1) ??гімені таныстыруда балаларды? зейінін аударып,??гімеге деген ?ызу?ышылы?ын арттыру,ба?бан туралы т?сінік бере отырып,ба?та?ы ж?мыстармен таныстыру.
Просмотр содержимого документа
«Eкі та?балы сандар»
Күні. 21.09.2015ж
Пәні: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Кішкентай бағбан».
Мақсаты:
1) Әңгімені таныстыруда балалардың зейінін аударып,әңгімеге деген қызуғышылығын арттыру,бағбан туралы түсінік бере отырып,бақтағы жұмыстармен таныстыру.
2) Балаларды әңгіме арқылы ойын,қиялын дамыту,өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу.
3)Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Түрі : жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: суреттер ,ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң,қайырлы күн болсын!
II Мақсат қою кезеңі.
«Кішкентай бағбан» әңгімесімен таныстыру.
III Жаңа сабақ
-Балалар,бүгін ерекше күн!
-Балалар,сендерге жеміс жегенді ұнатасындар ма?
Қандай жемістерді білісіңдер?
-Енді Мәдіхат Төрежановтың «Кішкентай бағбан »әңгімесімен танысамыз.Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып береді.
Сергіту сәті.
Бала,бала,баламыз.
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
ІV Түсінгендерін зертеу кезеңі.
Дидактикалық ойын:
«Сөзді аяқта».
Ойынның шарты:Мұғалім жемістердің алғашқы буынын айтады, балалар жалғасын тауып,сөзді аяқта .
Мақал жаттау.
«Еңбекпен тапқаның –Шекер –балдан татқаның ».Мақалдың мағынасын түсіндіру,жаттау.
V Бекіту кезеңі
-Садық бақта не істеді?
-Садықты кім ойнауға шақырды?
-Қалел досына не көрсетті?
-Садық барды ма?
VI Балаларды мадақтау
Бүгінгі алған әсерлерін көңіл күй (смайлик )арқылы белгілейді.