Просмотр содержимого документа
«"Есептер шы?ару " саяхат саба? »
Сабақтың тақырыбы: Есептерді шығару.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Керуенмен саяхатқа шығу арқылы, «Толтырылу жылдамдығы», «қашықтау жылдамдығы» сөздерін пайдалана отырып, есептерді шығаруға үйрету, машықтандыру, алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
Дамытушылық: Қозғалысқа берілген есептерді тез және дұрыс есептеуге дағдыландыру. Таным-белсенділіктерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды қонақжайлылыққа, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Көрнекіліктер: ҚР картасы, қоржын, керуен суреттері, слайдтар.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ауызша есептеу.
ІІІ. Жаңа сабақ. Есептер шығару.
ІV. Сергіту сәті.
V. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Слайд №3:
– Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
(Оқушылар орындарына отырады).
– Балалар, бүгінгі математика сабағымыз ерекше түрде өтеді. Біз сендермен бірге саяхатқа шығамыз.
– Қазіргі уақытта саяхатқа немен шығуға болады? (ұшақпен, пойызбен, автобуспен...). – Ал біздің ата-бабаларымыз бұрынғы кезде түйемен, ат арбамен бір ауылдан екінші ауылға той-думанға барып тұрған. Бүгінгі таңда біз ата-бабаларымыздың дәстүрін, салттарын жалғастырушы ұрпақ болғандықтан, біз де саяхатқа керуенмен шығамыз. (Керуеннің суретін тақтаға ілу – слайд №3).
– Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Керуенге орнығып отырып алайық.– Халықта “Қазақ қонақсыз болмайды” деген сөз бар. Ол біздің еліміздің қонақжайлылығын білдіреді. Осы керуенмен біз көптеген қалаларға қонаққа барамыз және әр қала дайындаған тапсырманы орындауға тырысамыз. Балалар, Қазақстан Республикасы неше облысқа бөлінген?
(14 облысқа бөлінген).
Біз Ақтау қаласына келдік. Ол біздің Маңғыстау облысының орталығы (слайд № 4)
Біздің бүгінгі мақсатымыз – Ақтау қаласынан батыста, солтүстікте, шығыста орналасқан қалаларды өтіп, біздің бас қаламыз - Астанаға жету.
ІІ. Ауызша есептеу.
- Біз Ақтау қаласынан Атырау қаласына аттандық. Шығарып тұрғанда Ақтау қаласының тұрғындары бізге арналған тапсырманы қоржынға жасырып қойыпты. Қоржын ішінде сұрақтар. Бұл сұрақтар мынадай (слайд №5):
- Қозғалысқа берілген есептерді шығару барысында қандай шамаларды пайдаланамыз? (жылдамдық, уақыт, қашықтық).
- Жылдамдық дегеніміз не? Оны қалай табамыз?
(Жылдамдық – уақыт бірлігі ішінде жүріп өткен қашықтық. v=s:t).
- Орындалған жұмысқа берілген есептерді шығару барысында қандай шамаларды пайдаланамыз? (өнімділік, уақыт, жұмыс).
- Өнімділік дегеніміз не? Оны қалай табамыз?
(Өнімділік – уақыт бірлігінде істелетін жұмыс. v=А:t).
(Оқушылар кезекпен тұрып, сұрақтарға жауап береді).
–Қала тұрғындары жауаптарыңа риза, сендерге өз сәлемдемелерін жолдады. (Оқушыларға дұрыс жауап үшін жұлдызшалар тарату).
Біз Атырау қаласына жеттік (слайд № 6).
Келесі бағытымыз – Орал қаласы.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Толтырылу жылдамдығы», «қашықтау жылдамдығына» есептер шығару.
№ 1 есеп.
Есептерді шығар. Олардың берілуі мен шешуін салыстыр. «Толтырылу жылдамдығы», «қашықтау жылдамдығы» сөздерін пайдалана отырып, есептердің қандай ұқсастығы барын түсіндір.
Слайд №7:
а) Бір ауылдан бірдей уақытта бірінен бірі қарама - қарсы бағытта екі жаққа екі салт атты жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 20км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 30 км/сағ. Неше сағаттан кейін олардың арақашықтығы 300км болады?
- Оқушылар, есеп не туралы? Не белгілі? Нені табуымыз керек?
- Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, әр сағат сайын салт аттылардың арақашықтығы қалай өзгеріп тұрады, қашықтайды ма, әлде жақындай түседі ме?
- Әр сағат сайын неше километрге қашықтай түседі?
+ 20 = 50 (км/сағ) – қашықтау жылдамдығы.
-Егер бір сағатта 50 км-ге қашықтаса, онда 300 км-ді неше сағатта жүріп өтеді?
300 : 50 = 6 (сағ).
Шешуі:
30 + 20 = 50 (км/сағ)
300 : 50 = 6 (сағ)
Жауабы: 6 сағаттан кейін арақашықтығы 300 км болады.
- Балалар, есепті дұрыс шығарып, біз Орал қаласына да жеттік (слайд № 8)
- Ендігі бағытымыз – Ақтөбе қаласы. Оған жету үшін келесі есепті шығаруымыз керек.
Слайд № 9:
ә) Бассейн екі құбырдың көмегімен суға толтырылды. Біріншы құбыр суды 20 м3/сағ жылдамдықпен, ал екінші құбыр 30 м3/сағ жылдамдықпен толтырады. Неше сағаттан кейін бассейндегі судың көлемі 300 м3 болады?
- Оқушылар, есеп не жөнінде? Не белгілі? Нені табу керек?
- Бір сағатта екі құбырдан неше м3 су ағады? Қалай табамыз?
30 + 20 = 50 (м3/сағ) – толтырылу жылдамдығы.
Ал көлемі 300 м3 болатын су неше сағатта толтырылады?
300 : 50 = 6 (сағ).
Шешуі:
30 + 20 = 50 (м3/сағ)
300 : 50 = 6 (сағ)
Жауабы: 6 сағаттан кейін бассейндегі судың көлемі 300 м3 болады.
Балалар, екі есептің ұқсастығы неде? (шешулері бірдей).
Балалар, біз Ақтөбе қаласына да жеткен екенбіз (слайд № 10).
Енді біз бағытымызды Қостанай қаласына бұрайық. Оған жету үшін келесі есепті шығарайық.
№ 2 есеп.
Есептерді шығар. Олардың берілуі мен шешуін салыстыр. «Босау жылдамдығы» мен «жақындау жылдамдығы» сөздерін пайдалана отырып, есептердің ұқсастығы барын түсіндір.
Слайд № 11:
а) Екі салт аттының арақашықтығы 300 км. Бірінші салт атты 20 км/сағ, ал екінші салт атты 30 км/сағ жылдамдықпен бір бағытта жүрді. Неше сағаттан кейін екіншісі біріншісін қуып жетеді?
Оқушылар, екі салт аттының арақашықтығы сағат сайын қалай өзгеріп тұрады? Салт аттылар бір-біріне жақындай түсе ме, әлде бір-бірінен қашықтай түсе ме? (Жақындай түседі).
Неліктен? (Себебі екінші салт аттының жылдамдығы бірінші сал аттының жылдамдығынан үлкен).
Бір сағатта неше километрге жақындай түседі? (10 км-ге)
Неше сағаттан кейін екінші салт атты бірінші салт аттыны қуып жетеді? (30 сағатта).
Қалай таптыңдар? (300 : 10 = 30 (сағ)).
Шешуі:
30 – 20 = 10 (км/сағ)
300 : 10 = 30 (сағ)
Жауабы: 30 сағаттан кейін екінші салт атты бірінші салт аттыны қуып жетеді.
Оқушылар, біз Қостанай қаласына жеттік (слайд № 12)
Енді біз Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласына бет алдық. Оған жету үшін келесі есепті шығару керек.
Слайд № 13:
ә) Бассейнге су құятын екі құбыр да ашық тұр. Су бірінші құбырдан 30 м3/сағ жылдамдықпен құйылады, ал екінші құбырдан 20м3/сағ жылдамдықпен сыртқа төгіледі. Екі құбырды ашқан кезде бассейн бос болатын. Бассейнде неше сағаттан кейін 300 м3 су болады?
- Есеп не туралы? Не белгілі?
- Бір сағатта бассейндегі су көлемі көбейеді ме, әлде азаяды ма? (Көбейеді, себебі құйятын су құбырының жылдамдығы үлкен).
- Бір сағатта судың көлемі неше м3 көбейеді? (10 м3-ке).
- Қалай таптыңдар? (30 – 20 = 10 (м3/сағ)).
- Бассейнде неше сағаттан кейін 300 м3 су болады? (30 сағаттан кейін).
- Қалай таптыңдар? (300 : 10 = 30 (сағ)).
Шешуі:
30 – 20 = 10 (м3/сағ)).
300 : 10 = 30 (сағ)
Жауабы: 30 сағаттан кейін бассейнде 300 м3 су болады.
Балалар екі шығарылған есептердің қандай ұқсастығы бар? (шешуі бірдей).
Оқушылар, біз Петропавл қаласына да жеттік (слайд № 14)
Енді біз Павлодар қаласына бет алдық. Оған жету үшін келесі есепті шығару керек.
Слайд № 15:
№ 3 есеп.
а) Назым 1 сағат ойнады. 15 минут жүгірді, ал қалған 45 минутта роликпен сырғанады. Сағаттың қандай бөлігінде Назым жүгірді, ал қандай бөлігінде роликпен сырғанады?
Шешуі:
1 сағат = 60 минут
60 : 15 = 4 - бөлігінде жүгірді,
45 : 15 = 3 - бөлігінде роликпен сырғанады
Жауабы: Назым сағаттың бөлігінде жүгірді, ал сағаттың бөлігінде роликпен сырғанады.
Балалар біз Павлодар қаласына жеттік (слайд №16). Қаланы аралап, тамашалап, бір сергіп қалайық.
ІV. Сергіту сәті (слайд №17)
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз.
Біраз тынықтын, саяғатымызды одан қарай жалғастырайық. Алған бағытымыз –Өскемен қаласы. Келесі есепті шығарайық.
Слайд №18
№ 4 есеп.
а) Екі құрылыс бригадасының әрқайсысы 2 240 км теміржол салуы керек. Бір аптада біріншісі 16 км, ал екіншісі 14 км жол салды. Бірінші бригада екінші бригададан неше аптаға озып кетті?
Бір аптада салған жол ұзындығы
Апта саны
Барлық салынған жол ұзындығы
1 бригада
16 км
?, неше аптаға кем
2 240 км
2 бригада
14 км
?
2 240 км
Балалар, егер бір аптада салған жол ұзындығы және барлық жол ұзындығы белгілі болса, нені табуға болады? (Неше аптада жолды салып болатынын).
Бірінші бригада екінші бригададан неше аптаға озып кетті? Қалай табамыз?
160 – 140 = 20 (апта)
Шешуі:
2 240 : 16 = 140 (апта) – 1 бригада
2 240 : 14 = 160 (апта) – 2 бригада
160 – 140 = 20 (апта)
Жауабы: Бірінші бригада екінші бригададан 20 аптаға озып кетті.
Міне, Өскеменге де келдік (слайд № 19). Енді біз Облыс орталығы Талдықорғанға және оңтүстік астанамыз – Алматыға бет бұрайық. Ол үшін келесі есепті орындайық.
№ 5 есеп (ауызша) (слай №20)
Шамшырақ сататын дүкенде тауардың бағасы жеңілдетілді. 12 000 теңгеге қандай екі зат сатып алуға болады?
Тауарлардың атауы
Бастапқы бағасы (Б.б.)
Жеңілдік мөлшері
Жаңа бағасы
Үстел үсті шамы
3 600 теңге
Б.б-ның бөлігі
Торшер
7 500 теңге
Б.б-ның бөлігі
Шамдал
18 500 теңге
Б.б-ның бөлігі
Шырақ
3 900 теңге
Б.б-ның бөлігі
Санның үлесін қалай табуға болады? (Берілген санды үлеске бөледі)
(3600 : 4 = 900 (теңге)
(7500 : 5 = 1500 (теңге)
(18500 : 2 = 9250 (теңге)
(3900 : 3 = 1300 (теңге)
Тауарлардың жаңа бағасын қалай табамыз? (бастапқы бағадан жеңілдік мөлшерін азайту керек).
3600 – 900 = 2700 (теңге)
7500 – 1500 = 6000 (теңге)
18500 – 9250 = 9250 (теңге)
3900 – 1300 = 2600 (теңге)
Қандай екі затты 12 000 теңгеге сатып алуға болады?
2700 + 9250 = 11 950 (теңге) – үстел үсті шамы мен шамдал
2600 + 9250 = 11 850 (теңге) – шырақ пен шамдал.
Жауабы: 12 000 теңгеге үстел үсті шамы мен шамдалды немесе шырақ пен шамдалды сатып алуға болады.
Міне, біз Талдықорғанға, содан кейін Алматыға келдік (слайд № 21, №22 ).
Қарағандыға жету үшін келесі есепті шығарайық.
№ 6 есеп (слайд №23)
а) Екі әуежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі ұшақ әуеге көтерілді. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші ұшақтың жылдамдығы 600 км/сағ, ал екінші ұшақтың жылдамдығы 900 км/сағ. Екі әуежайдың арақашықтығын тап.
Ұшақтың жылдамдығы
Уақыт
Қашықтық
Екі әуежайдың арақашықтығы
1-ші ұшақ
600 км/сағ
3 сағат
? км
?
2-ші ұшақ
900 км/сағ
3 сағат
? км
Шешуі:
600 + 900 =1500 (км/сағ) – жақындау жылдамдығы
(км)
Жауабы: Екі әуежайдың арақашықтығы 4500 км.
Міне, Қарағанды қаласына келдік (слайд № 24).
- Ендігі біздің бағытымыз – Қазақстанымыздың бас қаласы – Астана. Бізді келесі есеп күтіп тұр.
№ 7 мысал (слайд №25)
Жазбаша есепте.
87 670 900 – 807 698 =
9 869 + 53 322 + 7 609 =
290 034 : 786 =
Біз әсем қала Астанаға келдік (слайд № 26). Саяхатымыз ұнады ма?