Уақыты: 08.01-09.02.2018 Сабақ мақсаты: 2 - 10 сандарын қосу және азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімдерін бекіту; қосындыны табу мен есепті шығара алу дағдыларын дамыту. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру бөлімі Бір, екі, үш Сынып іші тып – тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз Сабағымызды бастамас бұрын мен сендердің математика сабағын мен сендердің математика сабағын қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқайын. Ол үшін барлығымыз бірігіп, «Кім көп сөз айта алады» ойынын ойынымыз. Ойынның шарты бойынша тақтаға жазылған математика сөзіндегі әріптерден бірнеше жаңа сөздер ойлап табайық. Үй қандай фигуралардан тұрады. Үйшіктердің аузында сиқырлы құлып тұр. Ал оның кілті жоғарыда ілулі тұр. Үйшіктің есігін ашу үшін бәріміз «Миға шабуыл» деп аталатын ойынға қатысайық. Ойын шарты бойынша сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап бере білуіміз керек.