kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Геометриялы? прогессияны? n-ші м?шесіні? формуласы

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?н: Алгебра

Сынып: 9 «?»

Саба?ты? та?ырыбы: Геометриялы? прогессияны? n-ші м?шесіні? формуласы

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар геометриялы? прогрессияны? формулаларын пайдалана отырып, ал?ан білімдерін есептер шы?ару барысында тере?детеді

Саба?ты? ?дісі: Топпен ж?мыс, жеке ж?мыс

Саба?ты? т?рі: ?айталау саба?

К?рнекілігі: Интерактивті та?та, карточкалар, слайд шоу

Саба? барысы:

  1. ?йымдастыру

  2. ?й тапсырмасын тексеру

  3. «?ш?ыр ойдан – ?тымды жауап» (с?ра?-жауап)

  4. Топты? ж?мыс

  5. О?улы?пен ж?мыс

  6. Логикалы? есеп

  7. Саба?ты ?орытындылау (тест ж?мысы)

  8. ?йге тапсырма

  9. Ба?алау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Геометриялы? прогессияны? n-ші м?шесіні? формуласы»

Пән: Алгебра

Сынып: 9 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогессияның n-ші мүшесінің формуласы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар геометриялық прогрессияның формулаларын пайдалана отырып, алған білімдерін есептер шығару барысында тереңдетеді

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, слайд шоу

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» (сұрақ-жауап)

  4. Топтық жұмыс

  5. Оқулықпен жұмыс

  6. Логикалық есеп

  7. Сабақты қорытындылау (тест жұмысы)

  8. Үйге тапсырма

  9. Бағалау


I. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау


II. Үй тапсырмасын тексеру.

213. 1 және 16 сандарының арасына қандай үш санды қойғанда, олар берілген сандармен геометриялық прогрессия құрайды.

Шешуі: b1=1, b5=16, b2-? b3-? b4-?

b5= b1×q4

q4=16

q4=24

q=2

b2= b1×q=1×2=2

b3= b1×q2=1×4=4

b4= b1×q3=1×8=8

Жауабы: b2=2, b3=4, b4=8

207. a) Еселігі 5, ал жетінші мүшесі 62500 болатын геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін табыңдар.

Шешуі: q=5, b7=62500, b1-?

b7= b1×q6

b1×56=62500

b1×15625=62500

b1=62500/15625

b1=4

Жауабы: 4


III. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» (сұрақ-жауап)

  1. Геометриялық прогрессия дегеніміз не?

  2. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы

  3. Геометриялық прогрессияның еселігі дегеніміз не және қалай белгіленеді?

  4. Геометриялық прогрессияның негізгі қасиеті?

  5. Сандар тізбегінің қандай тәсілдері бар және оларды ата?

  6. Мысалы, b7-нің формуласын ата


Теорияны қайталау барысында, берілген тізбек геометриялық прогрессия бола ма?

  1. 1; 3; 9; 27... (геометриялық прогрессия)

  2. -12; -9; -6; -3; 0; 3; 6; 9.... (арифметикалық прогрессия)

  3. .... (геометриялық прогрессия)

  4. .... (геометриялық прогрессия)

  5. 1; 1,1; 1,11; 1,111.... (геометриялық прогрессия болмайды)

  6. 2; 5; 8; 11; 14.... (арифметикалық прогрессия)


  1. Топтық жұмыс.

1-топқа. Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін және еселігін табыңдар: b4=8, b8=128.

Шешуі:

Жауабы:


2-топқа. 64, 32, 16, ... геометриялық прогрессия берілген. Осы прогрессияның алтыншы мүшесі тоғызыншы мүшесінен қаншаға артық?

Шешуі:

Жауабы: 1,75



3-топқа. Берілген 1, 2 , 4, 8,16, 32... геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын құр және бесінші мүшесін табыңдар.


Шешуі:

Жауабы: bn=2n-1; 16


  1. Оқулықпен жұмыс

208. ә) Геометриялық прогрессияның бесінші мүшесі 61-ге, ал он бірінші мүшесі 1647-ге тең. Прогрессияның тоғызыншы мүшесін табыңдар.

Шешуі: b5=61, b11=1647

61 = 1647

Жауабы: 549


211. Геометриялық прогрессияның бірінші және екінші мүшелерінің айырымы 8-ге тең, ал екінші және үшінші мүшелерінің қосындысы 12. Прогрессияның бірінші мүшесі мен еселігін табыңдар.









Шешуі:

Жауабы: немесе .


207. ә) Еселігі 5, ал жетінші мүшесі 62500 болатын геометриялық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар.

Шешуі: q=5, b7=62500, b5-?

b7= b1×q6

b1×56=62500

b1×15625=62500

b1=62500/15625

b1=4

b5= b1×q4=4×54=4×625=2500

Жауабы: 2500.


  1. Логикалық есеп.


Фигура суретте көрсетілгендей квадраттардан құралған. Әр қатар алдыңғы қатардан 2 есе артық. 17-ші қатарда қанша квадрат орналасқан.

Шешуі:

Жауабы: 262144.



  1. Сабақты қорытындылау

Tест жұмысы

I нұсқа

  1. Геометриялық прогессияның бірінші мүшесі нешеге тең: b1, b2, 4, -8…

  1. 1

  2. -1

  3. 28

  1. Егер b2=3, b5=81 болса, геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін табыңыз: 
    A) 0 
    B) -1 
    C) 2 
    D) 1 

  2. Геометриялық прогрессияда: b1=1, q=2 болса, b4-ті табыңыз: 
    A) 9 
    B) 18 
    C) 8 
    D) 19 

  3. 2, 6, 18… геометриялық прогрессия берілген. 162 саны тізбектің несінші мүшесі 
    A) 4 
    B) 6 
    C) 2 
    D) 5

  4. Геометриялық прогрессия құрайтын тізбектің b2=-18, b5=144 , еселігін табыңыз

  1. 1

  2. -3

  3. -2

  4. 4












II нұсқа

  1. Геометриялық прогессияның бірінші мүшесі нешеге тең: b1, b2, 12, 24…

  1. 2

  2. 3

  3. 6

  4. 4

  1. Егер болса, онда геометриялық прогрессияның еселігін табыңдар.

А) 3.

В)

С) 4.

D)

  1. Геометриялық прогрессияда: b1=3, q=3 болса, b4-ті табыңыз: 
    A) 9 
    B) 27 
    C) 81
    D) 18

  2.  4, 8… геометриялық прогрессия берілген. 128 саны тізбектің несінші мүшесі 
    A) 5

B) 6

C) 7

D) 8

5. Егер b2=6, b8=384 болса, геометриялық прогрессияның бірінші

мүшесін табыңдар:

  1. 1

  2. 2

  3. 4

Жауаптары.

Нұсқа

1

2

3

4

5

I

A

D

C

D

C

II

B

A

С

В

A


  1. Үйге тапсырма. №209, №210

  2. Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Геометриялы? прогессияны? n-ші м?шесіні? формуласы

Автор: Кожахметова Айслу Галымжановна

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299176


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства