kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 санын ?осу ж?не азайту. ?айталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 санын ?осу ж?не азайту жа?дайын пысы?тау ар?ылы о?ушыларды? білімін, біліктілік да?дыларын тияна?тау ж?не бекіту. ?з бетімен ж?мыс жасау машы?тарын ?алыптастыру.

Дамытушылы?: ауызша,  жазбаша есептеу ар?ылы  ой ?рістерін ке?ейту, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 санын ?осу ж?не азайту. ?айталау »

ШҚО Көкпекті ауданы

«Подгорное негізгі мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Мутбаева Толкын Толеугазиновна


Сынып: 2

Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту. Қайталау

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: 7 санын қосу және азайту жағдайын пысықтау арқылы оқушылардың білімін, біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту. Өз бетімен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру.

Дамытушылық: ауызша, жазбаша есептеу арқылы ой өрістерін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жұппен жұмыс, ойын әдісі.

Көрнекілігі: оқулық,слайд, компьютер, кестелер.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып – тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз

ІІ. Ауызша санау

Кел, ойнайық! «Кім жылдам?»Төменде берілген  кітаптың ішіндегі мысалдардың мәндерін кім тез таба алар екен?  Тез, әрі  қатесіз орындаған оқушы  «Жылдам есептегіш оқушы» атанады.


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 75бет №5

ІV. Жаңа сабақ

Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық. 

Балалар, бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Ел ордамызға саяхатқа шығып

7 санын қосу және азайту тақырыбын қайталаймыз.

Астанадағы 7 ғажайып бар екен. Берілген тапсырмаларды орындай отырып, сол ғажайыптарды көрейік.

I ғажайып – «Ақ Орда» (слайд)

«Ақ Орда» Қ.Р. Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36720 м2 құрайды. ҚР Президентінің жаңа Сарайының ресми ұсынымдамасы 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті.

1 мысал. Қосындының және айырманың мәнін тап:

8-ге 4-ті қалай қосу керек?

8+4=(8+2) +2=12

2 2

16-дан 7-ні қалай азайту керек?

16-7= (16-6)-1=9

6 1

9+7=16 9+5=14 12-4=8 8+7=15 6+6=12

11-5=6 7+9=16 16-9=7 14-7=7 13-6=7

- Компьютерден дұрыс жауабын көрсету арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

II ғажайып - «Бәйтерек» (слайд)

Астана қаласының сол жағалауында «Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы – Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі – 97 метр. «Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы – Қ. Р. Президенті Н.Ә. Назарбаев.

2 мысал. Теңдеулерді шеш:

7+х=15 15-х=7 х-7=8

х=15-7 х=15-7 х=7+8

х=8____ х=8____ х=15____

7+8=15 15-8=7 15-7=8

15=15 7=7 8=8


III ғажайып – «Бейбітшілік және келісім» сарайы (слайд)

Бейбітшілік және келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі-

конфессия залы орналасқан. Ғимараттың ішінде діни іс-шараларға арналған залдар, Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

3 мысал. Өрнекті жаз және оның мәнін тап.

7+а а-7

7+50=57 57-7=50

7+52=59 59-7=52

7+7=14 14-7=7

IV ғажайып – «Қазақ елі» монументі (слайд)

ҚР-ның елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени – архитектуралық монумент. Ол 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары – С. Жүнісов және

Ж. Нұркенов.

Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр. Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс - Самұрық Қазақстанның тыныштығын «күзетіп» тұр.

Монументтің түсі – ақ. Ол қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмал, ақ ниетін паш етсе керек.

Сергіту сәті: «Шаңырақ» Үлкен шаңырақ құрайық

Қазша қанат жаяйық

Аққуша мойнымызды созайық

Құсша жерге қонайық

Үлкен үйді жасайық.

V ғажайып – «Әзірет Сұлтан» мешіті (слайд)

Мешіт жобасы классикалық ислам стилінде ұлттық қазақ ою-өрнектерін қолданумен жасалған. Қабырғаларында Құран сүрелері мен Мұхаммед Пайғамбардың нақыл сөздерінен элементтер жазылған. Мешіттің негізгі алғы беті табиғи тастармен көмкерілген. Темір бетонды күмбездері металмен жабылған.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша, мешіт Шығыстың ұлы шыншылы, ақын, философы Қожа Ахмет Яссауидің құрметіне, «Қасиетті Сұлтан» деген мағынада «Әзірет Сұлтан» мешіті деп аталды.

4 есеп. Шығар. Есептерді салыстыр

Есеп не туралы?

Тор көз неше дәптер бар?

Жолды дәптер туралы не айтады?

Неден кем?

Есеп бізден нені сұрайды?


30



10 кем



?



?


Тор көз - 30 дәптер

Жолды - ?, 10- ға кем

Шешуі: 30+(30-10)=50

Жауабы: Барлығы 50 дәптер


30



10 кем



?

Тор көз - 30 дәптер

Жолды - ?, 10- ға кем

Шешуі: 30-10=20

Жауабы: 20 жолды дәптер

Есептерді салыстырайық


VI ғажайып – «Хан шатыр» (слайд)

Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын – сауық орталығы «Хан шатыр». 200-дей метрлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қанқасы - ұсақ тордан құралған зәулім шатыр. Ішінде ауданы 100 м2 қалалық саябақ, дүкендер, кинотеатрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

Логикалық тапсырмалар
1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5 қоян)
2. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? (4 тәулік)
3. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? (1 адам).
4. Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? (3 теңгесін алып қалады).


VII ғажайып – «Астана Опера» театры (слайд)

Елорданың 15 жылдығына Астананың ортасында жаңа опера және балет театры ашылды. Оған Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Астана Опера» атауы берілді. Сәлеткерлігі бойынша классикалық, бірақ техникалық орындауы және ішкі жабдықталуы жөнінен нағыз инновациялық болып табылатын бұл театр да біздің Астанамыздың тағы бір таңдай қақтырар ғимараты.

Балалар, міне біз саяхатымызды аяқтадық. Астанамыздың 7 ғажайыбы ұнады ма?

Сендер болашақта Астанаға барып осы әдемі ғимараттарды көрулеріңе болады.


V. Рефлексия

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма: Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық
Математикадан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық. 76 бет № 5




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
7 санын ?осу ж?не азайту. ?айталау

Автор: Мутбаева Толкын Толеугазиновна

Дата: 21.11.2014

Номер свидетельства: 133797


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства