Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуге есептер шығару
Сыныбы: 6Г
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешуде түрлі әдістер пайдалану және тиімді жолмен есептер шығару, оқушылардың пәнге деген қызушылығын арттыру. Математикалық тілде сөйлеу.
Дамытушылық: Оқушыларды логикалық түрде, шығармашылық түрде ойлауға ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа , реттілікке, ұқыптылыққа және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Пысықтау және есептер шығару сабағы.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы, плакаттар, тан фигуралары
Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру. Топтасады
Әр топтан топ басшысы топтарға жылы лебіздер айтады.
Сабақтың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
II. Үй жұмысын тексеру.
Сұрақ-жауап стратегиясы
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуге анықтама беріңдер?
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін айтыңдар?
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімі дегеніміз не?
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін қалай салады?
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің қай уақытта шешімі болмайды?
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің қай уақытта шексіз көп шешімі болады?
у-тің коэфициенті (b=0) болса теңдеудің графигі қандай сызық?
III. Тақырыпты пысықтау
Тақтада жабулы есіктің суреті тұрады. Бұл есікті ашу үшін бізге бірнеше кілт қажет, яғни есіктің ар жағында есептің шешімі бар деген сөз. Барлық топтарға бірдей бір есеп таратылады, оқушылардың мақсаты, әр топ есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарып, бір шешімге келу.
Есептің шарты:
1 топ: Графиктік тәсілмен шығарады
6х+5у=6 (0; 1,2) және (1;0)
х
0
1
у
1,2
0
2х+у= - 2 (0;-2) және (-1;0)
х
0
-1
у
-2
0
Екі түзудің қиылысу нүктесі осы теңдеулер жүйесінің шешімі болады: (-4; 6)
2 топ: Алмастыру тәсілімен шығарады
6х-10-10х=6
-4х=6+10
-4х=16
х=-4
Жауабы: (-4; 6)
3 топ: Қосу немесу азайту тәсілімен шығарады
2у=12
у=6
Жауабы: (-4; 6)
IV. Танграм ойыны.
Танграм ойыны аңыз бойынша 18 ғасырда ежелгі Қытай елінде Тан атты философы ойлап тапқан. Барлық қабырғалары бірдей қағазды 7 бөлікке бөлген. Нәтижесінде 2 үлкен, 1 орташа жән 2 кішкентай үшбұрыш; 1 квадрат және 1 параллелограмм пайда болады. Осы қағаздардан әр түрлі фигуралар жасауымыз керек.
Топтарға 7 үлестірмелі қағаздар таратылады, ол есептерді тақтада шығарады. Жауаптары тан бөліктерінің артында жазулы болады. Сол бөліктерді тақтада құрастыруы тиіс. Құрастырылған фигураның аты айтылады.
Кітаппен жұмыс. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс ретінде А тобының есептері шығарылады № 1497, № 1498
№ 1497 (1,2) және № 1498 (1,2)
1) 2) 3) 4)
Қабілеті жоғары оқушылар үшін шығарылатын есесптер В тобы
№ 1510 1) 2) 3)
V. Сергіту сәті
Бір топтан бір оқушы шығады. Оқушы топтарға теріс қарап тұрады, сол уақытта мұғалім қалған оқушыларға жасырын сөзді көрсетеді. Мысалы: жасырын сөз «координаталық жазықтық». Оқушылар осы жасырын сөзді пайдаланбай оған, ереже айту арқылы, немесе басқада синоним сөздерді пайдалану арқылы ол қандай математикалық термин екенін түсіндіру керек.
VI. Ойланайық
с – ныңқандай мәніндетеңдеулержүйесініңшексіз көпшешімдеріболады?
VI. Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма: № 1497 (3,4) ; № 1498 (3,4)
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегіңде болсын кез– деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі сабақтағы еңбектеріңе рахмет айта отырып, келесі сабақтарға табыс тілеймін.
Тақырыпты үйрену маңызды ма?
Оқушыларды бағалау. Мұғалімнің бағалауы, өзін өзі бағалау.