Досың солар табылатын қасыңнан,- дегендей, бүгінгі математика сабағында біз «Математика»аталатын керемет әлемге саяхатқа шығамыз.Оған жету үшін ну орман ішімен өтуіміз керек.Орман ішінде жабайы жануарлар өмір сүреді.Әрине, олар бізді жай жібере салмайды,дайындаған тапсырмалары бар екен.Сол тапсырмаларды орындап, сүрінбей өтуіміз керек.
- Ал, балалар, саяхатха шығуға дайынбыз ба?
- Олай болса,бәріміз ұрандатып мына өлеңді айтайық.
Қабан тапсырмасы:Шығармашылық жұмыс. № 11. Теңдіктер тура болатындай етіп, бос орынға арифметикалық амалдар таңбасын және жақшаларды қой.
( 45 + 54) : 9 = 11 2 ∙ (3 – 1) – 3 = 1
(56 + 49) : 7 = 15 ( 3 + 5) – ( 2 + 5) = 1
(28 + 32) : 4 = 15 4 + (7 – 3) – 7 = 1
Қабан: «Терең ойла»логикалық тапсырмалар.
1)Екі алма қолға алдым,
Екі алма қалтаға салдым.
Үшеуін алды Айша
Бәрі сонда қанша? /7 алма/
2) Үй мен мектеп арасы
Үш шақырым шамасы.
Барып келгенде жаяу,
Қанша жүріпсің санашы?
/6 шақырым/
3)Інім жеті жаста,
Ағам жиырма жаста.
Інім ағамнан кіші қанша жасқа?
/13 жасқа/
- Жарайсыңдар,аңдардың барлық тапсырмаларын орындадыңдар.Енді «Математика»еліне жол тартайық.
- Мұнда не күтіп тұр?Балалар, «Математика» әлеміне саяхат жасай отырып,білімдеріңді кеңейтіп,жетілдірдіңдер.Математиканың сендерге айтар сөзі бар.Сандарды ретімен орналастырыңдар,сонда сендерге арналған сөз шығады./рақмет/