5 сыныпта математика п?нінен "Жай б?лшектерді е? кіші орта? б?лімге келтіру" саба?ыны? жоспары.
5 сыныпта математика п?нінен "Жай б?лшектерді е? кіші орта? б?лімге келтіру" саба?ыны? жоспары.
5 сыныпта математика п?нінен "Жай б?лшектерді е? кіші орта? б?лімге келтіру" саба?ыны? жоспары. Саба?ты? негізгі ма?саттары: О?ушылар?а толы?тауыш к?бейткіш туралы т?сінік беру, б?лімдері ?р т?рлі б?лшектерді е? кіші орта? б?лімге келтіре білу да?дыларын ?алыптастыру болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«5 сыныпта математика п?нінен "Жай б?лшектерді е? кіші орта? б?лімге келтіру" саба?ыны? жоспары.»
№16 орта мектеп-гимназия
(Ашық сабақ, 5«а» сынып)
Мұғалімі: Сапарғалиев М.Т.
Талдықорған қаласы
№ 52 Сабақ жоспары
Пәні: Математика.
Сынып:
Өтілу мерзімі:
5 «а»
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға толықтауыш көбейткіш туралы түсінік беру, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіре білу дағдыларын қалыптастыру.
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын және мақсаттарын таныстыру.
ІV. Жаңа сабақ материалын түсіндіру:
1-мысал: (№535 а) есебі) Бізге және жай бөлшектері берілсін. Бұл бөлшектерді дөңгелекте көрсетейік. жай бөлшегін көрсетейік: дөңгелекті теңдей үш бөлікке бөліп, оның екі бөлігін қоңыр түске боядық.
жай бөлшегін көрсетейік: дөңгелекті теңдей 4 бөлікке бөліп, оның екі бөлігін қоңыр түске боядық.
Енді дәл осы дөңгелектеріміздің әрбірін 3 және 4 сандарының ең кіші ортақ еселігіне, яғни теңдей 12 бөліктерге бөлейік.
Суретімізден байқайтынымыз: = және де =
12 саны және бөлшектері үшін ортақ бөлім екен.
Сонымен, бөлімдері әр түрлі бөлшектерді бөлімдері бірдей бөлшектер түрінде жазуға болады екен.
және бөлшектерін ортақ бөлімге келтірейік. Бөл бөлшектердің ортақ бөлімі болатын сан 3-ке және 4-ке қалдықсыз бөлінуі керек, яғни олардың екеуіне де ортақ еселік сан болуы қажет. Ал, 3 пен 4 сандарының ортақ еселік сандары шексіз көп: 12, 24, 48, және тағы басқалар.
Анықтама: Берілген қысқармайтын бөлшектердің ортақ бөлімі болып сол бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі алынады.
ЕКОЕ (3, 4) = 12. Яғни және бөлшектері үшін ортақ бөлім 12 саны.
Енді осы ортақ бөлімді берілген бөлшектердің бөлімдеріне бөлеміз де, толықтауыш көбейткіштерін анықтаймыз.
Бөлшектің толықтауыш көбейткіші дегеніміз – ортақ бөлімді берілген бөлшектің бөліміне бөлгенде шығатын сан.
Сонда бізде 12:3=4, яғни 4 саны - бөлшегінің толықтауыш көбейткіші.
12:4=3, яғни 3 саны - бөлшегінің толықтауыш көбейткіші.
Енді берілген бөлшектердің алымын да, бөлімін де өз толықтауыш көбейткішіне көбейтеміз:
=
=
және бөлшектерінің бөлімдері бірдей. Яғни біз берілген бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірдік.
Есептеулерді орындаған кезімізде толықтауыш көбейткішті сәйкес бөлшектің алымының үстіне жазып қоямыз:
Сонымен, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру үшін:
берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін анықтаймыз, осы сан бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болып табылады.
Ең кіші ортақ бөлімді берілген бөлшектердің бөлімдеріне бөліп, әр бөлшектіңтолықтауыш көбейткіштерін табамыз.
Әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін өздерінің толықтауыш көбейткішіне көбейтеміз.
2-мысал: , бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге келтірейік.
ЕКОЕ (15, 12, 8) табайық.
8 2 12 2 15 3
4 2 6 2 5 5
2 2 3 3 1
1 1
Сонда ЕКОЕ (15, 12, 8)= 3∙5∙2∙2∙2=120
120:8=15
120:12=10
120:15=8
,
Егер аралас бөлшектер берілсе, онда ең кіші ортақ бөлімге олардың бөлшек бөліктерін келтіреміз.
3-мысал: 2 және 1 бөлшектерін ең кіші ортақ бөлімге келтірейік.
ЕКОЕ (16, 14) табайық.
14 2 16 2
7 7 8 2
1 4 2
2 2
1
Сонда ЕКОЕ ( 16, 14)= 2∙2∙2∙2∙7=112
112:14=8
112:16=7
2 =2 және 1= 1
Егер берілген бөлшектердің біреуінің бөлімі басқасының бөліміне еселік сан болып тұрса, онда сол бөлшектің бөлімі ең кіші ортақ бөлім болады.
IV. Оқушыларға есептер шығарту:
№535 5) және
ЕКОЕ (9, 3) =9
9:9=1
9:3=3
және =
7) және
ЕКОЕ (7, 3) =21
21:7=3
21:3=7
және =
№536 3) және
ЕКОЕ (14, 7) =14
14:14=1
14:7=2
және =
V. Математикалық турнир.
Сынып оқушылары екі командаға бөлінеді. Әр команда өздеріне капитан таңдайды. Сынып оқушылары білім деңгейлеріне сәйкес А және В деңгейлеріне бөлінген және қатармен отырғызылған.
Командарларға тапсырмалар:
І-қатар командасына
ІІ-қатар командасына
А деңгейіне
В деңгейіне
А деңгейіне
В деңгейіне
№536 (1, 4, 7)
№538 (1,3)
№536 (2,5,8)
№538 (2,4)
№539 (1)
№539 (2)
VI. Жаңа сабақ материалының игерілуін пысықтап тексеріп өту:
Берілген бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болып қандай сан саналады?
Толықтауыш көбейткіш дегеніміз қандай сан?
Толықтауыш көбейткішті қалай табамыз?
Теңдеулерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді екенбіз?
VII. Оқушыларға бағалар қою.
VIII. Сабақты қорытындылау.
IX. Үйге тапсырмалар беру: §20, 1-4 сұрақтарға дайындалу,