kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Арифметикалы? прогрессия?а есептер шы?ару" саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары. Прогрессия та?ырыбында ?олдану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Арифметикалы? прогрессия?а есептер шы?ару" саба? жоспары»

Тақырыбы: Арифметикалық прогрессияға есептер шығару

Мақсаттары:

Білімділік: Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің және алғашқы n мүшесінің қосындыларының формуласын есептер шығаруда тиімді қолдана алу;тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау.

Тәрбиелік: Оқуға саналы көзқарасқа, өз мүмкіндігіне сенуге, мақсатына жете білуге, өз еңбегін бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық: ой-өрісін дамыту,білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару,іскерліктерін дамыту ,теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Нәтижтижесі:

  • Арифметикалық прогрессияның формулаларын біледі;

  • Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептей алады.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: саралап-деңгейлеп оқыту

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, формулалар, тестік тапсырмалар мен деңгейлік есептер.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. «Ой шашар» (Міндетті оқушылық саты)

а) Ой толғау (сұрақ-жауап)

ә) Формуланы білесің бе? (Сәйкестендіру)

б) Кім жылдам? (ауызша есептеу)

IV. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (Алгоритмдік саты)

а) деңгейлік есептер шығару

ә) тест тапсырмасы

V. Математикалық диктант

VІ. Қорытындылау. Рефлексия

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабаққа даярлықтарын тексеремін. Оқушыларды 2 топқа бөліп, топ басшыларын сайлайды. Оқушыларды бағалау үшін бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.


Оқушылар сабаққа дайындалып, топқа бөлінеді.

Р/с

Оқушының

аты-жөні

Сұрақ-

жауап

Деңгейлік

тапсырмалар

Тест

Топпен

жұмыс

Математика-

лық диктант

Қорытынды

баға


А

В

С

1










2










3










4











ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


Әр топтың топ басшылары үйге берілген есепті тексереді.

ІІІ. «Ой шашар» Міндетті оқушылық саты

а) Ой толғау (сұрақ-жауап)

1. Сан тізбегі дегеніміз не?

2. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар.

3. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы?

4. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы?

ә) Формуланы білесің бе? (сәйкестендіру)

Арифметикалық прогрессияның

анықтамасы

Арифметикалық прогрессияның

n-ші мүшесінің формуласы


Арифметикалық прогрессияның

өзіне тән қасиеті

Арифметикалық прогрессияның

алғашқы n мүшесінің

қосындысы

Арифметикалық прогрессияның

айырымының формуласы

б) Кім жылдам? (ауызша есептеу)

1. Тізбектердің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады?

1. 1;5;9;13;17;...

2. 2;-2;2;-2;...

3. .

4.

5.

2. 19;15;11;7;3;…; арифметикалық прогрессияның бірінші және алтыншы мүшесін және айырымын атаңдар

3. (аn) тізбегі төмендегі формуламен берілген

аn = 3n + 1.

a1 , а3 , a8 , а15 , аk мүшелерін табыңдар.




Бұл сатыда оқушылар формулаларды, анықтамаларды білуі қажет және ауызша жаттығуларды орындайды.






IY. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»

Алгоритмдік саты

  1. Деңгейлік тапсырмалар

А деңгей

І топ

Егер , болса, арифметикалық прогрессияның төрт мүшесінің қосындысын табыңдар

Шешімі: формуласына мәндерін қойсақ, тең болады

ІІ топ

2,5,8,... прогрессиясының он бесінші мүшесін және он бес мүшесінің қосындысын табыңыздар

Шешімі:


В деңгей

I топ

5-ке еселік болатын барлық үш таңбалы сандардың қосындысы неге тең?

Шешімі: 100 + 105+110+...+995.


995 100+5(n-1)

n=180

ІІ топ

Егер болса, арифметикалық прогрессияның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар.

Шешімі: формулаға мәндерін қойып, есептесек

тең болады.

С деңгей

І топ

Теңдеуді шешіңіз: 2+5+8+...+x = 155.

Шешімі: d=1; -ді қосындылар формуласынан табайық, мәндерін жақшаларды ашқаннан кейін алатынымыз:


тең болады.

ІІ топ

Қосындыны есептеңіз:

602 - 592 + 582 - 572 +...+4 2- 32+ 22- 12

Шешімі: (60-59)(60+59) + (58-57)(58+57)+...+(4-3)(4+3) + (2-1)(2+1) = – арифметикалық прогрессияның қосындысы, мұндағы






Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

А деңгейін орындаған оқушы келесі деңгейге өтеді.




  1. Тест орындау (Бұл тест тапсырмалары ҰБТ дайындық кітапшаларынан алынды)

І топ

1. 2 және 27 сандарының арасына осы сандармен бірге арифметикалық прогрессия құрайтын төрт сан берілсе, прогрессияның айырымын табыңыз.

А) 13 В)5 С) 7 Д) 11 Е) 3

2. 3;6;9;... арифметикалық прогрессияның алтыншы мүшесін табыңыз.

А) 112 В) 22 С) 4 Д)8 Е)18

3. тізбегінің алғашқы үш мүшесін табыңыздар.

А) 8;13;18 В)6;11;16 С)9;15;21 Д)5;11;17

Е)7;11;15

4. тізбегінің алғашқы 15 мүшесінің қосындысын табыңыз.

А) 1845 В)1862 С)1733 Д)1654 Е) 1842

5. Арифметикалық прогрессияның алғашқы тоғыз мүшесінің қосындысын табыңыз, мұндағы


А)200 В)-185 С)-205 Д)-442 Е)81

6. х-тің қандай мәнінде 3х-5 саны
болатын арифметикалық прогрессияның төртінші мүшесін белгілейді?

А) 2,5 В)4,4 С)2 Д)4,5 Е) 5

ІІ топ

1. 3 және 38 сандарының арасына осы сандармен бірге арифметикалық прогрессия құрайтын төрт сан берілсе, прогрессияның айырымын табыңыз.

А) 13 В)5 С) 7 Д) 11 Е) 3

2. 4;6;8;... арифметикалық прогрессияның он бесінші мүшесін табыңыз.

А) 42 В) 25 С) 32 Д)8 Е)20

3. тізбегінің алғашқы үш мүшесін табыңыздар.

А) 8;12;16 В)8;11;15 С)11;15;21 Д)12;14;16

Е)7;11;15

4. тізбегінің алғашқы 75 мүшесінің қосындысын табыңыз.

А) 4315 В)4655 С)4575 Д)4525 Е) 4745

5. арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңыз.

А)2;6 В)-3;1 С)-14;-2 Д)24:4 Е)-13;4

6. х-тің қандай мәнінде 2х-3 саны
болатын арифметикалық прогрессияның төртінші мүшесін белгілейді?

А) 15 В)14 С)10 Д)4 Е) 11




Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Орындап болған соң жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі.

V. Математикалық диктант

1. Натурал аргументті функция........................, ал тізбекті құрайтын сандарды ............................. деп атайды.

2. Бір ғана саннан құралған тізбек................. деп аталады.

3. Егер сан тізбегінің .......... мүшесінен бастап әрбір мүшесі............... мүшелерінің арифметикалық ортасына тең болса, онда берілген сан тізбегі ................... болып табылады.

4. Екі жақ шетінен бірдей қашықтықта орналасқан арифметикалық прогрессияның екі мүшесінің қосындылары....................... болады.

5. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы .................. мүшелерінің қосындысының барлық мүшелер санына...............................болады.


Оқушылар диктанттың бос жерлерін толықтырып жазуы қажет.

VІ. Қорытындылау.Не білдік? Не үйрендік?

Бағалау.

Рефлексия


Оқушылар бүгінгі сабақта не білгенін, нені үйренгенін айтып, көңіл күйлерін көрсетеді.

Топ басшылары топ мүшелеріне қойған бағаларын айтады.

V. Үйге тапсырма №200, 201





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Арифметикалы? прогрессия?а есептер шы?ару" саба? жоспары

Автор: Сураган Кулимаш

Дата: 08.06.2016

Номер свидетельства: 333374


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства