kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 сыныпта математика п?нінен "Жай б?лшектерді орта? б?лімге келтіру" та?ырыбына ?ыс?а мерзімді жоспар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по математике в 5 классе на тему: "Жай б?лшектерді е? кіші орта? б?лімге келтіру". Поурочный план включает слайд, который применяется во время урока. А так же, задания учащимся, раздаточные материалы, и карточки с заданиями для индивидуальной работы. Во второй половине урока с учащимися класса проводится математический турнир.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 сыныпта математика п?нінен "Жай б?лшектерді орта? б?лімге келтіру" та?ырыбына ?ыс?а мерзімді жоспар. »

№16 орта мектеп-гимназия











(Ашық сабақ, 5«а» сынып)








Мұғалімі: Сапарғалиев М.Т.










Талдықорған қаласы

52 Сабақ жоспары


Пәні: Математика.

Сынып:

Өтілу мерзімі:

5 «а»

22.11.2011 ж.


Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.


Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға толықтауыш көбейткіш туралы түсінік беру, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіре білу дағдыларын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек беруге, бірлікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жарыс, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірме қағаздар.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу; ә) оқушылардың сабаққа қатысуларын түгендеп тексеру; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІ.1. Өткен сабақ тапсырмаларының орындалуын оқушылардың жұмыс дәптерлерінен тексеріп шығу.

ІІ.2. Жекелеген оқушыларға үлестірме қағаздар үлестіру:


№1 үлестірме қағазы

саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.


О


№2 үлестірме қағазы

саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.


О




№3 үлестірме қағазы

саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.


О


№4 үлестірме қағазы

саны сәйкес келетін нүктені координаталық сәуледе кескіндеп көрсет.


О


ІІ.3. Өткен матеиал қайталап пысықтап шығу:

  1. Координаталық сәулені қалай сызамыз?

  2. Бірлік кесінді ретінде нені аламыз?

  3. Координаталық сәуледі қандай нүкте санақ басы деп аталады?

  4. Координаталық сәуледе жай бөлшекті қалай кескіндеп көрсетеміз?

  5. Мына суреттегі А, В, С нүктелерінің координаталарын анықтаңдар:

А В С


О 1 2 3

ІІ.4. Үлестірме қағаздардағы тапсырмаларды жинап тексеру.


ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын және мақсаттарын таныстыру.


ІV. Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

1-мысал: (№535 а) есебі) Бізге және жай бөлшектері берілсін. Бұл бөлшектерді дөңгелекте көрсетейік. жай бөлшегін көрсетейік: дөңгелекті теңдей үш бөлікке бөліп, оның екі бөлігін қоңыр түске боядық.

жай бөлшегін көрсетейік: дөңгелекті теңдей 4 бөлікке бөліп, оның екі бөлігін қоңыр түске боядық.



Енді дәл осы дөңгелектеріміздің әрбірін 3 және 4 сандарының ең кіші ортақ еселігіне, яғни теңдей 12 бөліктерге бөлейік.



Суретімізден байқайтынымыз: = және де =

12 саны және бөлшектері үшін ортақ бөлім екен.

Сонымен, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді бөлімдері бірдей бөлшектер түрінде жазуға болады екен.

және бөлшектерін ортақ бөлімге келтірейік. Бөл бөлшектердің ортақ бөлімі болатын сан 3-ке және 4-ке қалдықсыз бөлінуі керек, яғни олардың екеуіне де ортақ еселік сан болуы қажет. Ал, 3 пен 4 сандарының ортақ еселік сандары шексіз көп: 12, 24, 48, және тағы басқалар.

Анықтама: Берілген қысқармайтын бөлшектердің ортақ бөлімі болып сол бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі алынады.

ЕКОЕ (3, 4) = 12. Яғни және бөлшектері үшін ортақ бөлім 12 саны.

Енді осы ортақ бөлімді берілген бөлшектердің бөлімдеріне бөлеміз де, толықтауыш көбейткіштерін анықтаймыз.

Бөлшектің толықтауыш көбейткіші дегеніміз – ортақ бөлімді берілген бөлшектің бөліміне бөлгенде шығатын сан.

Сонда бізде 12:3=4, яғни 4 саны - бөлшегінің толықтауыш көбейткіші.

12:4=3, яғни 3 саны - бөлшегінің толықтауыш көбейткіші.

Енді берілген бөлшектердің алымын да, бөлімін де өз толықтауыш көбейткішіне көбейтеміз:

=

=

және бөлшектерінің бөлімдері бірдей. Яғни біз берілген бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірдік.

Есептеулерді орындаған кезімізде толықтауыш көбейткішті сәйкес бөлшектің алымының үстіне жазып қоямыз:





Сонымен, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру үшін:

  1. берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін анықтаймыз, осы сан бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болып табылады.

  2. Ең кіші ортақ бөлімді берілген бөлшектердің бөлімдеріне бөліп, әр бөлшектіңтолықтауыш көбейткіштерін табамыз.

  3. Әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін өздерінің толықтауыш көбейткішіне көбейтеміз.



2-мысал: , бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге келтірейік.

ЕКОЕ (15, 12, 8) табайық.



8 2 12 2 15 3

4 2 6 2 5 5

2 2 3 3 1

1 1


Сонда ЕКОЕ (15, 12, 8)= 3∙5∙2∙2∙2=120

120:8=15

120:12=10

120:15=8


,


Егер аралас бөлшектер берілсе, онда ең кіші ортақ бөлімге олардың бөлшек бөліктерін келтіреміз.


3-мысал: 2 және 1 бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге келтірейік.

ЕКОЕ (16, 14) табайық.


14 2 16 2

7 7 8 2

1 4 2

2 2

1




Сонда ЕКОЕ ( 16, 14)= 2∙2∙2∙2∙7=112

112:14=8

112:16=7


2 =2 және 1 = 1


Егер берілген бөлшектердің біреуінің бөлімі басқасының бөліміне еселік сан болып тұрса, онда сол бөлшектің бөлімі ең кіші ортақ бөлім болады.


IV. Оқушыларға есептер шығарту:


№535 5) және

ЕКОЕ (9, 3) =9

9:9=1

9:3=3

және =


7) және

ЕКОЕ (7, 3) =21

21:7=3

21:3=7

және =


№536 3) және

ЕКОЕ (14, 7) =14

14:14=1

14:7=2

және =


V. Математикалық турнир.

Сынып оқушылары екі командаға бөлінеді. Әр команда өздеріне капитан таңдайды. Сынып оқушылары білім деңгейлеріне сәйкес А және В деңгейлеріне бөлінген және қатармен отырғызылған.


Командарларға тапсырмалар:

І-қатар командасына

ІІ-қатар командасына

А деңгейіне

В деңгейіне

А деңгейіне

В деңгейіне

536 (1, 4, 7)

538 (1,3)

536 (2,5,8)

538 (2,4)


539 (1)


539 (2)


VI. Жаңа сабақ материалының игерілуін пысықтап тексеріп өту:

  1. Берілген бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болып қандай сан саналады?

  2. Толықтауыш көбейткіш дегеніміз қандай сан?

  3. Толықтауыш көбейткішті қалай табамыз?

  4. Теңдеулерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді екенбіз?


VII. Оқушыларға бағалар қою.


VIII. Сабақты қорытындылау.


IX. Үйге тапсырмалар беру: §20, 1-4 сұрақтарға дайындалу,

537 (3,4), №538 (5,6), №539 (3)








Мұғалім: /Сапарғалиев М.Т.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сапаргалиев Марат Тилеулиевич

Дата: 04.10.2015

Номер свидетельства: 235998


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства