kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Геометриялық фигуралардың құрылымдары туралы түсунік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Геометриялык фигуралардын турлери. Олар туралы тусиник
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Геометриялық фигуралардың құрылымдары туралы түсунік"»

Тақырыбы: Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік.

Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер туралы түсініктерін тиянақтау, пішіндер жайлы балалардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілетерін, зейіндерін дамыту. 
Құрал - жабдық: геометриялық пішіндер, карточкалар 
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті 
Мотивациялық қозғаушы 
/кіріспе бөлім/ Балаларға Білмеспектің қонаққа келгенін айтады. Оның қолында дорбасы бар, ол оны жолдан тауып алыпты. Дорбаның ішіндегі пішіндерді білмейді екен!? Сендерден көмек сұрап келіпті қандай пішіндер екенін? 
Көмектесемізбе? Балалар қонақ келгенін естіп қызығушылық танытады. 
Қолындағы дорбасына көңіл аударады. 

-Ия деп жауап береді. 
Іздену 
ұйымдастырушылық 
/негізгі бөлім/ -Дорбаның ішінен геометриялық пішіндерді алып көрсетеді де осы пішіндер туралы жұмбақ жасырады. 
1.Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, 
Менің атым- (дөңгелек) 
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, 
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) 
3.Теледидар таныс екен баршаға, 
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға). 
Дорбаның ішінен шыққан әр түрлі геометриялық пішіндердің түстері де, көлемдері әр түрлі екенін айтады. 
-Балалар осы пішіндерді ұстап көргенде қандай айырмашылықты байқаймыз? Салыстырайық 
Білмеспек міне балалар дрбаның ішіндегі пішіндерді анықтады. Енді сен сол пішіндерді сен тізбектеп көр. 
-Балалар Білмеспек пішіндерді тізбектеп қойып отырып, шатасып кеткенін айтады. Балалар Білмеспекке көмектесеңдер. 
-Ал енді балалар ойын ойнап көрейік! 
Дидактикалық ойын «Сиқырлы пішіндер» 
Білмеспектің өзі ұсынған пішіндерден үй құрастырып беруін сұрайды. Пішіндердегі белгіленген цифр бойынша төменнен жоғары орналастыруын айтады. 
Дидактикалық ойын: «Қандай пішінге ұқсайды?» 
Карточкаларды таратады суретке қарап қай сурет пішінге ұқсайтынын табуды сұрайды, пішінді және суретті қосуды ұсынады. 
Сұрақтар қояды. 
-Қай сурет дөңгелекке ұқсайды? 
- Сағат қандай пішінге ұқсайды? 
-Үйдің төбесін неге үшбұрышпен қостыңдар? 
Санамақ айтуды ұсынады: 
Оң қолымда бес саусақ 
Сол қолымды бес саусақ 
Қосссақ егер екеуін 
Болады екен он саусақ. 
Дәптермен жұмыс 
Балалар тәрбиеші көрсеткен пішіндерді атайды.. 
Жұмбақтардың шешуге ықылас білдіреді және оларды көрсетеді. 

Әрбір бала алдына геометриялық пішіндер болады. Оларды ұстап көріп, атайды, салыстырады айырмашылықтарын айтайды. 

Балалар Білмеспекке назар аударады. 

Балалар Білмеспекке үшбұрыш, пішіні бірдей, түсі қызыл, біреуі қалың екенін айтады. 

Үйлерді пішіндердегі белгіленген сандар бойынша төменнен жоғары қарай орналасырады. 

Балалар тапсырманы орындайды. 

Сұрақтарға толық жауап береді. 

Саусақтарын біріктіріп санамақты қызыға орындайды. 

Рефлексивті- корригиялық 
/қорытынды/ Сұрақтар қою арқылы қорытындылайды: 
-Бүгін бізге қонаққа кім келді? 
Ол бізге қандай өтінішпен келіпті? 
-Дорбада не бар екен? 
-Олардан біз не құрастырдық? 
-Балалар, сендерге Білмеспекпен ойнаған ойындар, тапсырмалар ұнады ма? 
Білмеспек балаларға көмектескендеріне рахметін айтып, балаларды мақтап, мадақтап қоштасады. 

-Білмеспек келді. 

-Көмек сұрап келді 

-геометриялық пішіндер 
-үйлер құрастырдық 

Балалардың жауаптары. 

Балалар Білмеспекпен қоштасады. 

Болжамды нәтиже: 
Білуі керек: -Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды, заттардың ішінен түстерді табуды 
Қалыптасқан әдет: -.Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік 
Істей білу: Геометриялық пішіндерді ажырата алуды, салыстыруды


























































Бөлімдер: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
Тақырыбы: «Сиқырлы геометриялық пішіндер».
Бағдарлама мазмұны: Балаларға 7 көлеміндегі сандарды кері,тура санауға,геометриялық пішіндерді ажырата алуға,дөңгелек пен шеңберді ажырата білуге үйрету,сөздік қорын дамыту,белсенділікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Шеңбер,сопақша,шаршы.

Заттың дамыту ортасы: Сандар жинағы,геометриялық пішіндер:сопақша,үшбұрыш шаршы,шеңбердің суреттері,үлгілер,үлестірмелі заттар: карточкалар (шеңбер,сан) таяқшалар,тарелкалар.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
1.Табиғат-біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

-Сәлеметсіздер ме?
Балалар қимыл іс-әрекет жасайды.
Балалар,сендер өздерің туралы айтуға дайынсыңдар ма?
-Дайынбыз.
Сендер әдемі,мейірімді де ақылды балаларсыңдар.
-Сендердің осындай ақжарқын,қайырымды болуларыңа не көмектеседі?
-Біз ақылдымыз
-Біз мейірімдіміз.
-Біз әдептіміз.
-Біз сымбаттымыз.

-Күн шапақтарына бір-бірден іледі.
-Күн.
-Міне,балалар «Шуағын төкті шапағатты күн».
-Күнмен сәлемдесу.
-Балалар,сендер осындай күннің шуақты да,жылы күндері ата-аналарыңмен саябаққа бардыңдар ма?
-Иә.
-Саябақта әдемі,әткеншектер болды ма?
-Иә.
-Қандай әткеншектерге міндіңдер?
-Паравоз,машина,
ұшақ,қайық.

Суретпен жұмыс:
Саябаққа барған сендерге ұнады ма?
Ендеше көңіл-күйіміздің жақсы екенін қолымызды шапалақтап білдірейік.

Тосын сый:
Сол кезде музыка әуенімен математика елінің ханшайымы кіреді.
-Сәлеметсіздер ме,балалар?!
-Сендер мені таныдыңдар ма?
-Сендердің білімді де,ақылды екендеріңді көруге келдім.
Сәлемдесу.
-Иә,сіз қонақсыз.
Үстіңізде геометриялық пішіндердің суреті бар.
1-тапсырма:
«Геометриялық пішіндер».суреттері



Түстерін айту.


2- тапсырма: Қане,енді мына тапсырмамен танысып көрелік.
«Жолақша».


. . . . . . .

1 2 3 4 5 6 7 

7 шеңбер сандарды қоямыз.

Ал,балалар,алдымыздағы өз жолақшаларымызға да осы тапсырманы орындайық.

Үлестірмелі математикамен жұмыс жасау.
Сергіту жаттығуы.
1-2-3 ал,қанекей ұш!
4-5-6-7 ал қанекей қон.
Асықпа да саспа,
Бірден қайта баста.
3- тапсырма: «Тез ойла тап»
ойыны.
Ойынның шарты:
Жасырынған санды табу керек.
а) 1,2,3, ,5,6,7,
ә) 1-7-ге дейін тура және кері сана.
б) 1,3,5,7 сандарының көршісін ата.
4-тапсырма:Өздеріне таныс заттан шырпыдан пішіндер арқылы үй,жалау құрастыру.

5-тапсырма: Ал,балалар,осы геометриялық пішіндер туралы тақпақтар білесіңдер ме?

-Иә,білеміз.
-Амина.
Нүктесі жоқ басталған,
Аяқталған жері жоқ.
Шеңбердің сірә теңі жоқ.
-Аяна.
Шеңберді сығып бұл енді,
Сопақшалап жіберді.
-Анель.
Атына сай бағы бар,
Үш бұрыш,үш жағы бар.
-Бексұлтан.
Төртбұрышы да тең түскен,
Осынша жақтау және тең,
Мұндай шаршы мен білсем,
Табылмас-ау еш жерден.
-Балалар,Ханшайымның тағы тапсырмасы бар екен:

6-тапсырма: Жұмбақ жасыру.
а) Алма ағашында 7 алма өсіп тұрды.
Жел соғып,біреуі үзіліп түсті қанша алма қалды?
ә) 3 қоянда құлақ қанша?
б) Көжекте құлақ қанша?
Балалар қызыға жауап береді.
Рефлекстік коррекциялаушы

-Балалар,бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Қандай геометриялық пішінмен таныстық?

Балалардың жауаптары.
Балаларды мадақтау.



Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді біледі.
Нені игереді: Сандарды кері және тура санауды біледі.
Нені біледі: Жұмбақтардың шешуін,тақпақтар біледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Геометриялық фигуралардың құрылымдары туралы түсунік"

Автор: Байболова Айгерим Аманхановна

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392816


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства