kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?МЖ та?ырыбы "Арифметикалы? прогрессия n-ші м?шесіні? формуласы" (9 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дорогие коллеги!

Я предоставляю вам №1 урок последовательных уроков проведенный по подходу Lesson Study в 9 классе. Исследовали трех учеников. Цель данного исследования заключалась в развитии лидерских и творческих способностей каждого ученика. Активного участие каждого ученика на уроке. Перед этим взяли согласие родителей этих учеников. Взяли интервью у учеников. После этого провели обсуждение и составили план первого урока исходя из потребностей учеников. Урок начался с тренинга пожелание удачи на уроке. Разделились на группы по решению простых примеров на арифметическую прогрессию. Каждая группа выбрала лидера, оценщика, докладчика и тайм-менеджера. Проверка домашнего задания в тетрадях проводилась между парами. Дальше каждой группе задавались вопросы, где лидер руководил процессом. Была работа с учебником, интересные задания связанные с истории развитии числовых последовательностей. Урок достиг цели. Исследуемые ученики постепенно раскрывали свои способности

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?МЖ та?ырыбы "Арифметикалы? прогрессия n-ші м?шесіні? формуласы" (9 сынып)»

Жаңақала мектеп - гимназиясы











Lesson Study үдерісі бойынша 9 "Б" сыныбындағы

тізбектелген сабақтар топтамасының №1сабағы

Тақырыбы:

"Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару"



Сабақты зерттеуші және өткізушісі:

математика пәнінің мұғалімі

Еспентаева Клара Кумаргалиевна

зерттеуші мұғалімдер тобы: тарих пәнінің мұғалімі Г.Ж.Есмагулова,

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Ж.А.Ергалиева



















Жаңақала, 2015 жыл

Бекітемін: ________директоры м.у.а. Л.Т.Кожахметова


Сынып:

Күні:

Пәні:

Пән мұғалімі

9б

30.11.2015

алгебра

Еспентаева Клара Кумаргалиевна

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару.

Жалпы мақсаттары:

1) Арифметикалық прогрессия анықтамасын білу; арифметикалық прогрессияның қасиеттерін және n-ші мүшесі мен айырмасының формуласын білу;

2) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесі формуласын есептер шешуде алгоритмін білу;

3) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру

Сілтеме:

Алгебра 9 сынып оқулығы, әдістемелік нұсқаулығы, дидактикалық материалдар

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұптық, топтық

Әдісі: СТО, ТжД, ДО, ОқуүБ және Оүб, АКТ

Оқыту нәтижесі:

Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын есеп шығаруда қолдана білу. Оқушылар өз бетімен, екеуара, топта жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жеке,топпен жұмыс істей отырып өз ойымен бөліседі, есепті талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.

Дерек көздер

Энциклопедический словарь юного математика. "Педагогика" баспасы,1985 ж., қосымша мәліметтер,

Ресурстар

тапсырмалар, кубик, Блум таксономиясы бойынша бағалау парақтары

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Ұйымдас-тыру кезеңі:

3 мин

Сәлемдеседі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексереді.

Мұғаліммен тұрып сәлемдеседі. Кезекші оқушылардың сабаққа қатысын хабарлайды.

"Шаттық шеңберде"

Тізбектелген тілек ойыны. Әр оқушы тізбектелген тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады .

Топқа бөлу – "Сандар жиыны", "Төртбұрыштар", "Функция графиктері" бойынша топтастыру, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады

Оқушылар бір-біріне тілек тілейді. Өздерінің таңдаған стикерлері бойынша "Сандар жиыны", "Төртбұрыштар", "Функция графиктері" бойынша бірігіп 3 топ құрайды, топ ережесін сақтайды. Топ басшысын, баяндаушысын, бағалаушысы мен уақыт бақылаушысын сайлайды.

Сабақтың ұранымен танысады

"Прогрессия-ілгері қозғалыс, алға ұмтылыс!"


Қызығушы-лығын ояту:

4 мин

Оқушыларға үй жұмысын екеуара дәптерлерін тексерту.

№179, 180

Тарихи шолу: АКТ-дан көрсету

Топ мүшелері екеуара дәптерлерін тексереді, бағалайды. Бағалаушы бағалау парағына топ мүшелерін бағалайды.


Білу


5 мин

«Қайталау - оқу айнасы»

СТО: "Фишбоун" әдісі

Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, топ оқушыларына кезекпен жауап беруі сұралады

1) Арифметикалық прогрессия дегеніміз не ?

2) Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы дейміз ?

3) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы тұжырымдап бер.

4) Арифметикалық прогрессияның

негізгі қасиеті қандай?

5) 2000; 2005;2010; 2015;... -тізбегі, арифметикалық прогрессия бола ма ?

Топтар сұрақтарға кезектесіп жауап береді. Оқушылар арифметикалық прогрессияның формулалары мен қасиеттерін еске түсіреді, талдайды.

Есептер: 1 топ: а1=7; d=4; a10=?

2-топ: a1=24; d=-8; a11=?

3-топ: a1=-32; d=5; a21=?

Әр топ өз есебін шығарады.

Бағалаушы бағалайды.

Формативті бағалау : Барлығы өздерін "Қол саусағымен" бағалайды.










Түсіну

5 мин

СТО "Сұрақты ұстап ал!"

Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап”

1) Сан тізбегі дегеніміз не ? Олардың түрлерін ата

2) Сан тізбегінің берілу тәсілдерін ата.

3) Сан тізбегінің реккуренттік тәсілі, аналитикалық тәсілден қандай айырмашылығы бар?

4) Фибоначчи сандарын білесің бе? Ол тізбектің қай түріне жатады ?

Әр топ сұрақтарға жауап беріп, өз тапсырмасын орындайды



с1

d

n

сn

1,5

-0,2

11

-0,5

-35,6

4

26

64,4

3,1

7

5

24,8






3 мин

Диалогтық оқыту:

Оқушыларға Фибоначчи сандары туралы ой-қозғауды ұсыну.

Фибоначчи сандарының квадрат теңдеуге қатысы

Фибоначчи сандарының заңдылығын зерттеу нәтижесінде, оны сипаттатайтын көпмүше тең. Осыдан квадрат теңдеуді шешудің формулаларын алғаш рет 1202 жылы итальян математигі Леонард Фибоначчи ұсынады. 1544 жылы Штифель квадрат теңдеуді шешудің жалпы ережесін берді.

Оқушылар тақтаға назар аудару арқылы және мұғаліммен пікірлеседі, білімдерін толықтырады, топ мүшелері қажетті деректерді өз дәптерлеріне түсіреді.

Бағалау : "Бағдаршам"

Сергіту сәті

2 мин

Көшбасшы және басқару:

"Макарена" би қимылын жасауды ұсыну

Оқушылар би қимылдарын жасап, сергіп алады. Топ басшысы би қимылдарын бірдей жасағанды қадағалайды

Қолдану,

Талдау

13 мин

Талантылар және дарындылар:

АКТ-дан "Математикалық лото" ойыны

А, В, С оқушыларға деңгейлік тапсырмалар.


"Математика қызықтары"

тест сұрақтары:

1)Қай ғалым күндіз бақша күтуші болып, ал түнде ғылыммен айналысқан?

А)Архимед В) Әл-Фараби С) Пифагор

2) Латынша оны "мисса", үнділер оны "сунья", ал араб математиктері оны "сифр" деп атаған. Ал қазір біз оны қалай атаймыз ?

А) нөл В) бірлік С) миллион

3) 10100 не деп атайды?

А) миллион В) квинтиллион С) гугол


Алған білімдерін қолдана отырып, оқушылар интербелсенді тақтадан тапсырмаларды жеке-жеке орындайды. және бірінші орындап болған оқушы тақтаға жазып, қалғандары онымен бірлесе отырып тексереді

Есептер топтарға бөлініп берілгенімен, оқушылар жеке орындайды. Әр оқушы тапсырманы өзінің шамасы жеткенінше орындайды.

Бағалаушы оқушылардың жауаптарын тексереді және оны талдайды.

Жинақтау

3 мин

Көшбасшылық және басқару:

А, В, С оқушыларына шығармашылық тапсырма береді

Мұғалім бақылаушы болады.

А, В, С оқушылары тапсырма орындайды

Жігер: Сандар тізбектері туралы

Фибоначчи сандарының заңдылығын табиғатта көптеп кездестіруге болады. Мысалы: Өсімдіктер әлемінде жапырақтары сабағына 1/3 толық айналымын жасап орналасуы жаңғақта, 2/5 еменде, 3/8 алмұртта кездеседі. Ананас қабығындағы ұяшықтары, және күбағыс тұқымдары спираль бойымен орналасқан Фибоначчи сандарының орналасу ережесіне сәйкес келеді.

Айсана: Прогрессия дамуына үлес қосқан математиктер:

Прогрессия дамуына үлес қосқан математиктер: Архимед, Диофант, Евклид, Леонардо Фибоначчи, Никола Шюке, Карл Гаусс.

Акнурлы: Прогрессия тұрмыста:

Жұмысшы кафель плиталарын 1-қатарға - 3 плитадан, екінші қатарға 5 плитадан т.с.с. әр қатарда 2 плитадан өсіре бергенде, 7-қатарда неше плитадан болады ?

Бағалаушы жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Бағалау

3 мин

Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау.

Оқушыларға бағаны бағалаушы қойған бағалары арқылы талдап бағалау. Оқушылардың күнделіктеріне бағаларын қою.

Бағалаушы топ мүшелерінің сабақ барысында жинаған барлық ұпайларын қосып бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды. Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

Рефлексия

3 мин

Стикерлер таратып оған оқушылардың көңіл күйін анықтау үшін "Нені білдік?" "Нені оқыдық?" "Не үшін оқыдық?" "Қайда қолданамыз?"

пікірлерін жаздыру

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін,алдына қойған мақсаттарына жеткен-жетпегендігін анықтайды және бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін стикерлерге жазады

Үйге тапсырма

1 мин

ІІ тарау §10, № 182, 183

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.























"Математика қызықтары"

тест сұрақтары:

1) Қай ғалым күндіз бақша күтуші болып, ал түнде ғылыммен айналысқан?

А)Архимед В) Әл-Фараби С) Пифагор



2) Латынша "мисса", үнділер оны "сунья", араб математиктері оны "сифр" деп атаған. Ал қазір біз оны қалай атаймыз ?

А) нөл В) бірлік С) миллион



3) 10100 не деп аталады?

А) миллион В)квинтиллион С)гугол











Шығармашылық тапсырма

А, В, С оқушыларына тапсырма:



Жігер: Сандар тізбектері туралы

Фибоначчи сандарының заңдылығын табиғатта көптеп кездестіруге болады. Мысалы: Өсімдіктер әлемінде жапырақтары сабағына 1/3 толық айналымын жасап орналасуы жаңғақта, 2/5 еменде, 3/8 алмұртта кездеседі. Ананас қабығындағы ұяшықтары, және күбағыс тұқымдары спираль бойымен орналасқан Фибоначчи сандарының орналасу ережесіне сәйкес келеді.





Айсана: Прогрессия дамуына үлес қосқан математиктер:

Прогрессия дамуына үлес қосқан математиктер: Архимед, Диофант, Евклид, Леонардо Фибоначчи, Никола Шюке, Карл Гаусс.






Акнурлы: Прогрессия тұрмыста:

Жұмысшы кафель плиталарын 1-қатарға - 3 плитадан, екінші қатарға 5 плитадан т.с.с. әр қатарда 2 плитадан өсіре бергенде, 7-қатарда неше плитадан болады ?











Бағалау парағы

Топ№________ Бағалаушы:__________________________________

Критерийлері

тапсырмалар

орындауы

Жинаған ұпайы

Оқушының аты






Білу



Үй тапсырмасын орындады

Орындамады

Жартысын орындады

Барлығын орындады

Қосымша тапсырма

0

1

2

3





"Қайталау оқу айнасы" сұрақтарына жауап берді Арифметикалық прогресия туралы және қарапайым есептерін шығару

Жауап бермеді

1 рет жауап берді

2 рет жауап берді

2 реттен аса жауап берді

0

1

2

3





Түсіну

Міндетті деңгей

"Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап" сұрақтарға жауап беру және есептер шығару

Орындай алмады

Жартылай орындады

Түгел орындады

Қосымша тапсырма

0

1

2

3





Қолдану,

талдау

Эвристикалық деңгей

"Математикалық лото"

есептер шығару

Орындай алмады

Жартылай орындады

Түгел орындады

Қосымша тапсырма

0

2

3

4





Шығармашылығы

Шығармашылық деңгей

Математика қызықтары

2-не де қатынаспады

1-не қатынасты

2-не қатынасты

Қосымша мәлімет берді

0

1

2

3





Жинақтау

Арифметикалық прогрессия тарыхынан


0

1

2

3

2

3

4

5





Бағалау

Оқуды бағалау.

Ұпайларын қосып, қорытынды бағаны шығару

баға "2"

"3"

"4"

"5"

0-2

3-9

10-15

16-21







Сабақты бірлесіп талқылап құру сәтінен



Сабақ басында бір-біріне жылы лебіз айтып, сәттілік тілеу

Әр топ өз тапсырмасын орындау үстінде

Бақылаушы мұғалімдер зерттеліп жатқан А, В, С оқушыларын іс-әрекеттерін бақылауда

Зерттеудегі А, В, С оқушылар шығармашылық, қолданбалы есептері бар жұмыстарынмен таныстырып қорғауда





Жаңақала мектеп - гимназиясы













Ашық сабақ тақырыбы:

"Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығару"

9 «Б» сыныбы

Сабақты өткізген:

математика пәнінің мұғалімі

Еспентаева Клара Кумаргалиевна

























Жаңақала, 2015 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?МЖ та?ырыбы "Арифметикалы? прогрессия n-ші м?шесіні? формуласы" (9 сынып)

Автор: Еспентаева Клара Кумаргалиевна

Дата: 10.12.2015

Номер свидетельства: 264751


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства