Просмотр содержимого документа
«ИФМ-бизнес әлемінде»
ИФМ-бизнес әлемінде
Байділдаева Г.Ж.
Тараз қаласы, №47 орта мектептің
математика пән мұғалімі
Мақсаты:1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене
білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,
күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Ойынның керекті құрал- жабдықтары мен көрнекілігі: Мультимедиалық құрылғылар (компьютер, интерактивті тақта т.б),түрлі түсті суреттер нөмірленген үлестірмелі қима қағаздар Рower Point бағдарламасында құрылған слайдтар, марапаттау грамоталары,
Түрі: Топтық сайыс
Жүргізілу барысы: I. Кіріспе сөз ( мұғалім сөзі)
Ойын жоспары:
1) Капитал қорын жинау
2) Қаржылық операциялар жасау
3) Тәуекелге бел буу
4) Капитал қорын салу
5) «Ең үздік кәсіпкер»
Сайысқа 10 сынып оқушылары қатысады. Топта өз банкиры болады, ол жиналған капиталдың есебін жүргізіп отырады.
Ойын барысы:
1-оқушы:
Жас,достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың,қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
2-оқушы:
Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Физика емей немене?
3-оқушы:
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай-адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене?
4-оқушы:
Геометрия ғылым болып
Грекияда қаланған
Содан кейін Азия мен Европаға тараған
Пифагорды кім білмейді даңқы шыққан әр елге
Аты-шулы теоремасы тарап кетті әлемге
5-оқушы
Бұл өмір құралған қашанда есептен
Айнала қарасаң бәрі де есеппен
Белгісіз ғаламның құпия сырларын
Тек қана шешеміз бәріміз есеппен
( «Жаңа ғасыр - Қазақстан» әні.)
І-жүргізуші
-Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жыр салайық
Бүгінгі кеш төрінде
ИФМ елінде
ИФМ-нің тілінде
Есеп шешіп жарысып.
ІІ-жүргізуші
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Білімді оқушыларды халайық,
Қол соғып қарсы алайық! -дей отырып ойынымызға қатысатын оқушыларды құрметтеп қояйық.(Әр топ өз тобының атын, ұранын айтады)
І-жүргізуші
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың–деп сайысымыздың І бөліміне көшейік:
І. Капитал қорын жинау
Әр дұрыс жауапқа 1000теңге беріледі. Әр топ кезекпен жауап береді. Егер дұрыс жауап болмаса ақша алмайды.
1. Атадан он баламыз, бір-бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз, азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз, көбейіп те аламыз (натурал сандар)
2.Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшейтін (бит)
3.Пайдаланады мені жұрт
Отын менен жарыққа
Қызмет етемін әрқащан
Түсіне білген адамға (ток)
4.Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады?
ІІ-жүргізуші
Ең бастысы орын емес жарыста
Терең білім, жеңу шарты сайыста
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз
Өмірде де жетерің хақ табысқа
ІІ. Қаржы операциялар жасау
(Әр ұтысқа 5000 тг)
1) Капиталыңыз екі еселенді (Жылдың неше айында 28 күн бар? Жауабы: Барлық айда)
2) Шипажайға жолдама ұттыңыз (Әсем пойыздың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон болған? (13)
3) Офис жөндеуге қаржы бөлінді (Қамар, Ғалия, Орынша үш қыздың әрқайсысы аю, қоян, пілдерін ойнап тықты. Қамар қоянды тыққан жок. Орынша қоянды да, аюды да тыққан жоқ. Кім қандай ойыншықты тықты? Қамар аюды, Орынша пілді, Ғалия қоянды тықты.)
Көрермендермен қаржылық операциялар жасау:
1) Сіз туған күніңізге сыйлық алдыңыз (математикалық формула)
2) 5% несие алдыңыз (Теңізде қандай тастар жоқ?)
3) Көлік ұттыңыз ( 10 м сатыдан секіріп, қалайша жараланбауға болады? Сатынан ең төменгі сатысынан секіру керек)
4) жаңа жылдық сыйлық ( Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап)
І-жүргізуші
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты
Ол, еңбектену, жалықпау
ІІІ. Тәуекелге бел буу. Әр сұраққа 2000 тг. (музыка ойнап тұрады)
1.1993 жыл (теңге)
2.2017 жыл (экспо)
3. 1986 жыл (желтоқсан оқиғасы)
4.2015 жыл (қазақ хандығына 550жыл)
5.2011 жыл (Азиада олимпиадасы)
6.2008 жыл (Астана)
Әр топ жылдар мен суреттердің сәйкестігін табу керек.
«Туған жерді сағындық» әні. Орындайтын: Сағындық Ұлпан.
ІҮ. Капитал қорын салу 20000 тг.
Әр топ банкіден акциялар сатып алады. Әр топ пакеттегі тапсырмаларды орындайды.
Ауыл шаруашылығы
Сауда
Құрылыс
Білім
Ауылшаруашылығы:Үш жер участкесінің ауданы 60га.Бірінші участкенің ауданы барлық учаскелер ауданы 20 пайызына тең.Екінші және үшінші учаскелердің аудандарының қатынастары 2:6 қатынасындай.Учаскелердің әрқайсының аудандарын табыңдар.
Сауда: 3 алма мен 2 мандарин бірігіп 255 г тартады. Ал 2 алма мен 3 мандарин бірігіп285 г.
Барлық алмалардың салмақтары бірдей және мандариндердін де салмақтары бірдей. 1 алма мен 1 мандарин қанша тартады?
Құрылыс: Бөлменің қабырғаларына ені 0,5 м болатын 72 м түс қағаз жапсырлады. Егер түс қағаздын ені 0,6 м болса, осы бөлменің қабырғаларына жапсырушы үшін неше метр түс қағаз керек?
Білім (физика пәнімен байланыстыр):
1) Таң атпайын десе күн қоймайды.
2) Неліктен су отты сөндіреді?
V. «Ең үздік кәсіпкер» (балық сату)
ІІ-жүргізуші
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.
VI. Қорытындылау, марапаттау(«Көк тудың желбірегені» әні)