kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?ты? та?ырыбы: К?бейту

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-сынып

 Ашы? саба?ты? та?ырыбы: К?бейту

Саба?ты? ма?саты: К?бейту ж?не б?луді? кестелік жа?дайы туралы білімдерін бекіту.

Білімділік: к?бейту ж?не б?луге берілген есептерді шы?ару да?дыларын жетілдіру.

Дамытушылы?: О?ушыларды? логикалы? ойлау,танымды? ?абілеттерін арттыру, шы?армашылы?пен ж?мыс істей білу да?дысын ?алыптастыру

Т?рбиелік: ?аза?ты? ?лтты? ойындары  ар?ылы балаларды ?йымшылды??а, жылдамды??а,тап?ырлы??а,?аза?ты? салт-д?ст?рлерін ??рметтеуге ?йрету,Отан?а, ту?ан елге деген с?йіспеншіліктерін арттыру.

Саба? типі: Білімді бекіту, бір ж?йеге келтіру.

Саба?ты? т?рі: саяхат саба?

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, к?рнекілікпен ж?мыс, іздену, ?айталау,кіріктіру, топты? ж?мыс.

??рал-жабды?тар: Интерактивті та?т

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?ты? та?ырыбы: К?бейту »


3-сынып

Ашық сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлуді пысықтау.


Сабақтың мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.

Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа,тапқырлыққа,қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету,Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау,кіріктіру, топтық жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!

Математика-Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен.Яғни математиканы

білсек барлығын да білеміз екенбіз.

II. Актуализация

1) 5-есеп Амалдар тәртібін анықта және есепте.

(120+300):7=60 720:8+200=290 (370+30):5=80

(500-20):60=8 360:60+840=846 370+150:5=400

7·(700-650)=350 560:8·3=210 50·6+630:9=370

2. Тірек білімдерін белсендіру.

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Сынып жұмысы.

- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

- «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз 5 жақсы қасиет және 5 жаман қасиет туралы айтқан.

- 5 қандай сан?

- Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

1.Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

2.Оқушыларды «Бозжорға», «Құлагер» деген екі топқа бөлу.

Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды екі топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз!

Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілерімен бағаланып отырады.


1.«Көкпар» ойыны. Ауызша есепте.(1-есеп)

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым соған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан

1.«Бозжорға»тобы 2.«Құлагер» тобы

6·20 5·20 7·100 3·100

8·20 2·20 9·100 0·100

0·20 9·20 5·100 4·100



2. «Асық ату» ойыны. Қай сан орнында жоқ? (2-есеп)

Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

1. «Бозжорға» тобы 2 .«Құлагер» тобы

9 · □ = 540 1000 - □ =630 □ : 7 = 90 □ : 90 = 7

380+□ = 540 7 · □ = 630 810 : □ = 90 700 : □ = 7

90 · □ = 540 □ · 90 = 630 10 · □ = 90 210 : □ = 7


3. «Теңге ілу» ойыны. Амалдарды орында.(3-есеп)

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Амалды орындап көріңдер

Екі топқа бірдей тапсырма:

45- (5·2) 9·(3+6) 50: (7+3) 63: (4+3)

24: (4+4) 48: (6+2)

4. «Қыз қуу» ойыны. Теңдеулерді шеш. (4-есеп)

Көп білетін оқушы Тақта алдына келеді Теңдеулердің шешімін Дұрыс тауып береді

Екі топ теңделеулерді орындайды.(1ұл, 1 қыз тақтада орындайды)

Теңдеулерді шеш:

100-х=30 250-х=50

48:с=6 81:с=9

а•5=10 а• 9=72


5. «Аударыспақ» ойыны. Есеп шығару (5-есеп)

Қане тәртіп сақтайық

Тез есептеп аттайық

Алға қадам басқанда

Батылдықпен аттайық

«Бозжорға» тобы «Құлагер»тобы

Ыдыста 60кг кәмпит болды. 4 қорап тұз үшін 120тг төленді.

9оқушының әрқайсысына 5 Осындай 8 қорап тұз үшін қанша

кәмпиттен берілді.Ыдыста неше ақша төлеу керек?

кәмпит қалды?

ІV. Сергіту сәті.

6. «Бәйге» ойыны

Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.

«Бозжорға» тобы

1. 5ондықты 3есе арттыр

2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан

3. 6ондықтан 2 есе артық сан

4. 1дм-де неше см бар?

5. 30 бен 50-дің қосындысы


«Құлагер» тобы

1. 3 ондықты 2 есе арттыр

2. 93-тің алдында келетін сан

3. 1 сағатта неше минут бар?

4. 90 мен 40-тың қосындысы?

5. 7 ондықты 2 есе арттыр


7. «Абай ауылына» да келіп жеттік. Балалар,біз «Абай» шаңырағына енуіміз үшін төмендегі сұрақтарға жылдам жауап беруіміз керек. Қай топ тез жауап берсе, сол топ «Абай» шаңырағына бірінші енеді.

8. Логикалық тапсырмалар

1 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?

2. Бір сағатта неше минут бар?

3.Бір аптада неше күн бар?

4.Бір жылда неше ай бар?

5.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

V. Үйге тапсырма : 175 бет, 7-есеп

VІ. Сабақ қорытындысы:

- Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен көрсету).

- Бүгінгі матема тика сабағында нені үйрендік?

- Өткен тақырыптарды қайталадық.

- Ұлттық ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.

- Есептер шығардық.

- Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.

- Отан, туған ел туралы өлеңдер оқыдық.

- Абай атамыздың өлеңдерін еске түсірдік.

- Жылқы малы туралы мақалдар айттық.

VІІ. Білімді бағалау.

Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілермен бағаланып отырды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашы? саба?ты? та?ырыбы: К?бейту

Автор: Алимжанова Сауле Гизаткызы

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176441


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1280 руб.
2130 руб.
1600 руб.
2660 руб.
1500 руб.
2500 руб.
1500 руб.
2500 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства