kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Геометриялы? прогрессияны? ал?аш?ы n - ші м?шесіні? ?осындысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

геометриялы? прогрессияны? ал?аш?ы n - ші м?шесіні? ?осындысыны? формуласымен таныстырып, осы формулан ?олдану ар?ылы есептер шы?ара алу?а ?йрету; практикадан ?з білімін ж?йелі ?рі д?рыс пайдалану?а т?рбиелеу; стандартты емес есептер шы?ару ар?ылы о?ушыларды? білімін тере?дету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Геометриялы? прогрессияны? ал?аш?ы n - ші м?шесіні? ?осындысы »



9 сынып 

Алгебра
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессияның алғашқы n - ші мүшесінің қосындысы

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесі 

қосындысының формуласымен таныстырып, осы формулан

қолдану арқылы есептер шығара алуға үйрету; практикадан өз 

білімін жүйелі әрі дұрыс пайдалануға тәрбиелеу; стандартты емес

есептер шығару арқылы оқушылардың білімін тереңдету.

Дамытушылық: оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, 

көзқарасын, логикасын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды патриоттылыққа, ұқыптылыққа, үздіксіз 

дамуға, қаржылық сауаттылыққа, жеке және топпен жұмыс істегендегі 

әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жеке деңгейлік жұмыс, ұжыммен жұмыс

Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Формулалар, интербелсенді тақта, Power 

Point-та презентация, Excel программасы, буклет, кестелер, 

таратпа материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық ахуал:

Білім мен байлықтың қайсысын таңдарын ілмей жол айырығында жасөспірім бір ғұламаға келіп ақыл сұраған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығын әр түрлі дәлелмен дәлелдепті. 

Білім даналардан қалған мирас, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың. Білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады. Білім іздеген сайын көбейе, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді, жойылады.

Білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады. Білімге есеп қисап жүргізбейсің, ал байлығынды күнде есептеп отыруың қажет. Білім қаншама көп болғанымен іріп шірімейді, бүлінбейді, ал байлық бір жұттық, өледі, жоғалады.

Білім жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді, тура жолдан тайдырады.

Білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге астамшылық көрсетеді.

Таразының қай басы ауыр тартқанын өздерің бағамдай жатарсыңдар... 

ІІІ. Білімнің өзектілігі:

«Прогрессия» тақырыбы математикадағы қызықты тақырыптарының бірі. Алгебра курсын тану таулардың биігіне математиканың биігіне шығуымен салыстыруға болады. Тағы да бір математикалық шың, қандай екенін, қазір білеміз. Ал, біз сол шыңды бағындыруға дайынбыз ба, көрейік. 

Өткенді қайталап, және сендердің білімдеріңді тексеру үшін "тыңда, ойлан, тап" деп аталатын мынадай ойын ойнаймыз. Мен тақтадағы формулаларды бір-ақ рет оқимын сендер оның реттік нөмірін жазып отырасыңдар. Пайда болған код бойынша тексереміз.

1. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің қосындысы.

3. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

4. Арифметикалық прогрессия мүшелерінің қасиеті.

5. Геометриялық прогрессия мүшелерінің қасиеті.

6. Геометриялық прогрессияның еселігінің формуласы.

7. Арифметикалық прогрессияның айырмасы.

Формулалар:




Жауаптарын код бойынша тексереміз: 4.7.5.1.6.2.3.

ІV. Жаңа тақырыпқа түсінік

Аңыз бойынша, үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды. Өнертапқыш шахмат тақтасындағы бірінші тор көзге дәнін, үшіншіге дәнін т.с.с., әрбір келесі тор көздегі дәннің санын екі есе еселеп отыруын сұрайды. Ханзада келісім береді. Шахмат тақтасының шаршысына келісім бойынша бидай дәнін сала бастағанда, дәннің жеткілікті мөлшерде болмауы салдарынан сыйлықты беру мүмкін болмай қалады. (Excel программасында прогрессияны есептеу. Графигін көрсету)

Шынында да, өнертапқыш сұраған дәндер саны  қосындысына тең, ал бұл қосынды 18 446 744 073 709 551 615 санына тең. Егер бір пұт астықта 40000 дән бар десек, онда бұл тілекті орындау үшін 230 584 300 921 369 пұт астық қажет екен. Қазақстанда бір жылда жиналған астық мөлшері орта есеппен 1 000 000 000 пұтқа тең десек, онда бұл тілекті орындау үшін еліміз ішпей-жемей 230 584 жыл еңбек етуі қажет.
Енді еселігі q геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласын қорытып шығарайық.

Еселігі 1- ге тең емес геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын 



деп белгілейік.

Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын қолдансақ, онда (1) теңдікті былай жазуға болады:




  1. теңдіктің екі жағын да q-ге көбейтсек, онда




теңдігі шығады.

Енді (1) теңдіктен мүшелеп (3) теңдікті алсақ, онда


болады. Бұдан 



Сонымен, еселігі q геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы бірінші мүше және 1 саны мен n-ші дәрежелі еселік айырымына көбейтіндісін 1 саны мен еселік айырмасының қатынасына тең болады.

Егер q1 болған жағдайда, геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табу үшін мына формуланы қолданған ыңғайлы.



1-мысал.6;2;;…түрінде берілген геометриялық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табайық.

b1=6, q=



Жауабы: 


2-мысал: 1;2;4;8;… геометриялық прогрессияның алғашқы он мүшесінің қосындысын табайық.



Жауабы: 1023

3-мысал: Sn=-93, b1=-3, q=2 болса, онда геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің ретін анықтайық.



Жауабы: 5

V. Тақырыпты бекіту.

а) Оқулықпен жұмыс:

№ 223



Жауабы: 

№227



Жауабы: 61; 121

в) Деңгейлік тапсырмалар:

 1. b1=4 және q= -3 болса, онда (bn) геометриялық 

прогрессиясының алғашқы төрт мүшесінің қосындысын

табыңдар. 

2. b1= -9 және q= 2. болса, онда (bn) геометриялық прогрессиясының алғашқы алты мүшесінің қосындысын табыңдар.

3. Егер S8 = ; q = 2 тең болса, геометриялық прогрессиясының бірінші мүшесін табыңыз.

4. Геомертриялық прогрессияның 6-шы мүшесі және еселігі белгілі а6=25; q=5 болса, прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар.

5. Егер геометриялық прогрессияда белгілі болса, онда прогрессияның мүшелерінің санын табыңыз.

c) Топпен жұмыс (сыныпты екіге бөліп, әр топқа перфокарта беріледі).

1-перфокарта


Тапсырмалар


Жауаптар 


b1= -9 q= 2

S6=?




b1=?


a1=10; d=4

n=11

an=?


a1+a4=2; 

a5=a3+4;

S10=?


50






*




-576


*








70








*


4




*







2-перфокарта


Тапсырмалар


Жауаптар 


b1= -4 q= -3

S6=?




q=?


a1=4; d=0,5

n=13

an=?


S8=88; 

a5+a3=18;

a7=?


3; -3




*






10






*




21








*


80


*










VI. Шығармашылық жұмыс. 

Математика тарихынан


  • Егер арифметикалық прогрессия туралы айтсақ, неміс математигі


К.Гаусс (1777-1855) бастауыш класс оқып жүргенде 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын тапқан.


  • Геометриялық прогрессияның ертедегі есебінің бірі «Үндінің


патшасы Шерамның шахматты ойлап тапқан ғалым Сетаға бермек болған сыйлығын есептей келгенде» бүкіл дүние жүзінің астығы жетпейтін орасан көп сан шығады.


  • Мысырлықтардың Ринд папирусының кейбір есептерін прогрессия


есебі деуге болады. Мысалы: «10 өлшем арпаны 10 адамға бөліп бер, әр адамға беретін арпа өлшемнің бір бірінен айырмасы болсын». Папирусқа 7 санының дәрежелері 7, 72, 73, 74, 75 және оның жанына: үй, мысық, тышқан, арпа, өлшем деген сөздер жазылған. Мұны шешіп оқыған тарихшы «7 үйдің әрқайсысында 7 мысық бар, әр мысық 7 тышқан жейді. Әр тышқан 7 арпаның масағын жейді, әр масақта 7 өлшем арпа өседі» деген болу керек дейді. Мұндай есептер түрлінше өзгеріп басқа халықтарға тарады.


  • Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысандары


мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды. 

VIІ. Рефлексия. (керек сөздің астын сыз)

1. Осы тарауды оқу барысында мен көмектестім, маған көмектесті.

2. Прогрессияға арналған есептер оңай, қиын, қызықты болды. 

3. Бүгінгі сабақ пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз өтті? 

VIІІ. Қорытындылау:

Білім теңіз тәрізді тұңғиық, жұмбағы көп түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Неғұрлым тереңдеп сүңгіген сайын ғылым қызығына бойлай бересің. Әр оқушыны осындай ғылым теңізінде жүзгізіп, білімнің асыл тастарын тергізетін кеме «Мектеп» болып табылады дей келіп сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, сабағымды аяқтаймын. 

ІХ. Үйге тапсырма: № 224, №230

Х. Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Геометриялы? прогрессияны? ал?аш?ы n - ші м?шесіні? ?осындысы

Автор: ?дербаева Алма Тасмаганбет?ызы

Дата: 14.02.2015

Номер свидетельства: 172836


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства