Жа?а материалмен танысуды топтасып орындалатын практикалы? ж?мыстан бастау?а болады. ?р топ?а тік б?рышты параллелепипедті? ?лгісі ж?не ?р параллелепипедті? к?лемін есептеу туралы тапсырма беріледі. Содан со? параллелепипедтер б?йірімен ?ойылып, о?ушылар ?айтадан есептеуге кіріседі. Содан со? олар: «Фигураны аудар?анмен, оны? к?лемі ?згермейді» деген ?орытынды жасайды.
Содан со? о?улы? бойынша №1(а) тапсырма орындалады.
К?бейтуді? ауыстырымдылы? ?асиетін аны?та?дар (к?бейткішті? орындарын ауыстыр?анмен к?бейтінді ?згермейді).
Просмотр содержимого документа
«"Арифметикалы? амалдарды? ?асиеті" атты математика п?нінен ашы? саба? »
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеті
Сабақтың мақсаты: оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту; есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру; кеңістіктік түсінігін дамыту; өзін-өзі бағалай білуге үйрету.
Шығармашылық тапсырманы орындаған оқушылар өздері құрап келген есептерін шығаруға ұсынады.
Ауызша жаттығуларға №1 тапсырма ұсынылады.
Математикалық, диктант.
Балалар алаңының ұзындығы 60 м, ені 30 м. Осы алаңның сыртындағы қоршаудың ұзындығын тап.
3 100 бен 28 сандарының айырмасынан 8 есе кем санды жаз
7 км-де неше метр бар?
850 саны 170-тен неше есе артық?
130 бен 120 сандарының қосындысын олардың айырмасына көбейтіңдер.
6 см2 неше мм2 болады?
93 пен 3-тің бөліндісін 6 есе арттыр.
1 ц 50 кг-нан неше есе артық?
540 пен 460 сандарының қосындысы дел осы сандардың айырмасынан қанша артық?
30 000 саны шығу үшін 1-ді нешеге қосу қажет? Оқу материалымен танысу.
Жаңа материалмен танысуды топтасып орындалатын практикалық жұмыстан бастауға болады. Әр топқа тік бұрышты параллелепипедтің үлгісі және әр параллелепипедтің көлемін есептеу туралы тапсырма беріледі. Содан соң параллелепипедтер бүйірімен қойылып, оқушылар қайтадан есептеуге кіріседі. Содан соң олар: «Фигураны аударғанмен, оның көлемі өзгермейді» деген қорытынды жасайды.
Содан соң оқулық бойынша №1(а) тапсырма орындалады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін анықтаңдар (көбейткіштің орындарын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді).
Көбейтудің терімділік қасиетін анықтаңдар (өрнекте қатар орналасқан екі көбейткішті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады).
Бастапқы бекіту.
№2 тапсырманы оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып орындайды.
- Көбейтудің қандай қасиеті өрнектің мәнін табуға көмектесті? (Көбейтудің терімділік қасиеті)