|   Сыныпппен амандасу ,түгендеу,сабақтың мақсатымен таныстыру .      Қайырлы күн достарым!  Сейсенбінің сәті  Сәттілікке толсын  Сендердің алған бағаларың  Кілең төрттіктер мен бестіктер болсын!          1.Үй тапсырымасын тексеру №8.1.10-8.1.14 Куланин оқулығынан.  Жауаптары:   2.Біз бүгінгі сабағымызда әуе кеңістігіндегі математика әлеміне саяхат жасап ,ғаламшарларға тоқталамыз.   А)Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?  Оларды ата.    /Жер,Меркурий,Шолпан,Марс,Юпитер,Сатурн,Уран, Нептун /   Б)Зымыранды Қазақстандағы қай ғарыш айлағынан ұшырамыз?/Байқоңырдан/.  
     
     3.Зымыранды іске қосу үшін 3 сұраққа жауап беру қажет.   тапсырмасын орындайық  А) Арифметикалық прогрессияға түсініктеме бер.  Арифметикалық прогрессияның айырмасы деген не?  Ә) Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.  Б) Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті.  Сұрақтарға жауап берген соң зымыран көтеріліп 1-ғаламшарға қонады.   Мынадай тізбек берілген осы сан тізбегінің мүшелерінің арасында қандай заңдылық бар?  5,10,20,40,80,... осындай қасиеті бар сан тізбегін біз бүгін қарастыратын боламыз./әрбір алдыңғы мүшесін 2-ге көбейткеннен шығып тұр/  2,-4,8,-16,32,-64,128,-256,..../әрбір алдыңғы мүшесін -2 ге көбейткенде шығып тұр/  Олай болса біз бүгін мүшелерінің осындай қасиеті бар сан тізбегін қарастырамыз.  тапсырманы дұрыс орындағандарыңыз үшін Меркурий сіздерге «Тәуелсіз» сөзін сыйға тартты.   Сөйлемді толықтырып геометриялық прогрессияның анықтамасын шығару / тақтада көрсетіледі/  Екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі алдыңғы мүшесін нөлден өзге қандай да бір тұрақты санға ____________ шығатын сандар тізбегін ___________прогрессия деп атайды.Ал көбейтіліп тұрған тұрақты сан геометриялық прогрессияның еселігі деп аталады,оны q әріпімен белгілейміз.  Еселік деген ұғымды ажырат , еселік қалай табылады?    1. -5;10;-20; .../10/(-5)=-2. q =-2/  2.  ;  ; ... прогрессияның еселігі неге тең?/ q=1/27*81=3/        Шолпан ғаламшары «ел» сөзін сыйлады.         Прогрессияның бірінші мүшесімен еселігі белгілі болса кез келген мүшесін есептеуге болады.    Прогрессияның бірінші мүшесі 32 және еселігі 1/2 . Прогрессияның бесінші мүшесін анықтайық . Ол үшін екінші,үшінші,төртінші, бесінші мүшелерін есептеуге   / болады,бірақ осындай жолмен табу тым ұзақ , сондықтан , келесі формуланы қолданып есепті тез шешуге болады ,тақтаға келесі формула ілінеді    осы формула геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы .  Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 2-ге, еселігі -3 –ке тең.Осы геометриялық прогрессияның    бесінші мүшесін табыңдар?  Марс ғаламшары «тірегі» сөзін сыйлады .    Теорема:Мүшелері оң  геометриялық прогрессияның екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі көршілес мүшелерінің геометриялық ортасына тең болады.Яғни n болса ,онда   теңдігі орындалады.Дәлелдеуін көрсетемін .   Юпитер ғаламшары «білімді » сөзін сыйға берді   Сатурн ғаламшары «өнегелі » сөзін сыйлады.        Үйге тапсырма №230-235 есептер ,сұрақтар 1-3.  
      Рефлексия  а) бүгінгі орындалған тапсырмаларға баға берулеріңізді сұраймын. Сабақта саған қалай болды:   Жасыл түспен ,егер жақсы түсінген болса;  Қызыл түспен ,егер түсінбеген сұрақтары болса;  Сары түспен ,егер мүлдем түсінбеген болса қолдарындағы желкенді бояу керек.    Плутон ғаламшары «ұрпақ » сөзін сыйлады.     Сонымен бүгін ғаламшарлар не сыйлағанын жақсылап ажыратайық  « Тәуелсіз ел тірегі-білімді,өнегелі, дарынды ұрпақ» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзін сыйға тартқан екен , қандай тамаша сый !      Сабақты бағалау , баға қою.  Қорытынды: геометриялық прогрессия экономикада өте кең қолданыс табады.Оның көмегімен банкілер өз салымшыларымен есеп айырысады, үлкен жобаларға қаржы салуға бола ма, болмай ма – соны шешеді.  
         |