км/сағ өзенде 3 сағ жүзіп, содан соң сол өзен құятын көлде 4 сағат жүзді. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 30 км/сағ. Моторлы қайық осы уақыт аралығында қанша қашықтыққа жүзді?

3) 1215:(71 – y)=27.



























Топшама 1

  1. (4294+х):89=67

4294+x=67*89

4294+x=5963

х=5963 – 4294

х=1669

(4294+1669):89=67



Топшама 2





  1. (1001 - z)*13=1157

1001 – z=1157:13

1001 – z=89

z=1001 – 89

z=912

(1001 – z)*13=1157.







Топшама 3





  1. 1215 : (71 – у)=27

71 – у =1215:27

71 – у = 45

у=71-45

у=26

1215: (71-26)=27


ІІІ Қорытынды(5 мин)

  • Үйге тапсырма: №360,361

  • Белсене қатысқан оқушыларды толықтай бағалау.


Өзін-өзі бағалау кестесі: (+; -)

Аты-жөні

Үй тапсырма

сын орындап келдім

Өткен материалға толық жауап бердім

Бүгінгі сабақты толық игердім.

Бекіту сұрақтарына дұрыс жауап бердім.

Тақтада есеп шығар

дым

Топшаманы топпен шығардым

Қорытынды баға











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?оз?алыс та?ырыбына м?тінді есептер шы?ару.

Автор: Айшуаков Мерлан Адилович

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 281859


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства