kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білім ж?лдызы" танымды? сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

1.О?ушыларды? білім де?гейлерін ба?ылау,  білімді о?ушыны аны?тау, білімді, тап?ыр, ізденімпаз о?ушылар ?атарын к?бейту;

2.О?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту, танымды? ?абілеттерін арттыру, білімді, жан-жа?ты болу?а да?дыландыру. О?ушыларды? тез ойлауын ?штау, тез ?рі д?рыс шешім ?абылдауын дамыту. білімге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру;

3.Сайыс ар?ылы сынып арасында?ы байланысты ны?айту, ?йымшылды??а, жолдасты??а, ал?ырлы??а, белсенділікке ж?не жеке т?л?а етіп ?алыптасуына жа?дай жасап, ту?ан жерін, Отанын ?астерлеп, с?юге, ?з еліні? патриоты болу?а т?рбиелеу.Салт-д?ст?рді ?мірмен байланыстыру. С?з м?йегін т?сіне білуге, ?мірде  ?олдана білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білім ж?лдызы" танымды? сайысы »

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыны анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту;

2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, білімді, жан-жақты болуға дағдыландыру. Оқушылардың тез ойлауын ұштау, тез әрі дұрыс шешім қабылдауын дамыту. білімге деген қызығушылығын арттыру;

3.Сайыс арқылы сынып арасындағы байланысты нығайту, ұйымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптасуына жағдай жасап, туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.Салт-дәстүрді өмірмен байланыстыру. Сөз мәйегін түсіне білуге, өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Аймақтық компонент: Көкпекті ауылы туралы білімдерін тереңдету.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, проектор, слайд

Мұғалім:

Армысыңдар,ағайын,

Ағайын тілін табайын

Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар

Сайысқа келген сайланып,

Отырам деп жайланып

Көрермендер аман ба,

Отырған анау ойланып

Бәріңізге бір сәлем.


Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қарандар

Мінеки, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы.

«Білім жұлдызы» сайысын біз бастаймыз.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.- деп алаңымызға бүгінгі ойын сайыскерлерін қошеметпен шақырайық.

1.Мұратханов Мирас

2. Жұмаханов Думан

3.Хасенова Еркежан

4.Шайзатов Адлен

Шақырайық біз төрге.

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңдер. –деп ортамызға әділ қазылар алқасын шақырайық. (Келген қонақтар арсынан әділқазыларды тағайындау)

1.-----------------------------------------------------------------------

2.-----------------------------------------------------------------------

3.------------------------------------------------------------------------

4.------------------------------------------------------------------------


Құрметті, оқушылар біз бүгінде егемен елде өмір сүріп жатырмыз.Биыл біздің тәуелсіздігімізге 23 жыл толып отыр. Ұлы Жеңіске 2015 жылы 70 жыл толады. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Сендер тәуелсіз елдің болашағысыңдар. Біз сапалы білім алғанда ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Бүгінгі танымдық сайысты  «Білім жұлдызы» деп алуымның себебі , жұлдыз ол өте жарық әрі биік аспан денесі. Сайысқа қатысып отырған оқушылардың ішінен біреуі бүгін «Білім жұлдызы» атағына ие болады. Ол үшін сендер өздеріңнің жан-жақты, білімді екендіктерінді көрсете білу керексіңдер. Сайысқа келіп отырған  сайыскерлерге жүлделі орыннан көрінсін деген ниетпен, ақ жол тілеп, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


1.    Адамдардың  қатынас  құралы (  тіл )

2.    Қазақстанның   тұңғыш  ғарышкері ( Т.Әубәкіров )

3.    Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)

4.    Ең кіші натурал сан? (1)

5.    Біздің  туда  не  бейнеленген ? (  қыран , күн , ою )

6.   Қазақтың  үш  биін  ата (Әйтеке ,  Қазыбек ,  Төле )

7.   Белгісіз  санды  әріппен   белгілейтін  теңдік .( теңдеу )

8.   Рейстагқа  ту  тіккен  кім ? ( Р.Қошқарбаев )

9.    Бәйтеректің  ұзындығы  неше  метр ?(  97  метр )

10.    Қағаз  неден  жасалады  ? ( ағаштан )

11.Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

Жауабы: Есіміміз

12.Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

Жауабы: Өмір

13.Қай айда 28 күн бар?

Жауабы: Барлық айда

14.Король кімнің алдында тәжін шешеді?

Жауабы: Шаштараздың

15.Қай жерде дүйсенбі жексенбіден бұрын келеді?

Жауабы: Сөздікте

16.Құлақ не үшін керек?

Жауабы: Көзілдірікті ұстап тұру үшін

17.Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады?

Жауабы: Жол полициясы

18.Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?

Жауабы: “а” әрібі

19.Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?

Жауабы: Запастағы дөңгелек

20.Ненің көлеңкесі жоқ?

Жауабы: Көлеңкенің





21.Жеген сайын жылататын нәрсе?



Жауабы: Таяқ



Тұлғалар 10 20 30

Салт-дәстүр 10 20 30

Туған өлкем 10 20 30



10. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
20. Үш биді ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

30. Жылдың төрт мезгілін жырлаған ақын кім? (Абай)



Салт-дәстүр:

10  Жаңа туған нәрестенің ең алғашқы көйлегі. (Ит көйлек)
20  Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын. (шұбат)
30 Ананың сәбиіне айтатын әні (Бесік жыры)



Туған өлкем:

10 Көкпекті ауданының 80 жылдығы қай жылы атап өтілді? (2010)

20 Көкпекті ауданының жер көлемі қанша км? (14 575 кв км)

30 Ауданымыздан шыққан ақын. (Қ. Алтынбаев)

III Кім жүйрік?

11 сектор бойынша математика және логикадан есептер беріледі. Математикалық жұмбақтар жасырылады. Сайыскерлер жылдам әрі дұрыс шеше білуі тиіс. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

IVСандар сыры (Көрермендермен жұмыс). Адасқан сандарды тез байқап, мақал-мәтел құрастыру.

Сандар сыры, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал-мәтел оқи аласыңдар.



1-А

2-Ә

3-Б

4-В

5-Г

6-Ғ

7-Е

8-Е

9-Д

10-Ж

11-З

12-И

13-Й

14-К

15-Қ

16-Л

17-М

18-Н

19-ң

20-О

21-Ө

22-П

23-Р

24-С

25-Т

26-У

27-Ұ

28-Ү

29-Ф

30-Х

31-һ

32-Ц

33-Ч

34-Ш

35-Щ

36-ь

37-ъ

38-Ы

39-І

40-Э

41-Ю

42Я



1  15  38 16  -  25  20  11  3  1  13  25  38  18    25   20  18.
3  39  16  39  17 – 25  1  26    38  16  17  1  13  25  38  18 14 8 18.



Жауабы.

Ақыл –тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

Қорытынды: Ойын   соңында   әділқазылар  алқасы     төрт  баланың    ұпайларын  есептеп,жеңімпаз  оқушыға «  Білім жұлдызы»  деген  атақ  беріліп,  тиісті  сыйлықты  табыс  етіледі .

Ақ  тілектерін айтады.

Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар.



Алдыңызда жайнаған жүздер әні.

Сіздермен кездесеміз біздер әлі,

Әділ-қазы , көрермен сау тұрыңдар,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі



Сайысымыз аяқталды.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! назарларыңызға рахмет!

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп















/сыныптан тыс жұмыс/



Өткізген: Абсадыкова С.К – математика пәнінің мұғалімі











2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Білім ж?лдызы" танымды? сайысы

Автор: Абсадыкова Салтанат Канагатовна

Дата: 20.03.2015

Номер свидетельства: 189183


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства