kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білім шыңы" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру негізі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды саяхатқа шығады. Қазақстанның жалауын таудың ең биік шыңына шығару

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білім шыңы" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру негізі пәнінен қысқа мерзімді жоспар»

Тақырыбы: «Білім шыңы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: мектепке даярлық тобының балаларының жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, ой-өрісін кеңейту, сөздік қарым-қатынастарын байыту.

Тәрбиелігі: балаларды достыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Дамытушылығы: шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ой белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Қолданатын көрнекі құралдар: магниттік тақта,түрлі суреттер, кеспе сандар мен әріптер, геометриялық пішіндер, ақ қағаз, желім, фломастерлер.

Оқу іс-әрекет барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері: Қол ұстасып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарыңмен бір жүру.

Қандай жақсы дос болу,

Қандай жақсы көп болу.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біз бүгін табиғат аясына шығамыз (балалар көздерін жұмып, елестетеді), қандай тамаша көктемгі күн, ауа-райы жылы, құстар ән салып жатыр, алдымызда биік тау тұр, жиегіне көк шөп шығып келеді, ең биік шыңында аппақ қар, кандай керемет!

-Балалар, біздің мақсатымыз осы тауға міну, ең биік шыңына жету.

Таулардың биік шыңдарын кімдер жеңеді? (Альпенистер)

Бізде бүгін «альпенистер» боламыз. (қауыпсіздік ережелерін естеріне түсіру).

Биік шыңға жету жолында, қиын-қиын тау жолдарынан өту керекпіз- таудың қатпарларынан. Әр қатпарларда тапсырмалар бар, соны орындап шығуымыз керек, сонда біз, деген мақсатымызға жетеміз. Келісесіңдер ме, балалар?!

ІІ. Негізгі кезең.

«Матаматика» қатпары. Тапсырмалар:

  1. 1-10 ға дейін тура, кері санау (және орыс ағылшын тілінде)

  2. суреттегі заттарды санау, тиісті санды көрсту.

  3. геометриялық пішінді атау, түсін айту, затқа ұқсастыру.



«Сауат ашу» қатпары. Тапсырмалар:

  1. Әріп және дыбыс ерекшілігі. (Әріп-таңба, әріпті көзбен көреміз, қолмен жазамыз. Дыбыс-әріптің айтылуы, ауызбен айтамыз, құлақпен естиміз).

  2. Ақ парақта жазылған сөздерді оқу,дыбыстық талдау жасау.

  3. Сөзді оқу, буынға бөлу.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық!

«Қоршаған орта» қатпары. Тапсырмалар:

Топтық жұмыс: 1 топ- апта күндерін атау.

2 топ- жыл мезгілдерін атау (көктем мезгілін сипаттау)

1 топ- «жанды табиғат» суретті іріктеу (күн, су, топырақ, бұлттар, тау, тас, қар, мұз)

2 топ «жансыз табиғат» суретті іріктеу (адамдар, жануарлар, өсімдіктер, құстар, жәндіктер, микроағзалар)

-Міне балалар, біз сіздермен биік таудың шынына да , өз қайсарлығымыз арқылы, біліміміз арқылы, бірлігіміз арқылы жетіп, жендік. Жеңген шынымыздың атын «Білім» деп қояйық.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Тұнғыш президентіміз кім?

-ҚР-ның рәміздері?

-Шынға нағыз альпенистер сияқты Қазақстан Республикасының көк байрағын тігейік.

ІІІ. Қорытындылау кезеңі.

Сыныпқа оралу. Балаларды мақтап-мадақтау.

-балалар, бүгінгі саяхатымыз ұнаса-қызыл алмаларды ағашка жапсырамыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Кудеренова Нургуль Сагидуллаевна

Дата: 10.02.2018

Номер свидетельства: 456192


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства