kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірм?ше. Бірм?шені? стандарт т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

а)О?ушыларды? бірм?ше,бірм?шені? стандарт т?рлері та?ырыптары бойынша білімдерін ж?йелейді,тере?детеді;

?)О?ушыны? танымды? ойлауын дамыту, математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. Іздене отырып, на?ты шешім ?абылдау?а да?дыландыру. С?йлесу м?дениетін дамыту.

б)О?ушыны ?жыммен бірлесе ж?мыс істеуге ?йрету, ??ыптылы??а, жина?тылы??а т?рбиелеу. ?з білімін ба?алай білуге ?йрету.

Саба?ты? т?рі:Сайыс саба?.

Саба?ты? ?дісі:Тест,топпен ж?мыс,с?ра?-жауап ж?мысы,тірек кестелер,карточкалар.

Саба?ты? к?рнекілігі:Интерактивті та?та,кеспе ?а?аздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірм?ше. Бірм?шені? стандарт т?рлері »

2 орта мектебі Көкшетау қаласы

















Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрлері

7 «А» сынып

Жакишева Сымбат Азнабаевна

ІІ санатты математика пәні мұғалімі





































Көкшетау

2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрлері.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге – деп бүгінгі сабағымызды жақсы көтеріңкі көңіл күймен бастайық.

Мақсаты:

а)Оқушылардың бірмүше,бірмүшенің стандарт түрлері тақырыптары бойынша білімдерін жүйелейді,тереңдетеді;

ә)Оқушының танымдық ойлауын дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Іздене отырып, нақты шешім қабылдауға дағдыландыру. Сөйлесу мәдениетін дамыту.

б)Оқушыны ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге үйрету, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу. Өз білімін бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:Тест,топпен жұмыс,сұрақ-жауап жұмысы,тірек кестелер,карточкалар.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.осы жердесынып екі топқа бөлінген.(үшбұрыш, төртбұрыш фигуралармен топқа бөлу)

I топ. Үшбұрыш тобы. Топ басшысы : Аружан

II топ. Төртбұрыш тобы. Топ басшысы: Дидар.

III топ Бесбұрыш Топ басшысы Тоғжан

I.«Ойлы болсаң, озып көр»(үй тапсырмасын тексеру № 89 (4,5) ,№ 90 (6,7),сұрақ-жауап)

Топтар кезекпен жауап береді. Мұғалім оқиды

1) Санды өрнек дегеніміз не? (мысал келтіру: 30+43·21)

2) Әріпті өрнек дегеніміз не? (4b+2c)

3) Қандай өрнектерді алгебралық өрнек дейміз?

4) Дәреже дегеніміз не?

5) 5³қалай оқылады және негізі мен дәреже көрсеткішін ажыратып айтыңдар?

6) 7² қалай оқылады және негізі мен дәреже көрсеткішін ажыратып айтыңдар?

7) Ұқсас бірмүшелер дегеніміз не?

(айнымалылары және айнымалылардың дәрежесі бірдей болса,ал коэффиценттері бірдей болмаса,ондай бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады.)

8) Бірмүше дегеніміз не?(санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше д.а.)

9) Кез келген санның О дәрежесі неге тең?

10) Стандарт түрде берілген бірмүше дегеніміз не?(санды көбейткіш және негіздері әртүрлі дәрежелерден тұратын өрнекті бірмүшенің стандартты түрде берілген түрі деп есептейміз)

11)Бірмүшенің коэффициенті дегеніміз не?(Стандарт түрде жазылған бірмүшенің санды көбейткіші бірмүшенің коэффициенті деп аталады.)

12)Бірмүшенің дәреже көрсеткіші дегеніміз не?(айнымалылардың барлық дәреже көрсеткіштерінің қосындысы)

2-ші кезеңі:Дәреженің қандай қасиетін білесің? Тірек карточкамен

1)aᵐ·aᶯ=(негіздері бірдей дәрежелерді қалай қосамыз?)

2)aᵐ:aᶯ=(негіздері бірдей дәрежелерді қалай азайтамыз?)

3)(aᵐ)ᶯ=(дәрежені дәрежеге қалай шығарамыз?)

4)(abc)ᶯ=aᶯbᶯcᶯ(көбейтіндіні дәрежеге қалай шығарамыз?)

5)Бөлшекті дәрежеге қалай шығарамыз?

6)Бірмүшені қалай стандарт түрге келтіреміз?

3·3a³(­5a)b=15a⁴b (3ab)²·4a=9a²b²·4a=36a³b²;

2x²y²·4xy=8x³y³ 6xy²·(2x²y³)²=5xy²·4x⁴y⁶=20x⁵y⁸

II.»Біліктілік сайысы»

Топ басшылары және екі топтан екі оқушы есепке шығады(карточкамен есепті тақтаға шығарады). Осы кезде отырған оқушылар (бір парақтағы есепті кезекпен бір-біріне беріп отырып шығарады да мұғалімге береді).Бір парақта 5 оқушыға 5есеп.

III. «Білімің – ұшар қанатың»(оқулықпен жұмыс)

Дәптерлерін ашып,бүгінгі күнді жазады,)



№91 (1,3,5) №97 (1,2,)

№ 92(1,2)

IV. «Сергіту сәті»

(Математикалық жұмбақ шешу,математикалық мақалды аяқтау) мұғалім оқиды қай топ жауап береді сол топқа 1ұпайдан беріліп отырады)

  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.(натурал сан)

  1. Бүтін сан,бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң,теріс сан бәрі осында(рационал сан)

  1. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады(дәреже)

  1. Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып жерлейді

Бірін-бірін көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да(параллель түзу)

  1. Алма ағаштан бес алма

Қандай тәтті жесе алма

Бесеуінде жеп қойсам

Болады онда неше алма(ноль саны)

Математикалық мақалдардың жалғасын тап.

  1. Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады.

  1. Бір кісі қазған құдықтан

Мың кісі су ішеді.

  1. Айдағаны бес ешкі

Ысқырығы жер жарады.

  1. Елу жылда

Ел жаңа.

  1. Бір тал ексең

Он тал ек.



V. «Шешуші сәт».

1) 3a²b·4a⁴ 4)12a³b⁵ 7)7a²b⁴ 10) 12a²b⁴

2) -5x³y³·2xy 5)-7x³y⁴8) -7x³y⁴ 11)-3x³y³

3) 10bc²·3b³c⁴ 6)30b⁴c⁶ 9)13b³c⁶ 12)30b³c⁴



Сәйкестендіру кестесі(2оқушы тақтаға шығып орындайды)

I топ. II топ.

  1. 4a²·3ab 24a⁴b² 1)5a³·4ab2 8а³b³

  2. -7xy²·3x 12a³b 2)-8xy2·4x 20a4

  3. 8a³b·3ab (-21x²y²) 3) 4a2b3·2a-32x2y2

IIІ топ.

  1. 3ху2 ·2х2у 3а3b5

  2. -5аb² ·6 а2b 6х3y3

  3. аb² · 3а2b3 -30а3b3

(Топ басшылары тақтада)

Бірмүше

Көбейту

Бірмүше

Көбейтінділер мәні





1

4a²b

*

3ab²


+



2

-5xy³

*

2x²

+




3

10y

*

2y³




+

4

6c²

*

3c²



+






VI.Үйге тапсырма.№91,№92

Бекіту сұрақтары:

  1. Бірмүше дегеніміз не?

  2. Бірмүшенің стандарт түрі дегеніміз не?

  3. Бірмүшенің коэффициенті дегеніміз не?

  4. Ұқсас мүше дегеніміз не?



VII.Қорыту,бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Бірм?ше. Бірм?шені? стандарт т?рлері

Автор: Жакишева Сымбат Азнабаевна

Дата: 01.11.2015

Номер свидетельства: 246475


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства