Просмотр содержимого документа
«Есептер шы5ару 5 сынып »
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Қайталау. Сыныбы: 5 Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылар өткен сабақтағы білімін тиянақтау, жүйелеу, ережені түсініп жаттау есеп шығаруда қолдану. Тәрбиелігі: Жолдастарының алдында жауапкершілік сезімін арттыру, ұқыптылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлік дағдыларын арттыру, топпен жұмыс жасай білуге, өз білімін практикамен ұштастыру. Сабақтың түрі: Практикалық сабақ Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту, Сұрақ - жауап, Сауалнама Көрнекілігі: топқа арналған тапсырмалар, жедел тест, ауызша есептер, логикалық есеп. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру • Оқушылармен амандасу; • Түгелдеу; • Сабаққа дайындығын қадағалау;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру А) Ой қозғау. «Е р е ж е» сұрау. Барлық оқушыларды 3 топқа бөлем. Әр топтың жеке тапсырмасы: 1 - топ. Шеңбер. Дөңгелек. Бөлгіш. Еселік 2 - топ. Бұрыш. Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі. 3 - топ. Қосумен көбейтіндінің ауыстырымдылық терімділік қасиеттері. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Сан өрнек. әріпті өрнек Осы тапсырмалар бойынша оқушылар ереже айтады. Ә) )№ 179 № 181 есептерді тексеру
ІІІ. Қайталау • М а т е м а т и к а л ы қ д и к т а н т А. 0, 2, 4, 6, 10, 15, 18 – арасынан 36 санына бөлгіштерінің астын сыз. Б. 6, 9, 10, 15, 16, 29 - сандарында 3 - ке еселі сан. В. 38 санының бөлгіштерін жаз. Г. 8, 9, 10, 15, 12, 24, 45 - 45 санына бөлгіштерінің астын сыз.
Сергіту сәті Оқушыларды түгел орнынан тұрғызып «Жаңылмаймын»ойынын ойнатамын. • А у ы з ш а е с е п т е р. бөлгіштерін ата. Нешеу? 37 20 11 1 31 12 18 2 14 21 25 5 • Ж е д е л т е с т Натурал сандардың бөлінгіштігі
1 - нұсқа 1. 15*14*3 көбейтіндісі 5 - ке бөлінгіштігін анықта: А. 5(3*14*3); В. 15(3*14); С. 14(3*4); Д.(7*2*5) 3; 2. 12 санының еселіктерін тап. А. 24, 36, 48; Б. 2, 3, 4; С. 12, 16, 18; Д. 24, 48, 100; 3. (96 - 72): 8; А. 12*8 - 12*8=8*12; В. 12*8 - 9*8=8*5; С. 12*8 - 9*7=8*3; Д. 12*8 - 9*7=8*5; 4. теңдеуді шеш: 87:(4х+5)=3; А. 5 В. 3 С. 7 Д. 6 5. 39х+18х - 27х+56 өрнегін ықшамдап, х 12 болғандағы мәнін тап. А. 30х+56 В. 416 С. 1032 Д. 98 2 - нұсқа 1. 117 - 65 айырмасының 13 - ке бөлінгіштігі А. 13*9 - 13*5=13*4 В. 13*9+13*5=13*4 С. 13*9 - 13*5=13*4 Д. 13*8 - 13*5=13*3 2. 13 санының еселіктері А. 39, 52, 26 В. 39, 76, 112 С. 1, 13 Д. 13, 33, 52 3. 2х+87=93 теңдеуін шеш. А. 3 В. 6 С. 5 Д. 2 4. 15*77*2 көбейтіндісі 11 - ке бөлінгіштігін анықта. А. 5(3*44*3) В. 11(15*7*2) С. 11(3*14*3) Д. 5(3*2*3) 5. Өрнектің мәнін тап. 12а - 3а+586 мұндағы а=7 А. 647 В. 649 С. 469 Д. 646 3 - нұсқа 15*14*3 көбейтінді 7 - ке бөлінгіштігін анықта: А. 5(3*14*3) В. 7(2*15*3) С. 14(3*4) Д. (7*2*5)*3 2. 13 санының еселіктері болып табылады. А. 26, 39 В. 2, 3, 4 С. 12, 16, 18 Д. 24, 48, 100 3. Теңдеуд шеш 3(35 - х)=63; А. 21 В. 14 С. 3 Д. 12 4.(95 - 70): 5; А. 19*5 - 14*5=5*5 В. 12*5 - 9*5=8*5 С. 12*8 - 9*7=5*3 Д. 12*8 - 9*7=8*5 5. 18х+11х - 27х+32 өрнегін ықшамдап, х=12 болғандағы мәнін тап. А. 56; В. 27; С. 12; Д. 66; Тест жауаптары: Нұсқа Тапсырма ---1 2 3 1 А А В 2 А А А 3 С А В 4 Д В А 5 В В А
• О қ у л ы қ п е н ж ұ м ы с. Деңгейлік тапсырма бойынша №180 № 190 №189 Л о г и к а л ы қ е с е п. Әр топтың жеке тапсырмасы: 1 - топ. 1 - ден 100 - ге дейінгі натурал сандардың жазылуында 9 цифры неше рет кездеседі? 2 - топ. Әсем пойыздың басынан санағанда 7 вагонға мінді. Ал Айгул пойыздың соңынан есептегенде 7 - вагонда отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. пойызда неше вагон болған? 3 - топ. 1 - ден 100 - ге дейінгі натурал сандардың жазылуында 7 цифры неше рет кездеседі? ІҮ. Үй жұмысы: Ү. Бағалау. Оқушылар өзін - өзі бағалайды. Сабақтың басында бағалау парағы беріледі