5.Т?зуге т?сірілген перпендикуляр деп нені атайды?
Т?сіндіру:
Б?рышты те? екі б?лікке б?летін оны? ішкі с?улесін осы б?рышты? биссектрисасы деп атайды. ВАС б?рышыны? АD ішкі с?улесі оны те? б?ліктерге б?леді. ?ВАС=?DАС=?ВАС/2, я?ни АD с?улесі ВАС б?рышыны? биссетрисасы болады.
Просмотр содержимого документа
«Б?рыш биссектрисасы (ашы? саба?) »
Панфилов ауданы "Надек орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі Избаева Ғалия Ермекқызы
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш биссектрисасы
Сабақтың мақсаты:
а)Бұрыш биссектрисасы түсінігін беріп, оны салу бейімділігін қалыптастыру, өтілген тақырыптарды есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
ә)Оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдана білу бейімділігін дамыту.
б)Оқушыларды өз бетінше шығармашылық іздене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, электронды үлгідегі қосымша материал
Пәнаралық байланыс: сызу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру
Ынтымақтастық, атмосфералық (топқа бөлу)
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Қандай бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды?
2.Қандай бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды?
3.Қандай бұрыштарды тік, сүйір, доғал бұрыштар деп атайды?
4.Қандай түзулерді перпендикуляр түзулер деп атайды? Түзулердің перпендикулярлығын қандай белгімен белгілейді?
5.Түзуге түсірілген перпендикуляр деп нені атайды?
Түсіндіру:
Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін оның ішкі сәулесін осы бұрыштың биссектрисасы деп атайды. ВАС бұрышының АD ішкі сәулесі оны тең бөліктерге бөледі. ∟ВАС=∟DАС=∟ВАС/2, яғни АD сәулесі ВАС бұрышының биссетрисасы болады.
Оқулықпен жұмыс.
№82
Сыбайлас бұрыштардың биссектрисаларының арасындағы бұрышты табыңдар.
№84
Бұрыш биссектрисасы мен оның бір қабырғасының созындысы арасындағы бұрышты табыңдар. Берілген бұрыш шамасы 1)500; 2)900; 3)1500
№85
∟АОВ=350, ∟ВОС=500. АОС бұрышын табыңдар. Әрбір мүмкін жағдай үшін сызбасын салыңдар.
№88
Егер АВС және СВDбұрыштарының биссектрисалары өзара перпендикуляр болса, онда А, В, D нүктелері бір түзу бойында жататынын дәлелдеңдер.
Ой сергіту. Сөзжұмбақ шешу
Қорытындылау:
Білімдерін бағалау:
Үйге тапсырма: §4.1-4.3 №89 есеп
Панфилов ауданы "Надек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі Раимбек Салтанат Раимбекқызы
18.11.2014 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту
Сабақтың мақсаты:
а) Таңбалары бірдей және әр түрлі сандарды азайта білуді үйрету.
ә) Рационал сандарды азайтудың тиімді тәсілдерін көрсету арқылы талғамдарын арттыру, іздену, бақылау арқылы оқушылардың дүниетаным қабілеттерін қалыптастыру.
Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
Екі теріс санды қосқандағы қосындының мәні үлкен бе, әлде қосылғыштардың біреуі үлкен бе?
Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
ІІІ.Жаңа сабақ
b+x=a, x-белгісіз қосылғыш
x=a − b немесе x=a + (− b) қарама-қарсы сандар
Анықтама: Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек.
a − b = a + (− b)
Азайғыш
Азайтқыш
Жазылуы
Айырма
6
− 2
6 − (−2) = 6+2 = 8
8
− 7
+3
− 7 − (+3) = − 7 − 3 = − 10
− 10
1,5
− 3,2
1,5 − (−3,2) = 1,5+3,2 = 4,7
4,7
−8
−13
−8− (−13) = −8 + 13= 5
5
Азайту амалының ерекше жағдайлары:
а − а = 0; 0 − а = − а; а − 0 = а;
Мысалы: 7 − 7 = 0; 0 − 1,2 = − 1,2; − 0 = ;
Оқулықпен жұмыс.
№493, 494, 495 есептер ауызша
№493
7−9=−2 5−13=−8 6−7,9=−1,9
8−11=−3 9−16=−7 8−9,2=−1,2
12−17=−5 3−10=−7 4,5−6=−1,5
№494
−2−10=−12 −7,6−9=−16,6 −2,3−0,7=−3
−14−20=−34 −8,5−2,3=−10,8 −3,2−1,8=−5
№495
−20−(−16)=−4 −5,7−(−1,3)=−4,4 −6−(−8,1)=2,1
−36−(−17)=−9 −7,5−(−2,1)=−5,4 −5−(−6,7)=1,7
−46−(−25)=−21 −8,9−(−3,7)=−5,2 −8−(−9,5)=1,5
ІV.Сергіту сәті
№505 (1-2)
V.Қорытынды бөлім: Электронды оқулықпен жұмыс А,В тапсырмалары
VІ.Оқушы білімін бағалау:
VІІ.Үйге тапсырма: §3.3. А тобындағы есептерді аяқтау
Панфилов ауданы "Надек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі Сыдықова Кулмәрия Бейсегулқызы
11 сынып
Тақырыбы: Цилиндрдің қимасы
Мақсаты: а)Цилиндр,целиндр элементтері дөңгелек, тіктөртбұрыш, шеңбер ұзындығы жөнінде білімдерін толықтыру.
ә)Цилиндр қимасы жөнінде есептер шығару арқылы дағдыланады.
б)Ұқыптылыққа, логикалық ойлау, әдемілікке тәрбиелеу.
Әдіс -тәсіл: сұрақ-жауап
Түрі: десант сабақ, ой бөлісу
Көрнекілік: сызба, формула
Сабақтың өтілу барысы:
а)Ұйымдастыру
Цилиндрдің әр түрлі жазықтықтармен қимасын қарастырайық.
Цилиндрдың жазықтықпен қимасы деп жалғыз нүктеден, цилиндрдің жасаушысынан немесе табанынан өзгеше фигураның, яғни цилиндр мен жазықтықтың ортақ бөлігін атайды.
1.Қиманы цилиндрдің осі арқылы жүргізуге болады. Бұл осітік қимасы деп аталады. Бұл қима тіктөртбұрыш болады. Өйткені АА1 ┴ А1В1
АА1 В1В және СС1 D1D
2.Цилиндр осіне параллель қима.
3.Цилиндр осіне перпендикуляр жазықтық.
4.Цилиндрді осіне перпендикуляр емес жазықтықпен қима эллипс.
Панфилов ауданы "Надек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі Раимбек Салтанат Раимбекқызы
6 сынып тәрбие сағаты
Тақырыбы: "Тарих - ғасырлар куәсі"
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру.
Дамытушылық: Өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге балу.
Тәрбиелік: Тарихи ұлы тұлғалар ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: танымдық, аралас
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе
2."Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады" (2 топқа тарих турасында шағын әңгіме беріледі, соны оқып, сұрақтарға жауап беру)
3.Сөз жұмбақтар (әр топ өз атына сөз жұмбақтар құрастыру).
4.Қорытынды.
Мұғалім: Құрметті оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Тарих - ғасырлар куәсі". Сабақ қазақ хандығының 550 жылдығына арналады, сайыс түрінде өтеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы "Нұрлы жол болашаққа бастар жол" атты жолдауында атаулы мерейтойлар, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы үлкен көлемде тойланатынын айтты.
"Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық" - деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдары. Осы жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуді құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тікті.
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырлануда, қазақтың этникалық аймағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан бастаған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын бір жолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Олай болса қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған "Тарих - ғасырлар куәсі" атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Сынып 2 топқа бөлінеді. 1 топ "Керей" тобы, 2 топ "Жәнібек" тобы.
1."Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады"
(2 топқа тарих турасында шағын әңгіме беріледі, әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беру керек)
1 топқа "Қазақ хандығының құрылуы"
1.Алтын Орданы кім құрды? Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан.
2.Жошы хан қай жылы өмірден өтті? 1227 жылы
3.Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі? Жошы ханның бесінші ұлы Әбілқайыр.
4.Жәнібек пен Керей бастаған Моғолстанға көшіп кеткен алаш көшпелілері қандай атқа ие болды? "қазақ"
5.Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзге қандай тайпалар кірді?Жетісуды мекен еткен үйсін тайпасы, Сарыарқаны мекен еткен арғын-найман тайпасы, Батыс Қазақстан рулары.
6.Аңыз бойынша қазақ халқының ағы атасы болып кім саналады? Алаша хан
2 топқа "Қазақ хандары".
1.Тарихта қазақ елінің хандары қандай қызмет атқарған? Хан - Қазақ мелекетінің билеушісі, хандықтың басшысы.
2.Ханның мұрагерін кім деп атаған? Сұлтан
3.Ханның жеке шаруашылығын жүргізіп, малын бағатын адам қалай аталады? Төлеңгіт
4.Алаша хан билік құрған жылдар? Б.з.б. ІV-ІІІ мыңжылдық шамасында.
5.Қазақ хандарының тарихы қай жылдарды қамтиды, қазақ хандығы қай жылы құрылды? 1466-1847 жылдарды қамтиды, 1466 жылы құрылды
6.Қазақ хандығының іргесін кімдер қалады? Керей мен Жәнібек
2.Сөз жұмбақтар (әр топ өз атына сөзжұмбақ құрастырады)
"Керей" және "Жәнібек"
Оқушы: "Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл"
Жәнібек, Керей сұлтандарым бастаған,
Ата-бабам азаттықты аңсаған.
Бөлініп шығып Әбілқайыр елінен,
Дербес елдің құрылуына жол ашқан.
Көшіп барып Моғолстан еліне,
Қоныс теуіп Шу өңірі жерінде.
Қиындықтың бәріне де мойымай,
Туын тікті Қозыбасы төрінде.
Мухаммед Хайдар Дулати бабам
Тарихи Рашиди атты еңбегінде ол жазған.
ХV ғасырдың орта шенінде
Міне осылай Қазақ хандығы құрылған.
Оқушы: Әбілқайыр, Моғолстан,
Ноғай Орда, Батыс Сібір хандығы,
Бөлшектенген төрт хандыққа халқымды.
Сұлтандарым дұрыс саясат ұстанып,
Барлығын да бір ту астына жинады.
Қарсы тұрып сыртқы жаудың бәріне,
Бұрындық хан үлкен ерлік көрсете,
Жаулап алып сыр өңірі жерлерін.
Сауда-саттық, мәдениетті көркейтті.
Оқушы: Қазақ жұрты Қасым ханның тұсында
Күшейді ғой саны жетіп миллионға.
Ең алғашқы заң жинағын құрастырып,
Танытты ғой бізді батыс Еуропаға.
Оқушы: Қазақтар мен қырғыздырдың патшасы,
Хақназарым Қасым ханның баласы.
Қиын-қыстау талай күндер өткеріп,
Біріктірді бытыраған хандықты.
Оқушы: Келді міне Тәуекел хан кезеңі,
Сыр өңірі қалаларын бағындырған ер еді.
Қарым-қатынас орнатып Ресей елімен,
Дана саясаткер қырынан да белгілі.
Қазағымды басқарғанда
Еңсегей бойлы Ер Есім.
Мемлекетті көркейтуде қабылдады сан шешім.
"Есім ханның екі жолы" заң жинағын шығарып,
Баса білді Қатаған мен Тұрсын ханның бүлігін.
Оқушы: Жүрек жұтқан Хан Жәңгірдей қолбасшы,
Қазағымда сол шақтары болмады.
600 қолмен қарсы тұрып 50 мың жоңғар қолына
Ерлігі үшін халқы оны "Салқам Жәңгір" атады.
Бізге тыныш "Алтын ғасыр" заманды,
Ақылгөй басшы Әз-Тәуке хан орнатты.
Төле, Қазбек, Әйтекемен бірігіп,
"Жеті жарғы" жаңа заң жүйесін шығарды.
Қорытынды:
Үйге тапсырма: "Ерлік - ел есінде" қазақ хандарының өмір, қызметі туралы рефераттар жазу