kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

9 сынып сабақ жоспары "Негізгі тригонометриялық тепе - тендік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырып бойынша бекітү сабағына арналған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«9 сынып сабақ жоспары "Негізгі тригонометриялық тепе - тендік"»


Пәні: алгебра

Сыныбы: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану


Сабақтың мақсаттары:

Тәрбилік мақсаты: Оқушылар нақтылыққа, шапшаң ойлап тез шешім қабылдауға, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасау арқылы сыйластыққа , өзін- өзі бағалай білуге тәрбиеленеді;

Білімділік мақсаты: Оқушылар негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге байланысты берілген есептерді түрлендіру және олардың шешу жолдарын табуға үйренеді;

Дамытушылық мақсаты: Оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, білім-білік дағдыларын және теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырады.

Күтілетін нәтиже

Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, тригонометриялық тепе-теңдіктерді есеп шығаруда тиімді пайдалануды үйренеді.

Сабақтың түрі :

Жаңа сабақ

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Ұйымдастыру

3 минут


Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

Оқушыларды топқа бөледі.

-Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда тақырыптың мәнін ашу үшін, топпен жұмыс істеген ыңғайлы да тиімді болады. Сондықтан топқа бөлінеміз. Партадағы түрлі-түсті стикерлерді бір-бірден алып, түс бойынша отырамыз.

Топ ішінде әркім өз сұрақтарын талдаңыздар.

-Балалар, не байқадық?

-Сары түсті стикер сіздердің есептеріңіздің жауаптары қандай екен?

Яғни, сіздердің стикерлеріңіздің түсіне байланысты, топтарыңыздың аты шығады. Яғни, «синус», «косинус», «тангенс», «котангенс».

  • «Синус» тобының сұрақтары:

  1. Қай функцияның мәні 300-та ½-ге тең?

  2. Есепте: cos2a+ sina + sin 2a-1=

  3. Тангенс пен котангенс функциясынан өзге тақ функция?

  4. Қай функцияның мәні 900-та 1-ге тең?

«Косинус» сұрақтары:

  1. Жұп функцияны ата

  2. ... = 1-sin 2 a?

«Тангенс», «Котангенс» топтарының сұрақтары негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктермен байланысты берілген.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, стикерлерді алып ( түс бойынша ) бөлініп отырады.

Әр оқушы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар әр топ мүшелерінің сұрақтарының жауаптары бірдей екенін, яғни бір тригонометриялық функция екенін байқайды.


І топ: «Синус»

ІІ топ: «Косинус»

ІІІ топ: «Тангенс»

ІV топ: «Котангенс»


Диалогтік оқыту

Стикерлер арқылы

9-сыныпқа арналған Алгебра оқулығы, Алматы: Мектеп-2013.

Қызығушылықтарын ояту.

5 минут

-Жақсы, ал енді жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақтар бойынша білімімізді пысықтап алайық.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырады. Өткен сабақтың материалын қайталау мақсатында «Кім шапшаң»: (сұрақ- жауап) топтық жұмыс

1-тапсырма:

І топ: синус функциясының 300, 300, 450 ,600,900,1800 градустарындағы мәндері?

ІІ топ: косинус функциясының 300, 300, 450 ,600,900,1800 градустарындағы мәндері?
ІІІ топ: тангенс функциясының 300, 300, 450 ,600,900,1800 градустарындағы мәндері?

ІV топ:котангенс функциясының 300, 300, 450 ,600,900,1800 градустарындағы мәндері?

Топтарды бағалау:

  • Өте жақсы, жарайсыздар!

  • Функцияның мәндерін жақсы біледі екенсіздер!

  • Функция мәндерін толық жаттамапсыздар!

-Жақсы, келесі тапсырмамызға көшейік.

2-тапсырма: Өрнектің мәнін табыңдар.

  • Балалар, егер жауаптарыңыз дұрыс болса, онда шар ұшып кетеді.

Оқушылардың қателерін айту, дұрыс жақтарын мадақтау.

  • Өте жақсы, жауабыңыз толық болды!

Оқушылар тақтадағы тапсырмаларды орындау арқылы өткен сабақты еске түсіреді.

1-тапсырма: Әр топ мүшелері тізбектей, жылдам әрі тез өз топтарының атына байланысты тригонометриялық функцияның белгілі бір градустағы мәндерін айтып шығады.

Топ мүшелері қателесіп жатқан жағдайда, келесі топтар жауап береді.

2-тапсырма: әр топ бір есептен шығарады, жауабын түсіндіреді.

  1. «Синус» тобының жауабы: -1

  2. «Косинус» тобының жауабы: -4

  3. «Тангенс» тобының жауабы: 0

  4. «Котангенс» тобының жауабы: 3


АКТ-ны пайдалану

Презентация

Ustaz.kz

Жаңа сабақ


Тақырыптың басты идеясын көрсету.







Қорытынды шығару.

15 мин

Өрнектің мәнін табыңдар:

Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздеріне аштыру мақсатында, бағыттаушы сұрақтар қояды.

-Балалар, мына есепті шешу үшін алдымен не істейміз?

-Иә, енді не байқадық?

-Дұрыс, жарайсыздар!

- Косинус функциясымен тангенс функциясын байланыстыратын қандай тепе-теңдік бар?

- Дұрыс, ал балалар қорытынды шығарайық. Яғни, біз қазір не істедік?

- Ол үшін біз нені қолдандық?

Жақсы, яғни біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану.

-Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты - негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерге байланысты берілген есептерді түрлендіріп, олардың шешу жолдарын үйренеміз.







  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарамыз;


  • Жақша ішіндегі өрнек- негізгі тригонометриялық тепе-теңдік екенін.


  • Өрнектерді ықшамдадық.



  • Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдандық.

АКТ пайдалану


Оқушыларға өз беттерінше сабақты меңгерту мақсатында, топтарға тапсырмалар береді.

-Ал, енді балалар постермен жұмыс жасаймыз . Әр топта алдыларыңызда тапсырмалар жатыр. Тапсырманы мұқият оқып, сол бойынша жұмыс жасаңыздар. Сіздерге бұл тапсырмаға 5-7 минут уақыт беріледі. Қане, бастайық!

Топтар ортаға шыққанда, бірінші тапсырмамен таныстыруын сұрайды.

Әр топ постерлерін қорғап болған соң, қорытынды ретінде басқа топ оқушылары сұрақ қояды (егер бір жерін түсінбей қалса).

Ескертулер, кемшіліктер болса айтып, қорытып өтеді.


І топ. Тақырыптың идеясын ашады (Яғни, бұл тақырып бізге өмірде не үшін керек? Қай жерде қолданамыз?)

ІІ топ. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып, мысалдарды шығарып береді.

ІІІ топ. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып, өрнектерді ықшамдауға мысалдар қарастырады.

ІV топ. Тригонометриялық функциялардың мәндерін берілген бір мәні бойынша анықтау кезінде қолданылуы.

Тапсырма бойынша топпен жұмыс жасайды, әр топтан бір немесе екі оқушы шығып, постерлерін қорғайды.


Сыни тұрғыдан ойлау

Постермен жұмыс


9-сыныпқа арналған Алгебра оқулығы, Алматы: Мектеп-2013.

Сабақты бекіту

15 минут

-Ал, балалар біз не істедік? Қандай мақсат қойып едік?

-Мақсатқа аз да болса, жеттік деп ойлаймын. Ал,енді осы мақсатқа жету үшін меңгерген білімімізді пысықтау мақсатында, оқулықпен жұмыс. Яғни, деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.

Деңгейлік тапсырмалар береді.

  • Балалар, мақсатымыз қандай еді?

  • Қалай ойлайсыздар, мақсатымызға жеттік пе?



«А деңгейлі» тапсырма

№313. Өрнектерді ықшамдаңдар:


«В деңгейлі» тапсырма

№317. бөлшегін ctgα арқылы өрнектеңдер:

бөлшегін sinα-ға мүшелеп бөлеміз:

С деңгейлі“ тапсырма

№325. Өрнекті ықшамдаңдар:

а) Оқушылар берілген есепті шығарады. Тапсырманы өзара бағалайды. 1-топтың есебін 2-топ, 2-топтың есебін 3-топ, 3-топтың есебін 4-ші топ, 4-ші топ есебін 1-топ.

Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлік оқыту,

9-сыныпқа арналған Алгебра оқулығы, Алматы: Мектеп-2013.

Бағалау

4 минут

Бағалау парағын таратып береді.

-Оқушылар, бағалау парағына әркім өзін бағалайды. 3 критерий берілген, соның әрқайсысынан біреуін таңдайсыздар. Сосын соларды қосып, өз бағаларыңызды

шығарасыздар.

Оқушылар бағалау парағына, өздерін бағалап отырады.


Критерий

Тексерілетін элементтер

Жетістік деңгейі

Тапсырманы орындауға берілетін ұпайлары

1

Не біледі?

(max 4)

Тригонометриялық функциялардың түрлерін, анықтамасын біледі

1


Негізігі тригонометриялық тепе-теңдіктерді біледі

2

Әрқайсының өзіне тән қасиеттерін біледі

3

Тригонометриялық функцияларға байланысты формулаларды біледі

4

2

Нені орындай алады (max 3)

Тригонометриялық функциялардың мәнін таба алады

1


Тригонометриялық шеңберде градуспен берілген бұрыштарды көрсете алады

2

Ойын анық жеткізе алады

3

3

Қолдану

(max 5)

Теориялық білімді есеп шығаруда қолданады

1


Есепке байланысты орындай алады

2

Есептеулерде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді дұрыс қолдана алады.

3

Формулаларды өрнекті ықшамдауда қолдана алады

4

Тригонометриялық функциялардың мәндерін берілген бір мәні бойынша анықтау кезінде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдана алады.

5




Оқуды бағалау мен оқыту үшін бағалау

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Үй тапсырмасы

№315,№320-№322

Оқушылар күнделігіне үй тапсырмасын жазып алады.



Рефлексия

3 минут

Бағалау парағының артындағы, екінші бетінде кері қатынас, яғни рефлексия жасау үшін « Екі жұлдыз, бір тілек» қолданамыз. Сабаққа байланысты 2 жақсы жағын және бір ұсыныс жазасыздар!

Екі жұлдыз, бір тілек.

1._______________________________________

2.______________________________________

3._______________________________________


Мұғалімге арналған нұсқаулық











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
9 сынып сабақ жоспары "Негізгі тригонометриялық тепе - тендік"

Автор: Калденова Айжан Сагатбековна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393763


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства