Просмотр содержимого документа
«?айталау К?бейту мен б?лу »
Математика
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Кестелік көбейту және бөлу. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың кестелік көбейту және бөлу тәсілдерімен түрлі тақырыптарды меңгерту, пысықтау. Дамытушылық: оқушылардың ақыл - ойын, ой - өрісін дамыту; Ауызша жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасай отырып, өзінің де өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа әдемілікке, әсемдікке баулып эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, сұрақ - жауап. Көрнекілігі: кестелер, суреттер, қима қағаздар, сандар. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз.
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге.
Құрметпенен біз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Қайталау сабақ.
Дәптерімізді ашайық. Бүгінгі күнімізді жазайық.
Тақырып: Қайталау. Кестелік көбейту және бөлу.
Көркем жазу: 126 санын жазамыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Кіріспе.(зәулім әдемі үйдің суреті корсетіледі) - Балалар, мына әсем, әдемі үйге назар аударайық. Бұл, үйдің ішінде әдемі сиқырлы сыйлыққа толы сандықша бар. Сол сандықшаны іздеп табуымыз қажет. Ол үшін есепке жүйрік, тапсырмаларды жақсы орындауымыз қажет. Ендеше іске сәт. 1) Иттің тапсырмасы: топпен жұмыс
№1 Салыстыру.
1-топ 2-топ 1 сағ 34 мин * 89 мин 2 сағ 3 мин * 120 мин
Үйдің ішіне кіру. Сандықшаны іздеу. Үйдің ішінде үш бөлме бар екен.(сурет көрсетіледі) Сол бөлмелерден іздеу.
1 – ас бөлме.( математикалық диктант)
200*3 98*1 0*65 4*4
500:5 22:1 0:4 43:43
2 - жатын бөлме. Жеке – дара тапсырма: кіру үшінде тапсырманы орындау қажет. Өздік жұмыс. №4. Фигуралардың ауданын табу.
Тік төртбұрыш өлше. Ауданын табу.
Ұзындығы – 4см, ені – 3см. S-? 4см
S= а*в 3см
S= 4см * 3см = 12 см ²
Тапсырмалар өте жақсы орындалуда, бірақ сандықша бұл бөлмелерден табылмады. Ендеше 3 - бөлмеден іздеп көрейік. Ол үшін 3 - бөлменің тап сырмасын орындаймыз.
3- Демалу бөлмесі.
Сергіту сәті: «қызыл өрік» биі. Барлығын жаттығу жасауға шақыру.
4 - қонақ бөлменің тап сырмасын орындаймыз «Кім жылдам?»
№5 Теңдеулерді шеш:
а : 3 = 7 С * 7 = 600+30
Жарайсыңдар! Міне 3 - бөлмеден сандықшаны таптық. Сандықша өте әдемі екен. Сандықшаны ашып, ішіндегі сыйлықты алайық. Бірақ сандықшаның кілті тотықұстың аузында (сандықша, тотықұстың суреті, көрсетіледі)
Тотықұстың тапсырмасы.
Логикалық:
Әсем бір сан ойлады. Ол санды 8 – дің жартысына есе арттырды. Сонда 16 саны шықты. Әсем қандай сан ойлады?
Жарайсындар! Сыйлықты жақсы көретіндерің көрініп тұр. Сыйлықтар барлықтарыңа жетеді.
Сандықтан музыкалық аспаптардың суреттері бейнеленген. Сол суреттердің артқы бетінде үйге тапсырма жазылған. Аспаптардың аттарын тауып , есептерді шығару. --- сыйлықтар таратылып беріледі.
Қорытынды:
- Сонымен біз бүгін қандай тақырыпта есептер шығардық?
- Қайдай тапсырма сендерге қиын болды? Ендеше қорытындылай келе тест тапсырмасын орындаймыз.
Тест (кілті)
2 тәулікте қанша сағат бар?
а) 24 сағ.
ә) 36 сағ
б) 48 сағ
2) Қай амал бірінші орындалады? 6*5 + 30 : 3
а) көбейту
ә) қосу
б) бөлу
3) Дұрыс жауапты тап: 100 : 10
а) 10
ә) 1
б) 100
4) с – нешеге тең. с * 4 = 20
а) 4
ә) 1
б) 5
Жауап кілті:
1) б
2) а
3) а
4) б
Бүгінгі сабақтан қандай көңіл күй алдыңдар? Ендеше жапсырмалар арқылы көрсетейік.
Бағалау: Оқушылар бағалау парақшалары арқылы өздерін бағалайды .
Тақырыбы: Қайталау. Өткенді пысықтау. Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Бағандап бөлу және көбейту бойынша алған білімдерін тиянақтау. Тез көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын ұшқырлату. Оқушылардың логикалық ойлау ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Оқушыларды тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз Отанын қорғай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қайталау сабағы Сабақты өткізу әдісі: пысықтау, сұрақ - жауап, өздік жұмыстары. Пәнаралық байланыс: дүниетану пәні, ана тілі Сабақтың көрнекілігі: соғыс туралы суреттер, фишкалар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. - Психологиялық дайындық жүргізу. - Сабақтың мақсат - міндетін айту. Қызығушылықтарын ояту. Ауызша есептер шығару. Тапсырманың дұрыстығына қарай оқушыларға фишкалар үлестіру. Қайталау сабағы. Ұлы Отан соғысы туралы сөздік жұмысын жүргізу. Әр топ өз білгендерін әңгімелейді. Суртепен жұмыс. Суретте соғыс қиындықтарын бейнелейтін сәттер. Оқулықпен жұмыс. №1. Танкілердің тапсырмасы. Өрнектердің мәндерін тап. 123х3=369 120х6=720 4х108=432 480: 3=160 693: 3=231
№2. Сөз есептер шығару. С.- 952? артық Т.-? 4 есе кем 1. 952: 4= 238 (Т) 2. 952 - 238=714 (С) Ж: 714 сарбаз артық Сергіту жаттығуын орындау. №3. Қ.- 565 г.? гүл Қойылғаны - Әрқ. 5 р. 87 г. 1. 5х87=435 (р) 2. 565+435=1000 (г) Ж: барлығы 1000 гүл қойылды. №4. Кемелердің тапсырмасы. Өрнектердің мәндерін тап. 654: 2+223=550 315: 5+137=200 840 - 812: 4=203 637: 7 - 51=40 №6. Өрнектердің мәндерін тап. Ойын түрінде өткізу. 684: 2+650=992 964см: 4 - 41см=200 см 900 - 327х2=256 138 кг х2+24 кг=300 кг 830: 2+560=975 700 г + 96 г х 3=988 г 741: 3 - 147=100 310 л+380л: 2=500 л №9. Баған түрінде бөлуді орындау. Қорытынды. Соғыс туралы оқушының жазған шығармасын оқу. Суретпен жұмыс. Оқушылардың қазіргі Қазақстанға деген тілектерін тыңдау. Үйге тапсырма. 278 бет №5 есеп. Бағалау. Оқушылардың жинаған фишкаларын санап, бағалау.