kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 санын ?осу ж?не азайту 1 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д?кен негізгі мектебі Мусина Г?лбану 7 санын ?осу ж?не азайту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 санын ?осу ж?не азайту 1 класс»

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

Дүкен негізгі мектебі







АШЫҚ САБАҚ



ТАҚЫРЫБЫ: 7 санын қосу және азайту


КЛАСЫ: 1

ПӘНІ: Математика


ӨТКІЗГЕН: Мусина Гүлбану

Бастауыш сынып мұғалімі







2015 – 2016 оқу жылы


Пәні: математика

Күні: 20.02.2016жыл

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту


Сабақтың мақсаты:Оқушыларға 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу, азайту тәсілдерін түсіндіру, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылардың білім-білік дағдысын арттыру.

2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды шапшаң,сауатты есептеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі геометриялық фигуралар,суреттер

Сабақтың түрі :аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, қызығушылығын ояту.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбек, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Балалар түзу отырамыз, зейінімізді сабаққа аударып, қажетті құрал-жабдықтарымызды түгендейміз. Сабаққа бейімдеу

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені бүгін біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі тыңдауға қалай қарайсыздар?

-Ия, тыңдаймыз.

-Бүгінгі сабағымыз «Жеті лақ» ертегісіне арналады. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның жеті лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен жем іздеп кетеді екен. Кететін кезде үнемі лақтарына:

-Лақтарым, шырақтарым! Шұнақтарым, құлақтарым! Егер қасқыр келіп есікті қақса ашпаңдар – дейді.

Сөйтіп, күнде ешкінің жем іздеп кететін кезін аңдып жүріп, бір күні қасқыр есік қағады. Лақтар есікті ашып, қасқыр лақтарды ұрлап кетеді.

-Ешкі лақтарын іздеп жүрген көрінеді. Ендеше біз ешкіге көмектесейік.

Қасқыр болды қауіпті.

Лақтарды қамап қойыпты.

Қасқыр бізге хат беріп жіберіпті. Ішінде неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Егер осыларды орындасақ, бір-бірлеп жемей қоя беремін депті. Ал орындай алмасақ, лақтар қасқырға жем болады. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз ба?

  • Ия, орындаймыз.

І Дайындық кезеңі. 1-тапсырма. Ой шақыру. «Сиқырлы сан» ойыны. Сурет бойынша өрнектер құрастыр.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Сиқырлы сан» ойыны арқылы балалар біз неше лақ құтқардық. (Бір)

2 тапсырма оқушылардың дәптерінен тексеріледі.

4+2+3= 9 5+4+1= 10 10+0 – 7 = 3

7-5+1= 3 9 – 6 - 2 = 1 4 – 3 + 8 = 9

  • Жарайсыңдар балалар міне екінші лақты да құтқардық.

Қызығушылығын ояту.

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп бесеуін

Тағы да алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін (7)

Табақта бар 4 алма, қолымда бар 3 алма.

Қосып едім барлығы,болып шықты неше алма? (7 алма)

ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау

Балалар, біз осыған дейін 1,2,3,4,5,6 сандарын қосу және азайтуды өттік. Бүгінгі тақырыбымыз 7 санын қосу және азайту. Қане ойланайықшы 7 қандай сандардың қосындысы? Сандар құрамын қайталау.

7

7

7

7

7

7


1 + 6 2+5 3+4 6+1 4+3 5+2

Ендеше дәптерімізді ашайық, күннің жадын жазамыз. Осы

7 санына байланысты ой шақырайық

М: 7 саны қазақта киелі, қасиетті сан. 7 санына байланысты не білеміз кане ортаға салайық.

О:7 күн, 7 ата, 7 қазына, 7 нан, 7 бірліктен тұрады, 7-тақ сан. 7 саны қасиетті сан болып саналады.7 саны келсе жақсылыққа балаған.


Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

7 7 7 7 7 7(оқушылар дәптерге көркем жазады)

3 - тапсырма

№ 1 Есепті дұрыс шығарып лақты құтқарайық.

  1. Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындылар құр және мәндерін тап.

7 + 0 = 7 7 + 1 = 8 7 + 2 = 9 7 + 3 = 10

0 + 7 = 7 1 + 7 = 8 2 + 7 = 9 3 + 7 = 10

2) Азайғышы 7 болатын а йырмалар құр және мәндерін тап.

7 – 0 = 7 7 – 1 = 6 7 – 2 = 5 7 – 3 = 4

7 – 4 = 3 7 – 5 = 2 7 – 6 = 1 7 – 7 = 0

  • Біз нешінші лақты құтқардық?

  • Үшінші

Сергіту сәті: «Кім тез есептейді?» Логикалық есептер жиынтығы.

Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? 7


Берікте бар бес іні

Ерікте бар екі іні

Қоссаң бес пен екіні

Неше болар шешуі? 7

4 - тапсырма

№ 2 Біз бұл тапсырма арқылы 4 лақты құтқаратын боламыз. 7 см, 9 см, 3 см.

Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр. Көк - 9 см, қызыл – 7 см, жасыл - 3 см

9 см – 7 см = 2 см

7 см + 3 см = 10 см 2 см 10 см

5 – тапсырма

№ 3 Кітаппен жұмыс. 5 лақты құтқару үшін қасқырдың тапсырмасын орындамасқа болмайды.

Үлкен қасық - 10 ? артық

Кіші қасық - 7

Ш: 10 – 7 = 3

Ж: 3 үлкен қасық артық .

Сергіту сәті: «Бір оңға, бір солға» биі

6 тапсырма

№4 есеп

9 – 3 9 – 4

Азайғыштарды салыстыр. Азайтқыштарды салыстыр. Айырманың мәндерін салыстыр.

ІҮ.Жаңа сабақты тиянақтау.

7 – тапсырма Ойын. «Кел, ойнайық» Ұшқыштарды өз зымырандарына апар.

«Миға шабуыл» деп аталатын ойынға қатысайық.Шарты бойынша сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берулерің керек.Ендеше іске сәт!

1.Бір аптада неше күн бар ?

2.Бүгін аптаның нешінші күні ?

3.Сандарды немен белгілейміз ? (Цифрмен)

4.Кесіндіні ненің көмегімен өлшейміз?

5.Оның өлшем бірлігі қалай аталады ?

Ү.Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушылар бағаланады.

5-өте жақсы(қызыл жалауша)

4-жақсы (көк жалауша)

3-орташа (жасыл жалауша)


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
7 санын ?осу ж?не азайту 1 класс

Автор: Мусина Г?лбану Елемес?ызы

Дата: 26.09.2016

Номер свидетельства: 346166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства