Сызықтық алгебра бірінші дәрежелі сызықтық теңдеулер жүйесін зерттейді. Мұндай жүйелерді шешу үшін, теңдеулер саны белгісіздер санына тең болған жағдайда анықтауыштар теориясының аппараты қолданылады.
Матрицаның анықтауышын белгілеу үшін матрицадағы жәй жақшаның орнына тік таяқшаларды қолданады және анықтауышты , немесе арқылы белгілейді.
Бірінші ретті матрицасының анықтауышы, немесе бірінші ретті анықтауыш деп а11 элементін айтады:
Мысалы, =(3) болса, онда .
Екінші ретті матрицасының анықтауышы, немесе екінші ретті анықтауыш деп
(1.3) санын айтады.
және көбейткіштері екінші ретті анықтауыштың мүшелері деп аталады. Мысалы,, сонда .
Үшінші ретті квадраттық матрицасы үшін үшінші ретті анықтауышы деп
(1.4) - санын айтады.
(1.4) –теңдіктегі қосылғыштарды келесі схема арқылы құрауға болады (оны үшбұрыш ережесі немесе Саррус ережесі деп атайды).
+ Рис.1.1
Мысал 1.4. Үшінші ретті анықтауышты есептеу керек. .
Шешуі. =.►
1.4. Анықтауыштардың қасиеттері.
1. Егер матрицаның қандай да бір жолы(бағаны) 0-ден тұрса, оның анықтауышы 0-ге тең .
2. Егер матрицаның жолының (бағанының) барлық элементтерінλ, санына көбейтсек, оның анықтауышы да осы λ санына көбейтіледі.
Ескерту. Матрицадан бөлек кез келген жолдың немесе бағанның ортақ көбейткішін анықтауыш таңбасының алдына шығаруға болады.
Матрицаны транспонирлегенде оның анықтауышы өзгермейді: .
Матрицаның екі жолын(бағанын) ауыстырғанда анықтауыш таңбасын қарама қарсыға өзгертеді.
Егер квадрат матрицаның екі жолы (бағаны) бірдей болса, оның анықтауышы 0-ге тең
Егер квадрат матрицаның екі жолы (бағаны) пропорционал болса, онда анықтауыш 0-ге тең.
Матрицаның қандай да бір жолының (бағанының) элементтерінің көбейтіндісі мен осы матрицаның басқа жолының (бағанының) элементтерінің алгебралық қосындысы 0-ге тең болса, яғни, мұндағы . (1.8)
Матрицаның қандай да бір жолына (бағанына) алдын ала бір санға көбейтілген басқа жолдың (бағанның) элементтеріне қоссақ матрицаның анықтауышы өзгермейді.
Кез келген сандарының кез келген жолдың (бағанның) алгебралық қосымшасына көбейтіндісіне қосындысы осы жолдың (бағанның) элементтерін сандарына айырбастағанда шыққан матрицаның анықтауышына тең.
Екі квадрат матрицаның көбейтіндісінің анықтауышы олардың анықтауыштарының көбейтіндісіне тең: ,мұндағы ; және –матрицалар.