Просмотр содержимого документа
«Білімдерін пысы?тау »
Тақырыбы:Білімді тиянақтау
Мақсаты:
Оқушылардың алғашқы алған білімдерін бекіту.
Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс –тәсілдері: талдау, көрнекілік, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, ат макеттары, тақта, эмблемма, ойындар, шоколадтар, мақал, сөзжұмбақ, ребус, әуен, таға –фишка ретінде.
Барысы: І. Қызығушылықты ояту.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Алдағы уақытта не істейтінімізді сендер өздерін біліп, табу керексіңдер. Ол үшін мен сендерге тапсырма беремін.
* Тапсырма: Берілген сандардың орналасуы бойынша сөздерді оқы.
(тапсырманы әртопқа үлестіру)
Т
Р
А
Ж
А
С
Ы
1
2
3
4
5
6
7
3, 1 АТ
4, 5, 2, 7 , 6 ЖАРЫС
-Балалар бұл сөздер сендерге таныс па? –Сонда бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бүгін ат жарысы, «Бәйгеде» жарысқа түсеміз. Бұл қандай ойын? (Ұлттық)
Міне аттармен жарысамыз.Шаптырым жеріміз 8 километр. Әрине әр кл-де көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз, кім мәреге бұрын жетеді, сол жеңімпаз болады.
І топ – Тор атпен шабасыңдар, ( қоңыр түсті ат)
ІІ топ – Күрең қасқа атпен шабасыңдар, (қызыл, қызылғылт ат)
Бәйгемізді бастайық!
1 километр тапсырмаысы: «Өрнектің мәнің тап»
34 + 19 = 53 – 18 = 5 + 9 – 6 =
72 – 18 = 50 – 17 = 17 – (12 – 5) =
46 + 25 = 71 – 24 = 90 – (13 – 6) =
2 километр тапсырмасы: «Сөзді есеп»
Мадинада 50 теңге бар. Балмұздақ сатып алғаннан кейін оның 20 теңгесі қалды. Балмұздақ неше теңге тұрады?
Орамнан 20 м матаны қиып алғанда, онда тағы 40 м мата қалды. Орамда барлығы неше метр мата болды?
3километр тапсырмасы: «зейінділікке тапсырма»
1-топ. 2 топ.
Неше үшбұрыш? (5) Неше төртбұрыш? (5)
4 километр тапсырмасы
Сергіту сәті:
1) Бұл шеңберде нүкте нешеу,
Сонша қолыңды көтер дереу.
2) Қанша шаршы көріп тұрмыз,
Сонша алға еңкейеміз.
3) Кесінді нешеу болса,
Сонша секір қуана.
Бұрыштарды санайық,
Сонша отырып, тұрайық.
-Демалдық па , балалар, ендеше бәйгеміз жалғасады.
5 километр тапсырмасы: «Теңдеу шеш»
13-х=9 а-12=40
7+х=12 9+х=18
6 километр тапсырмасы.
Тапсырма:
Қорыту:
-Жарайсыңдар, балалар! –Қайсы топ жеңді екен?
-Балалар бүгін не білдіңдер? – Не үйрендіңдер? - Не істедіңдер?
-жарайсыңдар, ұлттық ойынымыз «Бәйге» ұнады ма?
Ал білімді қайдан аламыз?
-Ендеше балалар, көп кітап оқып білімді болайық. 1-1-ге шапалақтайық.