Білімділік. Оқушыларға геометриялық прогрессия, оның қасиеттері туралы түсінік беру. Геометриялық прогрессияның n – ші мүшесінің формуласын қорытып шығарып, оны есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық. Сандар тізбегі туралы алған білімдерін дамыту. Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік. Өз бетімен, жүйелі түрде жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім игерту.
Сабақтың әдісі:кесте толтыру, деңгейлік тапсырма, өзіндік жұмыс орындау, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі:флипчарт беттері, жұмыс дәптері, ашық журнал, хат, «жолдама».
Пәнаралық байланыс:геометрия,әдебиет
Сабақтың технологиясы:Ж.А.Қараев «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы.
Сабақтың барысы:
І кезең
а) Ұйымдастыру
- оқушыларды түгелдеу
- сабаққа дайындықтарын тексету
- Балалар, 1-желтоқсан күні елімізде қандай мереке тұңғыш рет тойланғалы отыр?
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні.
-Ал біздің тұңғыш президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Осы кезде есік қағылып, пошташы кіреді.
Пошташы: 9 – сынып оқушыларына елбасынан хат келді.
Мұғалім: Бізді елбасымыз мерекемен құттықтап, Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне жолдама салып жіберген екен. Жолдаманы бүгінгі сабақта білімімен, тәрбиелілігімен, ұшқыр ойымен көзге түскен оқушыға беру керектігін айтыпты.
ә) «Көпір» тапсырмалары(үйге берілген)тексеріледі.Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар, яғни өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтар.
Берілген сандар тізбегін оқушылар екі бағанға орналастырады. Мұғалім екінші бағандағы сандар тізбегінің арифметикалық прогрессияға жатпайтындығын, мұндай сандар тізбегі геометриялық прогрессия деп аталатындығын айтып, бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.
Оқушыларға №1,2 өзіндік жұмыстар беріп, геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы мен геометриялық прогрессия қасиеті формулалары қорытылып шығарылады.
б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау
в) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде бекіту. Есеп шығару.
№202,203 есептерді шығару
ІІІ кезең (кері байланыс) – технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім
Деңгейлік тапсырмалар орындау
IV. Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау бөлімі. Деңгейлік тапсырма бойынша алған бағалары ашық журналға, содан соң дәстүрлі журналға қойылады