kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Геометрия п?нінен «Цилиндр» та?ырыбына саба? ?зірлемесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Саба?ты? ма?саты:

а) білімділік: О?ушыларды? цилиндр айналу денесі туралы ( аны?тамасы, цилиндрді? элементтері, цилиндрді? ?имасы, цилиндрді? б?йір бетіні? ауданы, толы? бетіні? ауданы) білімін бекіту. Есептер шы?аруда цилиндрді? б?йір бетіні?, толы? бетіні? аудандарыны? формулаларын ?олдануды ?йренуге жа?дай жасау. Есептер шы?ару да?дыларын ?алыптастыру. 

?) дамытушылы?:

Айналу денелеріні? мысалында ке?істік туралы т?сініктерін дамыту.

О?ушыларды? еркін ойлау, есте са?тау ?абілеттерін, ой - ?рістерін дамыту;

б) т?рбиелік: Т?уелсіздік к?ніне арнал?ан фотосуреттерді ?олдана отырып, о?ушыларды? бойында?ы патриотты? сезімдерін ?алыптастыру ж?не саба??а ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

Саба?ты? типі: Білім, білік, да?дыны дамыту ж?не бекіту саба?ы.

Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі саба?

Саба?ты? ?дісі:  с?ра? – жауап, activote тесттілеуші, математикалы? диктант, бес жолды ?ле? стратегиясы.

Педагогикалы? технологияны? т?рі: а?паратты? технология, сын т?р?ысынан ойлау технологиясы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Геометрия п?нінен «Цилиндр» та?ырыбына саба? ?зірлемесі. »

Пәні: геометрия

Сыныбы: 11Б

Сабақтың тақырыбы: «Цилиндр» тақырыбына есептер шығару.


Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың цилиндр айналу денесі туралы ( анықтамасы, цилиндрдің элементтері, цилиндрдің қимасы, цилиндрдің бүйір бетінің ауданы, толық бетінің ауданы) білімін бекіту. Есептер шығаруда цилиндрдің бүйір бетінің, толық бетінің аудандарының формулаларын қолдануды үйренуге жағдай жасау. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

ә) дамытушылық:

Айналу денелерінің мысалында кеңістік туралы түсініктерін дамыту.

Оқушылардың еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту;

б) тәрбиелік: Тәуелсіздік күніне арналған фотосуреттерді қолдана отырып, оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін қалыптастыру және сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, activote тесттілеуші, математикалық диктант, бес жолды өлең стратегиясы.

Педагогикалық технологияның түрі: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Пәнаралық байланыс: сызу, қазақ тілі,информатика, өмірмен байланыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар, электронды оқулық,

слайдтар, геометриялық макеттер, бағалау плакаты т.б.


Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( 1 минут)

  2. Математикалық диктант алу(6 минут)

  3. Өтілген тақырыпты қайталау (5 минут)

  4. Бекіту (18 минут)

  5. Бес жолды өлең жазу (1 минут)

  6. тесттік тапсырма (12 минут)

  7. қорытынды (2 минут)


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

Оқу – құралдарын тексеру;

Назарларын сабаққа аудару.


2. Математикалық диктант алу.


Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жаз:

1. Цилиндрдің толық бетінің ауданы ...тұрады

(бүйір бетінің және табандарының аудандарының қосындысынан)

2. Цилиндр ... оның бір қабырғасынан айналдырғанда шығатын (денені) атайды.

( тік төртбұрышты)

3.Цилиндрді оның осіне ... жазықтыпен қиғанда қимасы табандарына тең шеңбер болады.

( перпендикуляр)

4.Егер жасаушылары цилиндрдің табандарына перпендикуляр болса онда цилиндр ... цилиндр деп аталады.

(тік дөңгелек)

5. Цилиндрдің жасаушылары өзара ... болады.

(параллель және тең


Оқушылар тапсырма орындалған парақтарын бір-бірімен ауысып, мұғалімнің айтқан жауабымен тексеріп (әр сұраққа 1 ұпай) әрқайсысы неше ұпай жинағанын ауызша айтады.


3.Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыпты қайталау. (орындалған тапсырманы пысықтау және білімдерін тексеру мақсатында)

Оқушылар бес топқа бөлініп берілген сұрақтарға (цилиндр оның элементтері, цилиндрдің қимасы, цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы, іштей жіне сырттай сызылған призмалар, цилиндрдің айналамыздағы қолданысын көрсет.

1-2 мин слайдпен оқушылардың көрсетілімі слайдтар жасап жалпы мағлұматтарды айтып сызбаларды көрсетеді.


4. Тақырыпты бекіту. Есептер шығару.

Оқушыларға сынып жұмысында шығарылатын есептер тізімін тақтада көрсету. Қалаулары бойынша оқушылар есептерді озып отырып шығарып, бағалануға мүмкіндіктері бар. (№11,12,13,24,28)

Тақтаға екі оқушыдан шығып біреуі интерактивті тақтада, екіншісі тақтада есептерді шығарады.

№11

Табанының радиусы 4м және биіктігі 6м цилиндр берілген. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін табыңдар.


Бер: R= 4см шешуі: d2= D2 + Н2

Н = 6см D=2 R = 2*4 =8см

т/к: d d2= 82 +62 = 100, d = √100 =10 см

Жауабы: 10 см


12


Табанының радиусы 3см, осьтік қимасының диагоналі 10см цилиндр берілген. 1) Цилиндрдің биіктігін; 2) Цилиндрдің осьтік қимасының ауданын табыңдар.


Бер: R= 3см шешуі: d2= D2 + Н2

d = 10см Н2 = d2 - D2 , D = 2 R = 2*3 =6см


т/к: H, S Н2 = 100 - 36 =64, Н = √64 =8 см

S = D*Н, S = 6см *8см = 48см2

Жауабы: 48см2

№13

Цилиндрдің биіктігі 8см, табанының диаметрі 10см. Цилиндрдің осінен 4см қашықтықта оған параллель жүргізілген жазықтықпен қиманың ауданын табыңдар.


№24

Берілгені бойынша: 1) табанының диаметрі 12см, биіктігі 3,5см цилиндр бетінің ауданын табыңдар.


№28

Цилиндрдің толық бетінің және бүйір бетінің аудандары сәйкесінше 50 және 30 см². Цилиндрдің радиусын және биіктігін табыңдар.



5. Бес жолды өлең жазу

Бес жолды өлең жазу алгоритмі

  • Бірінші жол: тақырып

  • Екінші жол: екі сын есім

  • Үшінші жол: үш етістік

  • Төртінші жол: нақыл сөз

  • Бесінші жол: зат есім




  1. «Цилиндр» тақырыбына тесттік тапсырма алу.

(интерактивті тақтаның көмегімен)


тапсырмалар

жауаптар

1

Цилиндрдің табанының радиусы 2 см, биіктігі – 5 см, бүйір бетінің ауданы неге тең:

40 π

10 π

20 π

4 π

2

Цилиндрдің остік қимасы квадрат,табанының ауданы 16π кв.дм. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар.

80 π

96 π

64 π

32 π

3

Цилиндрдің жасаушысы 4-ке тең. Табан радиусы жасаушысынан 2 есе кіші болғанда цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңдар.

16 π

32 π

4 π

8 π

4

Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы 64π кв.м, ал биіктігі – 4 м болғанда цилиндрдің радиусын табыңдар.

16

8

26

8 π

5

Цилиндрдің остік қимасы қабырғалары 10 жене 16 см болатын тіктөртбұрыш болғанда, цилиндрдің табанының ауданы нешеге тең болуы мүмкін:

256 π

100 π

24 π

64 π

6

Цилиндрдің биіктігін және радиусын 3 есе арттырғанда,бүйір бетінің ауданы неше есеге артады?

3

6

9

27

7

Қабырғалары 12 және 8см болатын тіктөртбұрыш цилиндрдің остік қимасы болса, бүйір бетінің ауданы нешеге тең болуы мүмкін?

36 π

64 π

48 π

96 π

8

Цилиндрдің биіктігін 4 есе кемітіп, радиусын 2 есеге арттырғанда цилиндрдің бүйір бетінің ауданы неше есеге кемиді ?

өзгермейді

8

4

2

9

Цилиндрдің биіктігін 3 есе кемітіп, радиусын 12 есеге арттырса цилиндрдің бүйір бетінің ауданы неше есеге артады ?

4

6

өзгермейді

8

 

 

 

 

 

тексеру


7. Сабақты қорытындылау.

1) Үй тапсырмасы.

№16, № 17, №18, №25.


2) Бағалау. Бағалау кестесі көмегімен.

3) Рефлексия.

  • Сабақ туралы не айта аласың ?

  • Сабақ несімен ұнады?

  • Сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңіз?

  • Берілген тапсырмалардың шығару жолдарын сабаққа қатыспай қалған құрбыңа түсіндіре аласың ба?


























Бағалау кестесі




реті


сабақ

кезеңдері



аты-жөні



матема-

тикалық

диктант



үй тап-

сырмасы



есептер

шығару



тест



қорытынды



1



Айтбай Ермұрат








2



Бейбітбай Асхат








3



Баймырза Жанна








4



Дюсекова Салтанат








5



Ермағамбетов Ерслан








6



Қантаев Ардақ








7



Рамазанова Әлия








8



Сағымбаев Алданыш








9



Самидинова Ақерке








10



Тоқтаева Саида








11



Тойылхан Сәуле








12



Ходжалакова Мақпал








13



Шұғаев Нұрболсын








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Геометрия п?нінен «Цилиндр» та?ырыбына саба? ?зірлемесі.

Автор: Тайшикова Кульшат Саулебековна

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151633


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства