Ша?ырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлерімізді? білімі мен ба?а беретін ?діл ?азыларал?асын орта?а ша?ырамыз. Б?гінгі кешті? жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу р?сімі
І топ «?шб?рыш» тобы.
?раны: Білікті бірді жы?ар.
Білімді мы?ды жы?ар.
С?лемдесуі: Біз дайынбыз б?л сайыс?а достарым,
К?рсетеміз бізде ?андай к?ш барын.
Ал?а ?ой?ан ма?сатымыз бір екен.
С?тті болсын сапарымыз ?рдайым.
«?шб?рыш» тобынан ?арсылас топтар?а с?лем.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ба?ытты с?т" математкалы? ойын »
«Бақытты сәт» математикалық ойын сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу рәсімі
І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Таныстыруы: Үшбұрыш - деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:
1) тең қабырғалы үшбұрыш
2) тең бүйірлі үшбұрыш
3) әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:
1) тік бұрышты үшбұрыш
2) сүйір бұрышты үшбұрыш
3) доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180-градусқа тең.
ІІ топ «Квадрат» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
Қасиеттері: 1) диогональдары тең
2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады
3) ішкі бұрыштарының қосындысы 360-градусқа тең.
ІІІ топ «Трапеция» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!
Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.
Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.
Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі
2) тік бұрышты
Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.