kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бір - біріне ?арама - ?арсы ба?ытта?ы ?оз?алыс?а есептер шы?ару

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып математика п?нінен "Бір-біріне ?арама-?арсы ба?ытта?ы есептер шы?ару" та?ырыбына ашы? саба? жоспары. Ма?саты: 1) Бір - біріне ?арама - ?арсы ба?ытта?ы ?оз?алыстар?а есептер шы?ару ?дістерімен таныстыру, жа?ындау жылдамды?ы деген ??ым беру. 2) О?ушыларды ?оз?алыс?а ?атысты есептерді шы?ару да?дыларын, а?ыл – ойын, ой - ?рісін, танымды? ?абілеттерін, логикалы? ойлауын дамыту. П?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттырып, ?з ойын ?орытындылай білуге баулу. 3) ?з Отанын, елін с?йетін, білімді де, саналы, на?ыз патриоттарды т?рбиелеу. ?зіндік ба?алау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бір - біріне ?арама - ?арсы ба?ытта?ы ?оз?алыс?а есептер шы?ару »

Қостанай қаласы

9 орта мектебі

Мурзатаева Куляш Нартаевна

Оқу орны: Рудный педучилище - мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі, Қостанай Мемлекеттік пед институтмамандығы бойынша қазақ тілі және әдебиет

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі – 36,5 жыл

Санаты: І

4 «Ә» сынып

Тақырыбы: Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару.

Мақсаты: 1) Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.

2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл – ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз

ойын қорытындылай білуге баулу.

3) Өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы, нағыз патриоттарды тәрбиелеу. Өзіндік бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: топтық - аралас

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Әдістері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, графикалық тест жұмысы.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы ( 20 бөлікке бөлінген), сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, ұран сөз, қозғалысқа қатысты формула макеті, дөңгелек, шеңбер макеттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ – Үйрену, ұғыну, ұлағат,

Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық

ІІ. «Ой ашу» стратегиясы

- Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.

1. Жылдың бесінші айын ата. / мамыр /

2. Бүгін аптаның қай күні? ( бесінші)

3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі. ( 320 )

4. Шаршы, тік төрт бұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)

5. 513 пен 515 - тің арасында қандай сан бар? (514)

6. Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш)

ІІІ. Сабақ мазмұнымен таныстыру

- Балалар алдымызда үлкен мереке келе жатыр. Ол қандай мереке?

- /.............. /

- Бұл туралы күнделікті айтып жүрміз, теледидардан да көріп жүрсіңдер. Осы мерекеге орай еліміздің облыстарында, қала - аудандарда, ауылдарда, мекемелерде « 20 жылдыққа 20 жарқын іс» деген ұранмен көптеген жұмыстар жасалып, шаралар өтуде. Бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс жасай отырып «20 жарқын іс» деген ұранмен 20 бөліктен тұратын тапсырмаларды орындай отырып, мына мозайканы құрастыруларың керек. Бұл сендердің тәуелсізік мерекесіне 20 жарқын істерің болады.

ІҮ. Тірек білімді еске түсіру.

Алғашқы 6 бөлшекті әр топқа 2 - ден таратамын. Сұрақтарға көрнекілікті пайдаланып жауап береді де, өрнектерді тақтаға шығарады.

І топ. 1) Шеңбер деген не? 2) 4200 * 70

ІІ топ. 1) Дөңгелек деген не? 2) 548100: 90

ІІІ топ. 1) Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы айт.

2) 15300 * 80

- Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз? /............ /

Ү. Жаңа сабақ.

- Бүгінгі сабағымызда бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бір - біріне жақындап келеді.

V¹=40 км/сағ -------------------- t =? сағ --------------------- V²=60 км/сағ

-----------------------------------S = 400 км

Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

V жақынд. = V¹ + V²

60 + 40 = 100 ( км/сағ )- автокөліктердің жақындау жылдамдығы.

Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін біу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.

t = S: Vжақынд.

400: 100 = 4 ( сағ )

Жауабы: автокөліктер 4 сағаттан кейін кездесті.

- Әр сағат сайын автокөліктердің арақашықтығы қанша уақытқа қысқарады? Кестені толтырайық.

t ------------------------------------1 сағат -------------------2 сағат ---------------------3 сағат

Автокөліктер арасындағы арақашықтық

Уақыт белгілі, жақындау жылдамдығы белгілі, арақашықтықты табу үшін не істейміз деп ойлайсыңдар? Формуласын құрастырып көріңдер.

S =Vжақынд. • t

Әр топтан 3 оқушы шығып әр бағанды толтыра отырып, 3 бөлшекті орнатады

ҮІ. Оқушы білімін алғашқы бекіту.

10 - бөлшек. №2 есепті шығар (Оқушыға есепті оқытамын, талдаймыз)

- Бұл есепті 2 тәсілмен шығаруға болады, осы тәсілдерді қарастырып, түсіндіріп көріңдер. (тақтаға ілемін)

1 – тәсіл

1) 14 • 2 = 28 (км)

2) 12 • 2 = 24 (км)

3) 28 + 24 = 52 (км)

2 – тәсіл

1) 14 + 12 = 26 (км/сағ)

2) 26 • 2 = 52 (км)

- Ал енді келесі бөлшектердің тапсырмаларын орындайық. №3 тапсырма

І топ. 11 - бөлшек. №3 (а) 60 + 40 = 100 (км/сағ) – Vжақынд.

100 • 2 = 200 (км)

Жауабы: ауылдардың арақашықтығы 200 километр

ІІ топ 12 - бөлшек. №3 (ә) 60 • 2 = 120 (км) – 1 - автокөлік

(200 – 120 ): 2 = 40 (км/сағ)

Жауабы: V²= 40 км/сағ


ІІІ топ 13 - бөлшек. №3 (б) 60 + 40 = 100 (км/сағ) – Vжақынд.

200: 100 = 2 (сағ)

Жауабы: 2 сағаттан кейін

- Осы есептер бір – біріне кері есеп бола ма?

- / кері есептер /

- Тағы да бір кері есеп құрастыруға бола ма? / /

- Сонымен бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруда жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

ҮІІ. Логикалық тапсырмалар

І топ. 14 - бөлшек. Менің ақшам осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (100 теңге болған)

ІІ топ. 15 – бөлшек. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу? (2 ұл, 2 қыз)

ІІІ топ. 16 - бөлшек. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? (екеуі бірдей)

ҮІІ. Оқушылардың тірек білімдерін пысықтау жаттығулары.

17 – бөлшек. № 4 ауызша. Уақыт қаншаға артты?

??

12: 15--------→13: 05 ------------→16: 25

--------(50 мин) ------(3 сағ 20 мин)

18 – бөлшек. №5 әр топтан бір оқушыдан шығып берілген өрнекті тиімді тәсілмен есептейді.

450 • (2 • 7 ) = (450 • 2 ) • 7 = 900 • 7 = 6 300

720 • ( 9 • 2 ) = ( 720 • 9 ) • 2 = 12 960

17 • 2 • 8 • 125 = ( 17 • 2 ) • (8 • 125 ) = 34 • 1000 = 34 000

19 – бөлшек № 6 тапсырма ( Сызбамен жұмыс )

- Кесіндінің қайсысы радиус болып табылады?

- Қайсысы диаметр?

Радиустар 1) ОС, ОМ, ОХ, ОА 2) ОС, ОВ, ОД

Диаметр 1) ХО 2) ВД

20 - бөлшек Өздік жұмыс №7

Екі бірдей шаршыдан қабырғалары 3 см және 6 см болатын тік төртбұрыш құрастырылды. Есептің сызбасын сызып, периметрін тап.

ҮІІІ. Сабақты бекіту кезеңі

- Міне, балалар, бүгінгі сабағымызда сендер 20 жарқын іс істеу арқылы еліміздің картасын құрастырдыңдар. Жарайсыңдар! « Егеменді елдің ертеңі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді» деп айтылғандай сендердің еліміздің көркеюіне ең басты қосар үлестерің сабақты жақсы оқып, оқуды жақсыға аяқтау.

графикалық тест

1. V¹=20 км/сағ---------------t =? сағ---------------V²=26 км/сағ

--------------------------------S = 460 км

А) t = 2 сағ б) t = 10 сағ в) t = 5 сағ


2. V¹=60 км/сағ-------------t = 2 сағ---------------V²= 80 км/сағ

--------------------------------S =? км

А) 280 км Б )360 км в)140 км


3. V¹=? км/сағ-------------t = 3 сағ-----------------V²=5 км/сағ

----------------------------S = 27 км

А) 5 км/сағ б) 6 км/сағ в) 4 км/сағ


4. Жақындау жылдамдығы неге тең?

А) Жылдамдықтардың қосындысына

б) Жылдамдықтардың айырмасына

в) Жылдамдықтардың көбейтіндісіне

5. Автокөлік 65 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жолда болса, қанша жолды жүріп өтеді?


А) 67 км б) 120 км в) 130 км



ІХ. Сабақты қорытындылау

- Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарың бар ма?

- Сабақтан не түсіндіңдер? Не білдіңдер?

Х. Бағалау

ХІ. Үйге тапсырма. № 2 (ә), № 9







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бір - біріне ?арама - ?арсы ба?ытта?ы ?оз?алыс?а есептер шы?ару

Автор: Мурзатаева Куляш Нартаевна

Дата: 27.11.2014

Номер свидетельства: 136187


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства