kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7-ге к?бейту ж?не б?луді ?айталау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: 7-ге  к?бейту ж?не  б?луді ?айталау.

Ма?саты:    

  Білімділік.1.О?ушыларды  санды  7-ге к?бейту  ж?не  б?луді ?айталау.К?бейту, б?лу  амалдарын  шы?ару?а  машы?тандыра  т?су.

  Дамытушылы?: 1.Білім, білік  да?дыларын ке?ейту, ой-?рісін, ?иялын  ?абілетін  дамыту.К?бейту  кестесін  ??руды,к?бейтуді?  ауыстырымдылы?  ?асиетін  пайдалану?а  ?йрету.

2.О?ушыларды? а?ыл-ойын, п?нге  деген  ?ызы?ушылы?ын  арттыру, ?зін-?зі  тексеру  да?дысын  ?алыптастыру.

Т?рбиелік:  О?ушыларды елімізді? т?уелсіздік ал?алы, жеткен жетістіктерімен таныстыру. Отанды с?юге, ?дет-??рып, салт-д?ст?рді  са?тау?а т?рбиелеу.

Т?рі:Саяхат саба?.

?дісі:т?сіндіру, с?ра?-жауап, топпен  ж?мыс,ойын  ?дісі, математикалы?  диктант.

К?рнекілігі: к?бейту  кестесі,с?йкес  суреттер,бейне  с?з,  слайд, электронды  о?улы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7-ге к?бейту ж?не б?луді ?айталау. »

Сабақтың  тақырыбы: 7-ге  көбейту және  бөлуді қайталау.

Мақсаты:

Білімділік.1.Оқушыларды  санды  7-ге көбейту  және  бөлуді қайталау.Көбейту, бөлу  амалдарын  шығаруға  машықтандыра  түсу.

Дамытушылық: 1.Білім , білік  дағдыларын кеңейту, ой-өрісін, қиялын  қабілетін  дамыту.Көбейту  кестесін  құруды,көбейтудің  ауыстырымдылық  қасиетін  пайдалануға  үйрету.

2.Оқушылардың ақыл-ойын, пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру, өзін-өзі  тексеру  дағдысын  қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы, жеткен жетістіктерімен таныстыру. Отанды сүюге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу .

Түрі:Саяхат сабақ.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен  жұмыс,ойын  әдісі, математикалық  диктант.

Көрнекілігі: көбейту  кестесі,сәйкес  суреттер,бейне  сөз,  слайд, электронды  оқулық.

Сабақтың  барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушыларды  сабаққа  даярлау, сыныптың  сабаққа  даярлығын  тексеру, оқу  құралдарын  түгендеу.

Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

«Ғылымдар патшасы»-деп дараланып,

Математика- қызыққа тоймайтұғын.


Психологиялық тренинг

Мұғалімнің сұрағы Оқушылардың жауабы

Әрбір адам - досым, сыныптасым
Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің - тіршілік, адамдық
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.


-Қане  балалар,бір-бірімізге  сәттілік  тілейік.Оқушылар  2 топқа  бөлініп отырғызылады.

1-  топ-«»

2- топ-«»

Үй  тапсырмасын  және  өткен  тақырыпты еске  түсіру.

Электронды  оқулықтан.Өлшем  бірліктеріне  байланысты.

Үй  тапсырмасымен өткен  тақырыпты  қорыта  келе:  сұраққа  жауап  берейік.

1.Бір  жылда  неше  мезгіл  бар?

2.Қазір  қай  ай?

3. 1км-де  неше метр  бар?

4.Бөлудің  компоненттерін  ата.

5.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

6.Бір тәуліктің алтыдан бірі неше сағат болады?

Жаңа  сабақ:

Қазақта 7 саны  киелі, қасиетті, тақ  сан.

Ендеше  7санына  байланысты  ұғымдарды текшелік  стратегияны  пайдалана  отырып  бірнешеуіне анығырақ  тоқталайық.

                                     7 ата                       7күн                    7 жұрт

                      7 жоқ                                      7                                  7  қат  көк

7 қазына

             7 амал

                     7шелпек                     7түс                       7жарғы                                       

7 ата- Ата. Әке. Бала.Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене.

7 қазына- Ер  жігіт.Сұлу  әйел. Білім-ақыл. Жүйрік ат. Қыран  бүркіт. Берен  мылтық. Жүйрік  тазы.

7  жоқ- Жерде  өлшеуіш  жоқ.Аспанда  тіреуіш  жоқ. Таста  тамыр  жоқ.Тасбақада  талақ  жоқ.Аллада  бауыр  жоқ. Аққуда  сүт  жоқ.Жылқыда  өт  жоқ.

7 қат  көк-Ай.Күн. Шолпан.Есекқырғын(Меркурий).Қызылжұлдыз(Марс).Сатурн. Мүштәри(Юпитер)

Жеті  саны  туралы  жақсы  біледі  екенсіңдер.Біздің тәуелсіз  еліміздің астанасы  Астанада  да 7 керемет  бар  екен.Берілген  тапсырмаларды  орындай  отырып  сол  кереметтерді  көрейік.

Жаңа  сабақ. Тақырыбы:7-ге көбейту және бөлу  жағдайларын қарастыратырып, көбейту  мен  бөлуді  қайталау.

Тыңдайық:электронды оқулықтан.

1-    Астанадағы  керемет  «Бәйтерек»

2.Оқулықпен  жұмыс.

Есеп №2  Топпен  жұмыс.

1-                

Қараөрік-63 кг                 Кері  есебі:  Әр  қорапта-9кг            ?

Салынды-7қорапқа                              салынды-7 қ   

Әр қорапта-?                                       Шешуі:9.7   63

Шешуі:63:7  9к                                    Жауабы:Қараөрік  63  кг.

Жауабы:Әр қорапта 9кг-нан.

2-     Топ.                               Кері  есеп:Барлығы-56кг

Қазып  алынды-8/1                          Қазып  алынды-8/1

Салынды-7кг                                   Салынды-?

Барлығы-?                                        Шешуі:56:8  7кг

Шешуі:7.8  56                                       Жауабы:Саланды:7кг       

Жауабы:барлығы:56 кг картоп  жиналды.

3-    Топ.                                 Кері есеп:8  қойдан-56 кг

1қойдан-7кг                                     1қойдан-?

56 кг алу үшін-?қой                          Шешуі:56:8  7кг              

Шешуі:56:7  8қой Жауабы:1 қойдан 7кг

Жауабы:Қырқу  керек  8  қой.

4-Топ

1қойдан-6кг                                 Кері  есеп:7 қойдан-42 кг.

7 қойдан-?кгқырқылады                            1 қойдан-?жүн.

Шешуі:6.7   42кг                                        Шешуі:42:7  6

Жауабы:барлығы  42 кг                              Жауабы:1 қойдан  6кг  жүн қырқылады.

2-  кереметі бұл «Думан»ойын  сауық кешені

Тақтамен  жұмыс.

Салыстыру:

3.7*7.3    3.7+24*7.3+73    7.(3+6)*7.3+6

7.7*8.7    7.7+20*7.8+20              (7+2).3*7+2.3        

3- кереметі бұл«Әуенді  фонтандар»

№4 есепті  кесте  бойынша  ауызша  құрастыру

13

Бағасы

Саны

Құны

Түйрегіш

5теңге

7 дана

? теңге

Өшіргіш

7 теңге

?дана

63  теңге

Дәптер

?теңге

7 дана

56  теңге

Кітап

7 теңге

?дана

49  теңге

4- керемет бұл  « Бейбітшілік  пен  келісім»сарайы

Сергіту  сәті: «Сұр  қоян»

Электронды  оқулықтан үлеске  байланысты тапсырманы  орындау

№5  Берілген  кесіндінің  үштен  бір  бөлігіне  тең  кесінді  сыз.

6/3  2см

9/3  3см

12/3   4см

5- керемет «Қаз Мұнай газ» ғимараты

№6    Өрнектер  құрастыру, мәнін  табу.

7.7            5.3

7.7     +     6.4

7.9     -      7.0

6.7            9.2

Осы  тапсырманы  орындағаннан  кейін келесі  керемет ол

6- керемет «Ханшатыр»

Қорытынды: Логикалық  есептер:

1)Әжесі  немересіне сегіз  қолғап  тоқиды.Немересі  нешеу?

2)екі  стақанға  бірдей   су  құйдық.Оның  біреуін  тарелкаға  төңкердік.Қай  стақанда  су  көп?

3)Қыз  бала  ер  балаға  қарағанда 10  жаңғақты  кем  жинады.Ер  бала 6  жаңғақты  қыз  балаға берді.Кімнің  жаңғағы  артық  және  нешеуі  артық?

4)Шөпте  қояндар  тығылып  отыр.Тек  он  төрт  құлақтары  ғана  көрініп  тұр.Қанша  қоян  тығылып  отыр.

7-  керемет «Ақ орда»

Ойын  ойнау: Сөз  туым (анаграмма)  қайта  құрастыру.Яғни  бір  сөздің әріптерінен алмастыру  арқылы  жаңа  сөз  жасау.

Шаршы-шырша

Амал-алма

Ғасыр-сырға

Сабақты қорыту.Біз  нені  білдік?Киелі  сандардың  бірі 7  екенін білдік.

Ол  7  саны.Тақ  сан.

Біз  нені  үйрендік? 7-ге  көбейту  және  бөлу  кестесімен  танысып  есептер  шығардық,логикалық  тапсырмалар орындай  отырып Тәуелсіз  Қазақстанымыздың  Астанасындағы  7  кереметпен  таныстық.Жуықта еліміз  Тәуелсіздік  күнін  тойлайды.сұрақ:Қай  жылы өз  тәуелсіздігін  жариялады?1991  жылы  16  желтқсанда.Биыл  2014  жыл.Тәуелсіздік  алғанымызға  неше  жыл ?


Бағалау.


Үйге  тапсырма №7 (146-бет) түсіндіру.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
7-ге к?бейту ж?не б?луді ?айталау.

Автор: Есбосынова Меруерт Досымбековна

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211934


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства