Пән: Алгебра Сынып: 8 «Ә» |
Сабақтың тақырыбы | Бөлшек-рационал теңдеулер |
Сабақтың мақсаты | Рационал теңдеулер туралы білімдерін кеңейтіп, бөлшек-рационал теңдеулерді шешуді бекіту. |
Күтілетін нәтиже | Рационал теңдеулерді шешу әдістерін біледі. Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу алгоритмін қолдана алады. Толық квадрат теңдеуді шешу формулаларын, Виет теоремасын біледі. Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу әдістерін қолданады. |
Сабақ түрі | Бекіту сабағы |
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл | СТО сратегиясы: трек конспекті, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, АКТ. Топпен жұмыс. |
Пәнаралық байланыс | Геометрия, тарих. |
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин | Оқушыларды түгендеу. | Оқушылар амандасады. |
Топқа бөлу 2мин | Оқушылар геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, бесбұрыш) арқылы топқа бөлінеді. Бағалау парағы үлестіріледі. Топ ережесі айтылады. | Карточка бойынша топқа бөлінеді. |
Үй тапсырмасын тексеру 2мин | Тест 74-75 беттердегі. Дайын жауаптар беріледі. 1)В 2)D 3)D 4)B 5)D 6)В 7)А 8)А 9)C 10)D | Оқушылар бірін-бірі тексереді. |
Топпен жұмыс 3мин+3мин | Теорияны қайталау. Квадрат теңдеу. Келтірілген квадрат теңдеу. Жаңа айнымалы енгізу әдісі. Бөлшек-рационал теңдеуді шешу. | Әр топ теория бойынша жасап әкелген потерлерін қорғайды. |
Ой шақыру 4мин | Ауызша есептеу а)Теңдеуді шешіңдер: 1) х2-6х+8=0 2) х2+2х-3=0 3) х2-6х+5=0 4) х2-5х+6=0 б) Бөлшек-рационал теңдеудің ММЖ анықтаңдар: 1)  2)  3)  4)  | Оқушыдан ауызша есептейді |
Есептер шығару 5мин | 1)Оқулықпен жұмыс: №181 (әр топтан бір оқушыдан тақтада шығарады) 2)Карточкамен жұмыс: 1) Ж: 1 2) Ж: 3 3) Ж: 0; 1 4) Ж: -12 5) Ж: 1; -0,5 | Топпен бірлесіп отырып, әр оқушы өзі таңдап бір есептен шығарады. Параққа жауабын жазып тапсырады. |
Үй жұмысы 2мин | §6-10. №162; 165(1;3) | |
Сергіту сәті 2мин | Ойын «Сәйкестігін табу» | Оқушылар есептің жаубын берілгенімен сәйкестендіреді |
Жеке жұмыс 7мин | Тест «Бөлшек-рационал теңдеулер» 1-нұсқа Бөлшек-рационал теңдеулерді шешіңдер:  А) 1,5 B) 2,5 C) 3,5 D) 4,5 E) 5,5  А) ±1 B) ±2 C) ±3 D) ±4 E) ±5  А) -13; 1 B) -12; 1 C) 13; -1 D) 14 E) -15  А)1; 7 B)2; 16 C)3; -5 D)4;-25 E)-1; 10 5)  А) 1 B) 5 C) 8 D) 0 E) -2 Тест «Бөлшек-рационал теңдеулер» 2-нұсқа Бөлшек-рационал теңдеулерді шешіңдер: 1)  А) 1,2 B) 3 C) 2 D) 4 E) 1 2)  А) 0;1 B) 2; 3 C) 3 D) 1; 4 E) 5; 7 3)  А) -13 B) -12 C) 13 D) 14 E) -15 4)  А)-5 B)2; C)0 D)0,5 E)1,5 5)  А) 13 B)2,5 C)-12 D)12 E)5 | Оқушылар тест жұмысын жазады, әркім өзіне ұпай жинайды. Жауабын бірін-бірі тексереді. |
Тарихи деректер 2мин | «Теңдеулер тарихынан» | Бір оқушы алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындаған презентациясын түсіндіреді. |
Логикалық есептер 4мин | «Кім шапшаң?» Шешесі 42 жаста келгенде үлкен қызы 19, ортаншысы 11, кенжесіне 2 жас толды. Неше жылдан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының қосындысына тең болады? (Тест-2015. 7-нұсқа. 25-есеп) Жауабы: 5жылдан кейін. Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар, ал Үсен атаның әрбір немересінің 2 қызы бар. Атаның неше шөбере қызы бар? (Тест-2014. 5-нұсқа. 25-есеп) Жауабы: 72 қыз. Сандар қатары қандай да бір заңдылықпен берілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы керек? 14(625)11; 12(196)2; 10( ? )5 (Тест-2013. 1-нұсқа. 25-есеп) Жауабы: 225 | Оқушылар топпен шығарады, дұрыс жауапқа әрбәр топ мүшесіне 1 ұпай беріледі. |
Қорытындылау 3мин | Вен диаграммасы «Қандай ортақ формула, қандай ортақ ереже қолданылады?» 1-топ. Толақ квадрат теңдеу және келтірілген квадрат теңдеу. 2-топ. Толақ квадрат теңдеу және рационал теңдеу. 3-топ. Келтірілген квадрат теңдеу және бөлшек-рационал теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеу және бөлшек-рационал теңдеу. | Топпен ақылдасып диаграмманы толтырады. |
Бағалау 3мин | Бағалау парақшасын қолдану. | Оқушылар жинаған ұпайларын санап, өзін-өзі бағалайды, топ басшысы әр оқушының қорытынды бағасын айтады. |
Рефлексия 2мин | Өте ұнады: Жұлдызша. Ұнады: Төртбұрыш. Орташа: Үшбұрыш. | Оқушылар осы суреттерді стикерлерге салып тілек ағашына іледі. |