kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейімделу-балалардың балабақшаға үйренуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бейімделу-балалардың балабақшаға үйренуіБалабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы. Себебі, балабақшада оны күткен өзі қатарлас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейімделу-балалардың балабақшаға үйренуі»

«Бейімделу-балалардың балабақшаға үйренуі»

Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы. Себебі, балабақшада оны күткен өзі қатарлас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшада тәрбиеленуші таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.

Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды. Өйткені, тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс.

Өкінішке орай, балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

-        Басқа  адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

-        Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

-        Кейбір  тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

-        Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.

-          жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

- орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;

-      ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарына мейірімді болса, балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кетеді.

Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психолог пен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына жағдай жасалған жөн. Сәбидің ата-аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп-шығуы, топ бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға баласын беретiн ата-аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге болады.
Балабақшада баланың машықтануы 1-2 сағаттан бастауға керек, бiр жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Ата-аналар қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн болатынына көз жеткiзгенде қалдырады. 
Бейімделу стресі ағзаның қорғаныс күштерін әлсірете бастайды да, бала ОРЗмен, тамақ аурумен ауыра бастайды. Бұл уақытта, мүмкіндігінше, баланың иммунитетін күшейтуді қолға алаңыз. Сонымен қатар, топқа алғаш келген бала өзін қолайсыз сезінеді, эмоциясын сыртқа шығармауға тырысады, бұл ішке салмақ түсіреді, егер оны уақытында сейілтіп алмаса басты шалығудың себебі болуы мүмкін. Сол үшін, үйде баламен көбірек жылжымалы қызықты ойындар ойнап тұруға уақыт бөліңіз.

 Баланың жан-жақты дамуына, тез тіл табысып кетуіне, өзін-өзі тануына, жақсы қасиеттерін ашуға балабақшаның тигізер пайдасы зор. Ендеше , жас бөбектер, балабақшадағы қадамдарыңызға нұр жаусын!!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бейімделу-балалардың балабақшаға үйренуі

Автор: Балгынбаева Куаныш Галымбековна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419334


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства