Барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і
1. О?ушыларды т?гендеу. 2. Сынып тазалы?ы, жеке бас тазалы?ы.
3. Саба??а ?зірлігі.
С?лемдесу: Келі?із, т?рлеті?із
?лкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
С?лемдесіп ?лкенмен
Бас иеміз біз.
ІІ. ?тілген материалды пысы?тау.?ызы?ушылы?ын ояту.
А) К?бейту кестесін толтыру?а ?р бала?а кеспе таратылады.
Пифагор кестесі бойынша к?бейту кестесі ?айталанады.
?) 9 санына сауса?пен к?бейту ?дісі
9-?а к?бейтіп к?рейік: санды 9-?а к?бейту ?шін сол санмен н?мірленген сауса?ты тауып, сол сауса?ты? сол жа?ында?ы ж?не о? жа?ында?ы сауса?тарды санаймыз. Сол жа?та?ы сауса? саны к?бейтіндіні? 1-цифры онды?ты к?рсетсе, о? жа?та?ы сауса? саны 2-цифрды – бірлікті білдіреді.
Мысалы, 3 х 9=27. 2 онды?, 7 бірлік.
Сонымен ?атар 9- киелі сан екендігін «То?ыз??мала?» ойыны туралы айтып кету. То?ыз-??мала? — ?аза?ты? ?лтты? д?ст?рлі ойындарыны? бірі, а?ыл-ой ойыны. То?ыз??мала? ойыны арнайы та?тада екі адам арасында ойналады. Ойын та?тасы – 2 ?азан, 18 отау, 162 ??мала?тан т?рады. Ойын басында ?р ойыншы?а бір ?азан, то?ыз отау?а то?ыз-то?ыздан салын?ан сексен бір ??мала? тиесілі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«10-?а,100-ге к?бейту ж?не б?лу »
МАТЕМАТИКА.
Тақырыбы: 10-ға,100-ге көбейту және бөлу Мақсаты: 340:10, 34х10 ,800:100 ,4х100 түріндегі көбейту мен бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру,көбейту кестесін бекіте түсу Міндеттері: 1. Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру; 2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта түсу; 3. Тақырып бойынша білім беру, логикасын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
10-ға,100-ге көбейту және бөлуді меңгерту
Көбейту мен бөлу кестесін бекітеді;
Оқушылар логикалық есептерді шығару барысында логикасын дамытады, ой бөліседі, пікір алмасады;
Жеке, жұппен, топта жұмыс істеуге, бірін бірі тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Көрнекілік: «Кім жылдам?» ойыны, Қазақстан картасы, суреттер, кеспелер. Қазақстанның жеті кереметінің суреттері Әдіс-тәсіл: көрнекілік, түсіндіру,ойын, жарыс, этнопедагогика элементтері.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушыларды түгендеу. 2. Сынып тазалығы, жеке бас тазалығы. 3. Сабаққа әзірлігі. Сәлемдесу: Келіңіз, төрлетіңіз Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлемдесіп үлкенмен Бас иеміз біз. ІІ. Өтілген материалды пысықтау.Қызығушылығын ояту. А) Көбейту кестесін толтыруға әр балаға кеспе таратылады. Пифагор кестесі бойынша көбейту кестесі қайталанады.
Ә) 9 санына саусақпен көбейту әдісі
9-ға көбейтіп көрейік: санды 9-ға көбейту үшін сол санмен нөмірленген саусақты тауып, сол саусақтың сол жағындағы және оң жағындағы саусақтарды санаймыз. Сол жақтағы саусақ саны көбейтіндінің 1-цифры ондықты көрсетсе, оң жақтағы саусақ саны 2-цифрды – бірлікті білдіреді. Мысалы, 3 х 9=27. 2 ондық, 7 бірлік. Сонымен қатар 9- киелі сан екендігін «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы айтып кету. Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Көркем жазу 2 18 162
Күн ретін жазу.
Математикалық диктант
72 санын 9 есе кеміт 8
7 санын 9 есе арттыр 63
63-ті 7-ге бөл 9
45-т і 9-ға бөл 5
3-ті 9 есе арттыр 27
4 санын 9 –ға көбейт 36
Тағы қандай киелі сандарды білесіңдер ? Жеті.
1-оқушы: Әлемнің алғашқы жеті кереметі: 1. Египет пирамидасы. 2. Вавилондағы Семирамида аспалы бағы. 3. Ертедегі Артемида храмы. 4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 7. Александрия маягі.
Мұғалім:Адам баласын таң қалдыратын ғажап дүниелер!Бұндай кереметтер біздің елімізде бар ма екен,анықтап көрейікші!Бүгінгі сабақта Қазақстанның 7 кереметіне не жатқызуға болатынын анықтайық.Ол үшін бізге математика туралы білімдеріміз қажет болады.Әрбір тапсырманы орындаған сайын бір-бір кереметті ашып отырамыз.
№3 ауызша орындалады.Қалып қойған сөздерді орнына қой.
Көбейтуді бөлумен тексеруге болады. Ол үшін көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөлу керек. Сонда екінші көбейткіш шығады.
Бөлуді көбейтумен тексеруге болады. Ол үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейту керек. Сонда бөлінгіш шығады.
Бөлуді бөлумен тексеруге болады. Ол үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек. Сонда бөлгіш шығады.
1-кереметіміз - Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
ІІІ.Жаңа сабақ. Мағынаны ашу сатысы. №1 тапсырмаға берілген иллюстрация негізінде жаңа сабақ түсіндіріледі. -Неше текше болды? Неше есе арттырдық? Неше текше болады?Көбейтудің көмегімен қалай жазуға болады?
1х10=10 4х10=40 10х10=100
10х1=10 10х4=40
10:10=1 40:10=4 100: 10=10 Бірінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр:сандардың қандай ұқсастығы,қандай айырмашылығы бар? 10-ға көбейту кезінде сан қалай өзгереді?10-ға бөлу кезінде сан қалай өзгереді?
2) Есептеуді түсіндір. 1-2 топ 3-4 топ
10х2=10+10=20 15х10=150 23х10=230
2х10=20 10х15=150 10х23=230
20:10=2 150: 10=15 230: 10=23
20: 2=10 150: 15=10 230:23=10
Оны Қарнақ қаласында 1399 жылы Тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әд Дин 7 металл қоспасынан құйып жасаған. Оған 60 шелек су сияды, салмағы 2 тонна. 1935 жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитажға әкетілген еді. 1989 жылы елге қайтарылды.
2-кереметіміз – Тайқазан.
100-ге көбейту тәсілі осыған ұқсас жүргізіледі.№2 тапсырма.
-Келесі кереметке жатқызуға болатын затты мен былай жұмбақтағалы тұрмын: Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп тербеледі адам соқса. Шешен тіл,сөзге жүйрік болғанымен, Не пайда үндемейді адам жоқ та. 6-кереметіміз-Домбыра .
№5 ауызша орындалады.
1-топ; а) 20см:5см=4 есе артық
2-топ: Ә) 20см-5см=15 см артық
3- топ: б) 6х4=24 кітап
4- топ в) 4х2=8 кітап 4х5=20 кітап
7-кереметіміз -Күлтегін ескерткіші.
Қазақстанның 7 кереметін анықтадық.
ІҮ. Қорытындылау. 10-ға көбейткенде сан қалай өзгереді?
10-ға бөлгенде сан қалай өзгереді?
100-ге көбейткенде сан қалай өзгереді?
100-ге бөлгенде сан қалай өзгереді?
Ү. Бағалау. Жұлдызшаны көп жинаған топ жеңеді. Оларға ел тәуелсіздігінің 22 жылдығының қарсаңында еліміздің туын табыс ету. ҮІ. Үйге тапсырма: №7 164-бет Уақыт қалса, көңілді есептер шығарылады. Бір арбаға жегілген үш ат км жерді шауып өтті.Сонда әрқайсысы қанша километр шапты? Екі дос 2 сағат бойы доп ойнады. Әрқайсысы доппен қанша уақыт ойнады? Құралай тақтаға екі үшбұрыш, үш шаршы, тікбұрыш, шеңбер және сопақша салды. Ол неше фигура салды?