kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану- математика пән бірлестігінің 2016-2017 оқу жылына арналған жылдық есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

бұл өткен оқу жылындағы Қосөткел негізгі мектебінің жаратылыстану -математика пән бірлестігінің жылдық қорытынды есебі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану- математика пән бірлестігінің 2016-2017 оқу жылына арналған жылдық есебі»

Қосөткел негізгі мектебі












2016-2017 оқу жылындағы жаратылыстану-математика пән бірлестігінің қорытынды жылдық есебі























Бірлестік жетекшісі : Аяпбергенова Гулжан Едилбаевна













Тақырыбы:
"Математика - жаратылыстану пәндері бойынша әр түрлі технологияларды қолдана отырып,
 эстетикалық бағытта жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және шығармашылыққа баулу".

Бірлестік жұмысының мақсаты:

  • математика, физика, информатика, биология,география, химия пәндерінен мемлекеттік білім стандартының орындалуын қадағалау.

  • оқушыларға білім беруде мемлекеттік Білім Заңын және Тіл Заңын басшылыққа алу.

  • оқушыларға білім беруде жаңашыл, озық технологияларды кеңінен қолдану.

  • гуманитарлы- эстетикалық дамыту бағытындығы шараларды кеңінен өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

  • дарынды балалардың қабілеттерін дамыта отырып, оларды шығармашылық, ғылыми жұмыстарға одан әрі баулу.

  • ақпараттық- коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру.

  • ұстаздардың кәсіби шеберліктерін ұштай түсуде өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын өрістету

  • жеке оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы білім сапасына қол жеткізу.

Міндеттері:

  • Мектептің өзекті тақырыптарын басшылыққа ала отырып, бірлестік оқушылардың шығармашылық қалыптастыруға жағдай жасау.

  • Пән апталықтарын, жаңашыл ашық сабақтарды тиімді өткізіп тұру.

  • Пән мұғалімдері мен  ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.

  • Оқытудың тиімді әдістерін меңгеру мақсатында педситуация, тренингтер өткізу, семинарларға, іскерлік ойындарға қатысу.

  • ОЖСБ- ға, емтихан, пән олимпиадаларына жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың дайындықты бақылау.

  • Білім көрсеткіші төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың өтуін қадағалап отыру.

  • Педагогикалық басылымдардағы озат іс- тәжірибелерді талдау, оқып үйрену.

  • Бірлестік ұстаздарының тест жинақтарын, оқу- әдістемелік құралдарын немесе авторлық бағдарламаларын құрастырып, шығаруына ықпал ету.

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс бағыты:

 

  • ӘБ жоспарын құру, ӘБ отырыстары;

  • Іс-құжаттарды реттеу ;

  • Өзара сабаққа кіру,дәптер тексеру, тәжірибе алмасу;

  • Аттестациялану талаптарын орындау;

  • Олимпиада, конференция, фестиваль,  интеллектуалдық  сайыстарға қатысу;

  • Жаңа ақпараттармен танысып отыру;

  • Озық тәжірибелерді тарату;

  • Жас мамандарға көмек және қолдау көрсету;

  • Кәсіби білімдерін көтеру;

  • Шығармашыл топта жұмыс жасау;

  • Өзіндік әдістемелік құралдарын басып шығару;

  • Пәндер апталығы мен ашық есік күндерін ұйымдастыру;



ӘБ-тің құрамында үш мұғалім бар. Олар:


Р\с

Мұғалімнің аты-жөні

Мамандығы

Білімі

Санаты

Еңбек өтілі

1.

Аяпбергенова Г.Е.

Математика пән мұғалімі

Жоғары

жоқ

6 жыл

2.

Таждавлетова Г.Т.

Педагогика, психология

Жоғары

І I санат

9 жыл

3.

Ұзақбаева Ж.Б.

Физика пән мұғалімі

Жоғары

І санат

6 жыл

2016-2017 оқу жылында әдістеме бірлестіктің құрамындағы 3 мұғалімде біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Атап айтсам:

Ұзақбаева Жақсыгүл Бекбергенқызы «физика, информатика пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында оқушыларға психология-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Таждавлетова Гулим Таргыновна «психология пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында оқушыларға психология-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Аяпбергенова Гулжан Едилбаевна « математика пәні бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында оқушыларға психология-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.


I тоқсан

 

I тоқсан қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші келесідей болды:

математика-75% (6-9кл), геометрия – 70% (7-9 кл) ,

физика– 80 % (7-9 кл) , химия– 75% (8-9 кл), информатика – 81.8% (6-9 кл)

биология – 81.8 % (6-9 кл), география – 81.8 % (7-9 кл).



II тоқсан

II тоқсан қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші келесідей болды:

математика-75% (6-9кл), геометрия – 70% (7-9 кл) ,

физика– 80 % (7-9 кл) , химия– 80% (8-9 кл), информатика – 90.9% (6-9 кл)

биология – 81.8 % (6-9 кл), география – 81.8 % (7-9 кл).

II тоқсан бойынша пән мұғалімдерінің және оқушылардың жеткен жетістіктері:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу қарсаңында өткізілген жалпы білім негіздері бойынша Республикалық олимпиаданың 2-ші аудандық кезеңінде физика пәні бойынша белсене қатысқаны үшін 9-класс оқушысы Алпамысов Ринат мадақтама грамотамен марапатталды. Жетекшісі: Ұзақбаева Ж.Б.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Елін сүйген , елі сүйген Елбасы» атты зияткерлік сайысында III орынды жеңіп алғаны үшін 8сынып оқушысы Миндегали Алмат мадақтама грамотасымен марапатталды. Жетекшісі: Аяпбергенова Г.Е.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу және Қайрат Рысқұлбековтың 50 жылдығына орай аудандық Оқушылар үйінде өткізілген зияткерлік сайыста I орынды жеңіп алған 9 класс оқушысы Алпамысов Бекзат мадақтама грамотасымен марапатталды. Жетекшісі: Таждавлетова Г.Т.

Ұлтымыздың қастерлі мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің болашағы жас ұрпақ бойына ізгі қасиеттерді сіңірумен дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында зияткерлік сайысқа дайындаудағы қосқан үлесі үшін Таждавлетова Гулим Таргыновна Қобда аудандық Оқушылар үйінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

III тоқсан

Ақпан айының 06.02.- 11.02 аралығында «Білімді жетер мұратқа» атты апталық өтті. Апталық салтанатты түрде ашылды және оқушыларға апталықтың мақсаты мен жалпы жоспары таныстырылды.

Мазмұны

Мерзімі

Уақыты

Класс

Пәні

Түрі

Жауапты

1

Жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығының ашылуы

06.02.17


11°°

6-9

Жаратылыстану пәндері

Апталықтың ашылуы

Жаратылыстану пән бірлестігінің жетекшісі Аяпбергенова Г.Е.

2

МИФ мейрамханасы

06.02.17


345


6-9

Информатика

Физика
Математика

Сыныптан тыс іс- шара

Ұзақбаева Ж.Б.

Аяпбергенова Г.Е.

3

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

07.02.17


1105-1150

8

Физика

Ашық сабақ

Ұзақбаева Ж.Б.



Жас математиктер

07.02.17


345

6-9

Математика

Сыныптан тыс іс- шара

Аяпбергенова Г.Е.

4


Тепе теңдіктерді тиімді пайдаланып есептер шығару

08.02.17


920-1005

9

Алгебра

Ашық сабақ


Аяпбергенова Г.Е.

5

Алғыр алтау

08.02.17


345

8-9

Физика

Сыныптан тыс іс- шара

Ұзақбаева Ж.Б.


6

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары мен олардың алдын алу

09.02.17


1015-1100



8


Биология


Ашық сабақ



Таждавлетова Г.Т.

7

Ойнайық та ойлайық

09.02.17


345

6-8

Информатика

Сыныптан тыс іс- шара

Ұзақбаева Ж.Б.


8

Жемірілу және онымен күресу

10.02.17


920-1005

9

Химия

Ашық сабақ


Ұзақбаева Ж.Б.


9

«Не? Қайда?Қай елде?»

10.02.17


345

6-9

география

Сыныптан тыс іс- шара

Таждавлетова Г.Т.

10

«Білімді жетер мұратқы» жаратылыстану математика апталығының жабылуы

11.02.17

1600

6-9

Жаратылыстану пәндері

Апталықтың жабылуы

Аяпбергенова Г.Е.



Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Атап айтсам: дүйсенбі күні «МИФ мейрамханасы» атты сыныптан тыс шараны физика пәні мұғалімі Ұзақбаева Ж.Б. және математика пәні мұғалімі Аяпбергенова Г.Е. жоғары деңгейде ерекше қылып өткізді.



Ал сейсенбі күні 8 класс оқушыларымен физика пәнінен  «Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау» - тақырыбында Ұзақбаева Ж.Б. ашық сабақ өткізді. Пән мұғалімі өзінің жастығына , Кембридж оқуын оқымағанына қарамастан жеті модуль тәсілін өз бетінше жақсы меңгергендігін және сол тәсілдің элементтерін сабағында шебер қолдана білді.

07.02.2017 күні 6-9 класс аралығында «Жас математиктер» атты сыныптан тыс шараны математика пәнінің мұғалімі Аяпбергенова Г.Е. оқушыларға қызықты логикалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар беру арқылы математикаға деген қызығушылығын арттырып сайысты қызықты қылып өткізе білді. Сонымен қатар математика пәнінің мұғалімі 9 класс оқушыларымен «өрнектерді түрлендіру кезінде негізгі тригонометриялық тепе теңдікті қолданып ықшамдау» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта оқушылар 3 топқа бөлініп сабақ соңында әр топ өзінің кітабын шығарды.



Апталық барысында география және биология пәнінің мұғалімі Таждавлетова Г.Т. биология пәнінен «Өкпенің тіршілік сыйымдылығы» атты тақырыпта 8 класс оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ құрылымы жағынан жақсы дайындалған әрі жасөспірімдер үшін темекінің қаншалықты зиян екенін бейнеролик және өз қолдарымен тәжірибе жасау арқылы көз жеткізулері сабақты одан әрі аша түсті. Сонымен қатар Таждавлетова Г.Т. 7-9 класс аралығында «Не? Қайда? Қай елде?» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырды. Оқушылар әр түрлі қызықты тапсырмалар орындап өздерінің білім деңгейлерін көрсете білді.

Информатика пәнінінің мұғалімі Ұзақбаева Ж.Б. 8-9 класс аралығында «Ойнайық та ойлайық» атты сыныптан тыс шара өткізді.Оқушылар өздерінің қаншалықты компьютерді жетік меңгергендерін практика жүзінде және компьютердің құрамдас бөліктерін кубиктерді тез құрастыру арқылы дәлелдеді.

Апталықта сонымен қатар химия пәнінен 9 класс оқушыларымен «жемірілу және онымен күресу» атты тақырыпта Ұзақбаева Ж.Б. ашық сабақ өткізді. Мұғалім химия пәнінің маманы еместігіне қарамастан жоғары деңгейде яғни, тақырыпты оқушыларға бұрыннан таныс «Екі соқа» атты ертегі желісі бойынша ашып берді. Мұғалім сабақта «балық қаңқасы» әдісін шебер қолдана алды. Сабақта сонымен қатар оқушылар тақырыпты өздері оқып меңгеріп, топ бойынша постер қорғады.

Апталықтың соңында оқушылар «жас математик», «жас биолог», «жас физик», «жас информатик» номинациясы бойынша марапатталды.



III тоқсан қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші келесідей болды:

математика-75% (6-9кл), геометрия – 70% (7-9 кл) ,

физика– 80 % (7-9 кл) , химия– 80% (8-9 кл), информатика – 90.9% (6-9 кл)

биология – 81.8 % (6-9 кл), география – 81.8 % (7-9 кл).

IV тоқсан

IV тоқсан қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші келесідей болды:

математика-75% (6-9кл), геометрия – 70% (7-9 кл) ,

физика– 80 % (7-9 кл) , химия– 80% (8-9 кл), информатика – 90.9% (6-9 кл)

биология – 81.8 % (6-9 кл), география – 81.8 % (7-9 кл).

IV тоқсанда әдістеме бірлестіктің жеткен жетістіктері:

1.Аудандық кіші Олимпиадада физика пәнінен 7 сынып оқушысы Сагынова Аяжан

II орын

Жетекшісі: Ұзақбаева Ж.Б.

2.Аудандық кіші Олимпиадада физика пәнінен 8 сынып оқушысы Миндегали Алмат

III орын

Жетекшісі: Ұзақбаева Ж.Б.

3. Республикалық «Кенгуру- математика для всех» 7 сынып оқушысы Сагынова Аяжан

III орын

Жетекшісі: Аяпбергенова Г.Е.


24.04.-28.04. аралығында 8-9 оқушылары Қобда орта мектебіне ресурстық оқуға барып қайтты. Оқушылар өз білімдерін тиісті деңгейде көрсете білді және біздің мектебімізде жоқ технология кабинетінде жұмыс жасауға, шағын футбол алаңында доп ойнауға, музей аралауға мүмкіндік алып, жақсы әсерде оралды.

Бірлестік құрамындағы физика пәнінің мұғалімі Ұзақбаева Ж.Б. респупликалық «Физика» , облыстық «Ақтөбе ұстазы» газетіне өзінің сабақтарын жариялады.

Сонымен қатар 16.05.2017 күні II санаттан I санатқа көтерілді (мерзімінен бұрын)

Келесі жылы Таждавлетова Г.Т. II санаттан I санатқа көтеруі тиіс.

Жаратылыстану- математика пән бірлестігінің келесі оқу жылына қойған мақсаттары айқын және сол бойынша жұмыстар атқарылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Жаратылыстану- математика пән бірлестігінің 2016-2017 оқу жылына арналған жылдық есебі

Автор: Аяпбергенова Гулжан Едилбаевна

Дата: 11.12.2017

Номер свидетельства: 443668


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства