kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8 к?бейту ж?не б?лу

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Математика п?нінен 
  • Саба?ты? та?ырыбы:  8-ге к?бейту ж?не б?лу
  • 2.Саба?ты? ма?саты :
  •              Білімділік-  8-ге к?бейту ж?не б?лу кестесін ж?йелеу, жетілдіру,
  •                                тере?дету ж?не тияна?тау, бекіту.
  •             Дамытушылы?-  о?ушыларды? ой- ?рісін, танымды? ?абілеттерін,   
  •                                       зейіндерін, есте са?тау ?абілеттерін, шы?армашылы?
  •                                       белсенділіктерін дамыту.
  •                                  
  •             Т?рбиелік- о?ушыларды ?згені тындап, ?з ойын еркін айту?а баулу, п?нге  
  •                                  ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8 к?бейту ж?не б?лу»

Математика 3-сынып

Сабақ жоспары


1.Сабақтың тақырыбы: 8-ге көбейту және бөлу

2.Сабақтың мақсаты :

Білімділік- 8-ге көбейту және бөлу кестесін жүйелеу, жетілдіру,

тереңдету және тиянақтау, бекіту.

Дамытушылық- оқушылардың ой- өрісін, танымдық қабілеттерін,

зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық

белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік- оқушыларды өзгені тындап, өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге

қызығушылығын арттыру.


3.Сабақтың түрі : жаңа сабақ

4.Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта

5.Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері,


6.Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу

ә) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырманы тексеру

III . Жаңа тақырып

IY. Рефлексия (қорытынды)

V. Үйге тапсырма беру

VI. Бағалау.


















Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдес

-Психологиялық дайындық


Күннің көзі бізге не береді?






-Нұр сәулесін шашады;

-Жылылық береді;

-Қуаныш; шаттық сыйлайды;


Жүректен - жүрекк

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады. көршісіне жылы тілектер білдіреді.


  1. Үй тапсырманы тексеру

  2. Жаңа сабақ

8-ге көбейту кестесіне байланысты ойын ойнату

16 24

8

40

:8

80 48

32

56 64 72

2 3

1

4

*8


10 5

6

9 8 7



  1. Әңгімелеу.

«Ғылымдар патшалығында» әлемді таңқалдырған сарай бар. Онда ақылды әрі білгір математика тұрады. Математика өз сарайына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен. Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың үш қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді екен. Ал қабілетін дәлелдеген оқушыға сыйы да ерекше.

Алдымен білімімізді кеңейтіп алайық.

Сұрақ-жауап әдісі

-Көбейту дегеніміз не? /Бірдей қосылғыштарды қосуды көбейту дейміз./

-Анықтама /Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда екінші көбейткіш шығады. Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе. Онда бөлінгіш шығады./

1-тапсырманы салыстыр, түсіндіре отырып, есептің шартын құру, шешуін табу, жауабын жазу.

Барлығы-26 м Шешуі:

Тікті-8 көйлек 8*3=24

Әр көйлеккке-3м 26-24=2

Неше м мата артылып қалады-?

Жауабы: 2метр мата артылып қалады.

Сұрақ: Есепті неше амалмен шықты? Неліктен?


  1. Оқушылар математика патшалығына ену үшін алдымен «Тас қақпаны» ашу үшін жұмыс істеуіміз керек! Оның шарты мынадай:

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Білімінді тексеріп,

Қалдықпен бөліп көріңдер!

2-тапсырма

61: 8=7(қалд.5) 46:8=5 (қалд.6)

78:8=9 (қалд.6) 15: 8=1(қалд.7)


Тапсырманы орындаған оқушылар «Тас қақпаға» жұлдызшаларын жапсырады да, сыйқырлы сөз айтады: «Ашыл, ашыл тас қақпа». Музыка ойналып, қақпа ашылады.


«Көңілді қадам» ойыны.

Қане, тәртіп сақтайық,

Тез есептеп аттайық.

Алға қадам басқанда,

Батыл аттайық!

3- тапсырма. № 5 есеп мәндерін тап

60-25:5=55 50:10=5 (39-21):6=3 6*5=30

7*6+30-9=63 40:8=5 (42+6) :8= 6 8*8=64



4-тапсырма. Математикалық диктант.

1-нұсқа: 8мин-ты 8есе арттыр

90 мин-ты 8 есе арттыр

720 мин-ты 8 есе кеміт

2-нұсқа: 80 мин-ты 8есе арттыр

9мин-ты 8 есе арттыр

72 мин-ты 8есе арттыр


«Күміс қақпаны» ашу үшін тапсырма:

Ұшқар ойға серік болсын шеберлік,

Кезекті танымдық тапсырмаға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жұмыстарын көрелік.

70-ке дейінгі сандардың ішінен 7-ге бөлінетіндерін теріп жаз.


Танымдық тапсырманы орындаған оқушылар «Күміс қақпаға» жұлдызшаларын іледі де, сыйқырлы сөз айтады: «Ашыл, ашыл күміс қақпа!». Музыка ойналып, қақпа ашылады.

«Есіңі сақта!» көз зердесін дамытуға арналған жаттығу.



Фигураларға 3секунт қарап, қайта сызып шығу.

«Алтын қақпаны» ашу үшін тапсырма:

Көп білетін оқушы

Тақта алдына келеді.

Тендеулердің шешімін

Дұрыс тауып береді.

№ 6 есеп

X :7-=8 а+2=7*9 72 : у = 45 : 5


Теңдеулердің шешімін тапқан оқушылар «Алтын қақпаға» жұлдызшаларын іледі де, сыйқырлы сөз айтады: «Ашыл, ашыл алтын қақпа!». Музыка ойналып, қақпа ашылады.

«Алтын қақпаның » ішіндегі «Алтын сандықты» Ашу үшін логикалық тапсырма орындату:

Кез келген сан ойлап, оны 8 есе арттыр да, шыққан санға 8-ді қос. Нәтижесіне 8 есе кемітсең, ойлаған саннан 1-ге артық сан шығады. Неге?

Логикалық тапсырманы шапшаң орындаған оқушы жеңімпаз болды.

IY. Қорытынды

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

Жеңімпаз оқушыға «Математика» патшалығында еркін жүріп, танысу үшін «Алтын сандықтан» «Алтын кілтті» сыйға алады.

Y. Үй тапсырма. №6 және 8-ге көбейту кестесін жаттау.

YI. Бағалау Оқушылардың білімін есепке алу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
8 к?бейту ж?не б?лу

Автор: Каиргельдина Мадина Казболатовна

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282128


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства