Сабақтың тақырыбы | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар.Т.А.Алдамұратова 6-сынып оқулығы |
Мақсаты | Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жазылуын, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=в теңдеулерінің шешудің үш түрлі жағдайын білу.Тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын нығайту.Бір-біріне көмек көрсете білу, ұйымшыл, әрі жинақы болу. |
Міндеттері | Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу; Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау арқылы бекіту. Ынтымақтастық қарым-қатынаста тәрбиелеу. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту. |
Күтілетін нәтижелер | Оқушылар тақырыпты бойынша білімдерін толықтырады, топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін айта алады,сыни ойлай білуге үйренеді, ақпаратты тиімді қолдана біледі. |
Көрнекілігі | Презентация, проектр,тест тапсырмалары, бағалау парағы. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 7 мин | Сыныппен амандасамын. Психологиялық дайындық. Оқушылар 3 топқа адын-ала бөлінген.Топ көшбасшысын іріктеу.Логикалық сұрақтар арқылы. Үй тапсырмасын тексеру.Әр топ дайындаған сөзжұмбақтарын жасырады. | Сынып топқа бөлінеді. Топ ережесін еске түсіреді. Өзара бағалау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Топпен ақылдасып, сөзжұмбақтың жақсысын таңдап және қорғайды. Әр топ бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды |
Тұсау кесер Білу 5 мин | Миға шабуыл «Қайталау- оқу анасы» Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды? Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? Егер а≠0 болса, бір айнымалысы бар сызықтың теңдеудің түбірі қалай табылады? Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер? | Оқушылар ауызша тапсырмаларды орындайды. |
Түсіну 5мин Түрткі сұрақтар арқылы. | Блок-схеманы қолданып бір айнымалысы бар теңдеудің түбірін табуға мысал келтіру. | Блок-схеманы қолдануға мысалдар келтіреді.3мысал. |
Негізгі бөлім Қолдану. 12 мин | Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру. «Ойлан, жұптас ,талқыла». І топ- №876(1),855(1) ІІ топ-№876(2),855(2) ІІІ топ-№876(3),855(3) Шығармашылық тапсырма. Суреттер бойынша теңдеу құрып, оны шығару. | Әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді.Топта шешіп тақтаға шығып талдап түсіндіреді. Қалған топ оқушылары тыңдайды. Топпен жұмыс жасайды. Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады. |
2 мин | Сергіту сәті. «Билеуші құндыз» | Оқушылар бірге билейді. |
Талдау 3мин | Ауызша тапсырмалар орындау. Логикалық тапсырма: «Іріктеу» әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табу. х(х+3)=10; 2) х(х+7)=18; 3) х(х-1)=42; 4) (х-9)х =36; | Оқушылар есептің жауабын ауызша талдайды. |
Жинақтау 5мин Жеке жұмыс | «Білім таусылмайтын кен». Тест жұмысы АКТ қолдану арқылы тест тапсырмасын орындау. |
Оқушылар тест жұмысы бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді. |
Қорытынды 2 мин Кері байланыс | Критериалды бағалауға бейімдеу Топтардың бағаларын талдау Қорытынды бағаны шығару Бағдаршам арқылы бағалау Түсінгенін білу үшін қолданыңыз. Мысалы: Қызыл түс – түсінген жоқпын; Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар; Жасыл түс – барлығы түсінікті. | Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды. Оқушылар бағдаршам түстері бойынша таңдаған түстерін көтеріп бағалайды. |
Үйге тапсырма 1 мин | Өзіндік жұмыс №4тапсырма Жәутіков О.А. реферат. | Оқушылар күнделіктерін ашып, үй тапсырмасын жазып алады. |
Бағалау 2 мин | Бағалау критерий бойынша жинаған ұпайларын даму мониторингіне жазып жиынтық бағаны шығару. | Топ жетекшісі жалпы ұпай санын шығарады. |