Көрнекіліктер: үлгерім экраны, баға мониторингі, баға рейтингі, деңгейлік
тапсырмалардың карточкалары.
Эпиграф: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз қызмет, таза жүрек.
Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді.
Баға рейтингі
I –деңгей 1 ұпай × 5 есеп = 5 ұпай
II – деңгей 1 ұпай × 4 есеп = 4 ұпай
III – деңгей 1 ұпай × 3 есеп = 3 ұпай
Баға мониторингі
I - деңгей 5 ұпай - «3»
II – деңгей 9 ұпай -- «4»
III – деңгей 12 ұпай – «5»
Үлгерім экраны
р/с
Оқушының тегі, аты
Ұпайлары
Баға
I-деңгей
II-деңгей
III-деңгей
барлығы
1
Асанов Үсен
5
4
3
12
5
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылар, бүгінгі сабағымыз деңгейлеп оқыту технологиясына негізделген.Мұндағы мақсатым өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.
Бүгін «Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру»-тарауына қайталау есептерін шығарамыз. Осы тарауға байланысты анықтама, формулаларды еске түсіреміз. «Бинго» лотерея билеттеріндегі ұяшықтарда цифрлар жазылған. Әр цифрға сұрақ сәйкес келеді. Лототроннан кез-келген нөмірленген шарды алып шығамын, сол нөмірге сәйкес сұрақ оқылады. Лотереялық билеттің нөмірі соған сәйкес келетін оқушы сұраққа жауап береді.Егер жауап бере алмаса, басқа оқушыда сол нөмір шығатын болса, сұраққа жауап бере алады. Егер 13 сұраққа жауап берсе, Джекпотқа ие болады. Ал, егер 10 сұраққа жауап берсе «Бинго» лотереясын алады.
Қайталау сұрақтары:
1. Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
2. Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?
3. Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
4. Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады?
5. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді
қалай ықшамдайды?
6.Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай
ықшамдайды?
7. Қысқартылмаған бөлшекпен берілген алгебралық өрнек қалай ықшамдалады?
8. Алгебралық өрнектің мәнін қалай табады?
9.Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
10. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
11. Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады?
12. Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?
II.Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде беріледі.
I-деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында «Танып+білу» және үлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалады.Бұл есептерді оқушылар шығаруға міндетті есептер.
II-деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда не «Түсіну» + «Қолдану» арқылы.
III-деңгейдегі тапсырмалардың мақсаты «Анализ», «Синтез», «Баға беру» талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі.
Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау ұпайлық жүйемен жүзеге асырылады.
I-деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса «3» алады.
II-деңгейге 9 ұпай жинаса «4», III-деңгейге 12 ұпай жинаса «5» деген баға алады. Әр бала деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.
I-нұсқа
I-деңгей
1.Әріптің қандай мәнінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайды?
2. Алгебралық қосылғыштағы жақшаларды ашыңдар.
а+(-3в) + (-с) + d
3.Өрнекті теңбе-тең өрнекке түрлендір.
-0,15(2х-5в+с)
4. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар.
mnk – mn
5.Өрнектің мәнін табыңдар.
, m= -1
II-деңгей
1.Жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктір.
4(7-5х) – (12-20х)
2. Өрнекті ықшамда:
2х 3 – 5х
3. Өрнек түрінде жазыңдар:
1) а санынан 3 есе артық санды; 2) c-ға қарама-қарсы санды;
4. Ыдыстағы су қайнап, оның 12%-і буға айналған соң, ыдыста а литр су калды. Ыдыста алғашқыда
неше литр су болған еді? Мұндағы а =4,4.
III –деңгей
1.Берілген өрнектерден теңбе-тең өрнектерді тауып, теңдік белгісімен жазыңдар.
а) – (а – вх – с); ә) 1,8а; б) 0,6а• 3; в) - а + вх + с
2. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар.
; в =
3. Өрнектің мәні өзгермейтіндей етіп, жақша алдындағы таңбаны қарама –қарсы таңбаға
өзгертіңдер:
а – (в – с); 2 – (3а – в).
II-нұсқа
I-деңгей
1.Әріптің қандай мәнінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайды?
2.Алгебралық қосылғыштағы жақшаларды ашыңдар.
m + (-3n) + 8р + (-с)
3.Өрнекті теңбе-тең өрнекке түрлендір.
0,98у + 3 + 0,42у
4.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығап.
9х – 3у
5.Өрнектің мәнін тап
2а - 3 ; мұндағы а=5
II-деңгей
1.Жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктір.
2(3х – у) – (5х – 2у)
2.Өрнекті ықшамда.
9у + 6у •
3.Өрнек түрінде жазыңдар:
1) d санынан 2 есе кем санды; 2) m-нің -іне тең болатын санды;
4.Саяхатшылар бірінші күні баруға тиісті а км қашықтықтың – ін, екінші күні бірінші күнгі жолдың -ін жүрді. Қалғанын 3-ші күні жүрді. Саяхатшылар үшінші күні неше километр қашықтықты жүруге тиіс? Мұндағы а= 300.
III-деңгей
1.Берілген өрнектерден теңбе-тең өрнектерді тауып, теңдік белгісімен жазыңдар.
а) ; б) - ; в) - ; г)
2. Өрнекті ықшамдап мәнін табыңдар.
: мұндағы у = 0,25
3.Өрнектің мәні өзгермейтіндей етіп, жақша алдындағы таңбаны қарама-қарсы таңбаға өзгертіңдер.
m + (n – k); 8а + (9 – в).
Деңгейлік тапсырмалардың бәрі белгілі бір уақытта беріліп, қоңырауға 3 мин. қалғанда үлгерім экраны бойынша бағаланады. Ал уақытында аяқтай алмаған оқушыларға қосымша сол деңгей тапсырмалары беріліп, ескерту беріледі.