kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

2 санын ?осу ж?не азайту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

2 санын ?осу ж?не азайтуды ?йрету, санды ?осу ж?не азайтуда амалды та?дай алу білігін жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«2 санын ?осу ж?не азайту.»

Сабақтың тақырыбы: екіні қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: кестелік жағдайларда 2 санын қосу және азайту тәсілдерін таныстыру.
• 2 санын қосу және азайтуды үйрету, санды қосу және азайтуда амалды таңдай алу білігін жетілдіру;
• Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту;
• Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.
Көрнекіліктері: сандар, слайд, плакаттар, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың ұраны айтылады.
«Математика – үлкен патшалық,
Сандықты ашып, сырын ұқ!»
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.
ІІ. Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық. Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сіздер ертегілерді жақсы көресіздер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық!
ІІІ. Өткенді қайталау.
- Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін сиқыр керек. Бәріміз бірге шатаспай 1-ден 10-ға дейін санайық. (Ашылмайды).
- Кері санап көрейік. (Ашылмайды).
- 1санды аттап санайық. (Ашылмайды).
- Енді не істеуге болады екен? Кәнеки, бәріміз 3 рет шапалақтайық. (Ашылмайды).
- Менің ойымша, бұл қақпаның құпия сандарын білу керек шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Тауып көреміз бе?
5+0 3+4 8-2 4+5 6+4 9-8
Құпия сандар: 5, 7, 6, 9, 10, 1.
Әр санға түсінік беру:
5 – заттың 5-еу екенін білдіреді. 5 санының көршілері: 4 пен 6 сандары т.с.с.
- Енді барлығың тыныш отырыңыздар!
Қақпаға кілтті салып, ашады.
«Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.
«Қасқыр мен қозы» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады. Балалар, не байқап тұрсыздар? Қасқыр қозыны жеп қоймақшы ма? Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, қозыны құтқарайық. Мына өрнектердің мәнін дұрыс тапсақ қана қозыны құтқара аламыз.

ІV. Жаңа сабақ.
Кесте бойынша берілген сандарға 2 – ні қосу және өзара кері амалдарды орындау.
2+2=4 4-2=2 т.с.с.
- Сандарға нешені қостық?
- Сандарға екіні қосқанда артады екен, ал 2 – ні азайтсақ кемиді.
- Қосу амалына кері амал қандай амал?
- Азайту амалы.
- Балалар, экранға назар аударыңыздар, қозыны аман алып қалдық.
Біз де қошақанмен бірге қуанайық.
V. Сергіту сәті.
VІ. «Түлкіге көмектесу».
- Мына суретте нелерді көріп тұрсыздар?
- Арыстан – қандай аң?
- Түлкі қандай?
- Түлкі қанша қумын, айлакермін дегенімен бүгін бір жамандыққа тап болған сияқты. Біз жамандыққа жаны қас мейірімді балалармыз ғой. Түлкіні арыстанның тырнағынан құтқарайық. Мына сандар мен өрнектерді салыстырып көрейік.
4 * 3 2 * 5 6 + 1 * 8 9 – 2 * 6 5 + 0 * 6 – 0 3 – 3 * 3 + 0
- Рахмет балалар, сіздерге түлкі риза болып, құйрығын бұлғаңдатып кетіп барады.
- Балалар, өздеріңіз байқап отырғандарыңыздай ертегілерде аңдар, жануарлар ғана емес, Айлакер бала, Тазша бала да кездеседі. Айлакер бала ормандағы Диюға кездесіп қалыпты. Мына есепті шығармасаң, қараңғы зыңданға тастаймын деп сес көрсетіп тұр. Біз де оқулықтағы 4- есепті шығарып, тезірек Айлакер балаға көмектесейік.
VІІ. Кітаппен жұмыс.
4-есеп. Айшаның 4 гүлі бар еді. Ол екеуін Алмаға берді. Айшаның неше гүлі қалды?
VІІІ.: Дәптермен жұмыс.
Қаламсап қолға аламыз,
Дәптерді қиғаш қоямыз.
Денемізді тік ұстап,
Әдемі етіп жазамыз.
Шешуі: 4-2=2 гүл.
Жауабы.:Айшаның 2 гүлі қалды.
- Бәрекелді балалар, Айлакер баланы құтқардыңыздар. «Ертегілер елінде» жай саяхаттамай қаншама жақсы істер істеп жатырсыздар. Айлакер бала да барлық жұртқа елімізде сиқыршы балалар жүр екен деп мақтап айтып жатыр.
Енді шаршағанымызды басып, дем алсақ қайтеді.
ІХ. Сергіту сәті.
Х. Тазша баланың тапрсырмалары.
- Біздің «Ертегілер елінде» жүргенімізді Тазша бала естіп қалыпты. Бұлар менен де тапқыр қандай балалар, тексеріп көрейінші деп, тапсырмалар ала келіпті. Орындаймыз ба, тапсырмаларды?
Логикалық тапсырмалар.
1) Заттардың сыңарын тап. Бас киім – шарф
Шаңғы – таяғы
Гүл – құмыра
Қарындаш – альбом
2) Суретші не салуды ұмытты?
Салынбай қалған мүшелер мен бөлшектерді атау.
Тапсырмаларды дұрыс орындағанымызға Тазша бала риза болды. Қандай тапқыр балалар деп тамсана айтып жүретін болды.
ХІ. Бекіту.
- Балалар, біз қандай жақсы істер істедік?
1. Сандарға 2 – ні қосып, азайтуды үйреніп, қозыны құтқардық.
2. Салыстырдық. Түлкіге көмектестік.
3. Айлакер балаға есеп шығарып бердік.
4. Тапсырмаларды орындап Тазша баланы риза қылдық.
«Ертегілер елінен» қайтатын да уақыт болды. Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіз Қазақстанға – 25 жыл
ХІІ. Қорытынды.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
2 санын ?осу ж?не азайту.

Автор: Ботабекова Бакыткуль Токтагановна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325896


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства