Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "1-ден 5-дейін тура ж?не кері санау".»
Сабақтың тақырыбы:1-ден 5-дейін тура және кері санау.
Сабақтың мақсаты: 5 көлемдегі сандардың ретімен аталуын,әрбір санның алдындағы және келесі санды дұрыс айта білуге үйрету. Ертегі арқылы қамқорлыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, суреттер, ертегі кейіпкерлері, орман көріністері.
3-тапсырма. Д/О «Не құрастыруға болады?» Балалар тақтада пішіндермен жұмыс жасайды. Үшбұрыштан шырша, үш дөңгелектен бағдаршамның көздерін, төртбұрыш пен үшбұрыштан үй, жүк көлігін құрастырады. Олардың түстерін ажыратады, қанша пішінді пайдаланғанын айтады.
Аю Бауырсақты босатады.
Тәрбиеші: Ал, енді Бауырсақ қандай аңмен жолығады.?
Балалар: -Қасқырға.
Қасқыр келеді.
Тәрбиеші: Қасқыр алыстан шаршап келіпті, ал сендер шаршадың дар ма?. Ендеше, сергіту жасап, қасқырмен бірге серігіп алайық.
Сергіту жаттығуын орындау.
4-тапсырма. Сандарға арналған санамақтар айту.
Бір дегенім –бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі деген елім,
Дала тауым көлім.
Үш дегенім –үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім-төзім
-Тәрбиеші: Қасқыр Бауырсақты босатады.Бауырсақ Қояннан, Аюдан Қасқырдан құтылып келе жатса,алдынан қандай аң шығады ?.
Балалар: Түлкі.
Тәрбиеші: -Түлкі қандай аң?
Балалар: -Қу , айлакер .
Түлкі келеді
Тәрбиеші: Ал балалар түлкі Бауырсақты оңайлықпен жібере салмасы анық.
1-тапсырма 1-ден, 5-ке дейінгі сандарды тақтаға жаздырту.
Балалар тақтаға 1,2 ,3,4 ,5 сандарын жазады.
2-тапсырма « Қисынды есептер»
Бір алма берді анасы,
«Аз» - деп тұр баласы .
Екеуін тағы беріп еді ,
Нешеуі болды ойланшы? 1+2=3
Далада тұр үш түйе,
Қосылды тағы екі түйе.
Жалпы саны түйелердің
Болды неше , есепте ? 3+2=5
Қортынды:
Тәрбиеші: Ертегіде неше аң бар?
Біз Бауырсаққа көмектесіп, нені білдік? нені үйрендік?
Балалар: -Ертегіде төрт аң бар .
-1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды пішіндерден үй, көлік, шырша, бағдаршамның көздерін құрастыруды,санамақ айтуды, жұмбақ шешуді үйрендік.
Тәрбиеші: -Балалар ,Бауырсақ сендерге риза болып атасымен әжесіне кетті. Сендерде ата мен әжелеріңді тыңдауларың керек.
Осыменен ертегілер еліндегі қызықты математика әлеміне саяхатымыз аяқталды.
Балаларды мадақтау, сабаққа жақсы қатысқан балаларға жұлдызша таратып беру.
Күтілетін нәтиже:«5»-ке деиін тура және кері санау. Сандарды және цифрларды ажырату