?сынылып отыр?ан «Алгебра» 7 клас?а арнал?ан «?ыс?аша к?бейту формулалары» электронды орта мектеп м??алімдеріне, ?з білімін жетілдіремін деген орта мектеп о?ушыларына арнал?ан. Электронды? ортада ?рбір та?ырып толы? т?сіндіріліп, сонымен ?атар ?р та?ырып?а арнал?ан мысалдар, есептер, ?зіндік ж?мыстар, тесттік тапсырмалар берілген. Есептерді? саны мен оларды? к?рделілік д?режесі о?ылатын теориялы? ма?л?маттарды берік ме?геруге, о?ушыларды? есеп шы?ару да?дыларын ?алыптастыру?а негізделген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?ыс?аша к?бейту формулалары »
Қысқаша көбейту формулалары
Ақтөбе қалалық №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Алматова Г. Ж.
Қысқаша көбейту формулалары
1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы.
1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы.
1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы.
2. Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
3. Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы
4. Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы
ТЕСТТІК ТАПСЫРМА
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАБАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАБАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
a-b екімүшесін a+b екімүшесіне көбейтуді, яғни (a-b)*(a+b) көбейтіндісін қарастырайық.
Аталған амалдарды орындау үшін көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз, яғни бірінші мүшенің әрбір мүшесін екінші мүшенің әрбір мүшесіне көбейтеміз:
(a-b)*(a+b)=a2+ab-ab-b2.
Теңдіктің оң жағындағы ұқсас мүшелерді біріктіріп, мына теңдікті аламыз:
(a-b)(a+b)=a2-b2
немесе
a2-b2=(a-b)(a+b).(1)
ф ормула былай оқылады:
екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
МЫСАЛДАРЕСЕПТЕРӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Екі өрнектің қосындысының жәнеайырымының квадраты
(a+b) *(a+b) көбейтіндісін қарастырайық .
Екі бірдей көбейткіштің көбейтіндісі осы көбейткіштің квадратына тең екені сендерге белгілі, яғни
(a+b)*(a+b)=(a+b)2. (A)
Екінші жағынан, бұл көбейтіндіні (a+b) екімүшесін (a+b) екімүшесіне көбейту арқылы көпмүше түрінде жазуға болады. Яғни көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз:
(a+b) *(a+b)=a2+ab+ab+b2=a2+2ab+b2. (B)
(A) және (В) теңдіктерінің сол жақтары бірдей болғандықтан, олардың оң жақтары да тең болуы керек:
(a+b)2=а2+2ab+b2.(1)
формула екі өрнектің қосындысының квадратын үш бірмүшенің(үшмүшенің) қосындысы түрінде жазуға мүмкіндік береді.
Формуланың тұжырымдамасы: екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадраты, екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өрнектің квадратының қосындысына тең.
МЫСАЛДАРЕСЕПТЕРӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы
Екімүшенің қосындысының квадраты, яғни (a+b)=а2+2ab+b2 формуласымен таныстыңдар. Енді екімүшенің қосындысының кубын, яғни (a+b)3 өрнегін көпмүше түрінде жазуды қарастырайық. Ол үшін a+b өрнегін өз-өзіне үш рет көбейту керек, яғни (a+b)3 = (a+b)*(a+b)*(a+b).
Теңдіктің оң жағын былай жазайық:
(a+b)*(a+b)*(a+b)=(a+b)2*(a+b).
Бірінші көбейткіш екімүшенің қосындысының квадратын береді.
Сондықтан (a+b)2= а2+2ab+b2 формуласын қолданып,
(a+b)2*(a+b)= (а2+2ab+b2)(a+b)
аламыз. Теңдіктің оң жағына көпмүшелерді көбейту ережесін қолданамыз:
формула екі өрнектің қосындысының кубының формуласы деп аталады.
Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы
Екі өрнектің айырымының кубы
(a-b)3=a3-3a2b+3ab2- b3(2)
формуласымен өрнектеледі.
Формуланың тұжырымдамасы:
Екі өрнектің айырымының кубын табу үшін бірінші өрнектің кубынан үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісін азайту керек және оған үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратын қосып, одан екінші өрнектің кубын азайту керек.
МЫСАЛДАРЕСЕПТЕРӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы
Өрнектерді түрлендіру кезінде алдыңғы параграфтарда қорытылып шығарылған екі өрнектің квадраттарының айырымы
a2-b2=(a-b)(a+b),
екі өрнектің қосындысы мен айырымының квадраты
(a±b)2=а2±2ab+b2,
екі өрнектің қосындысы мен айырымының кубы
(a±b)3=a3±3a2b+3ab2± b3
формулаларымен қатар екі өрнектің кубтарының қосындысы және айырымы, яғни
a3±b3=(a±b)(а2±ab+b2)
формуласы кеңінен қолданылады
a3+b3=(a+b)(а2-ab+b2)(1)
формуласын дәлелдейік.
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы
Ол үшін теңдіктің оң жағына көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз. Сонда
(a+b)(а2-ab+b2)=a3-a2b+ab2+a2b-ab2+b3=a3+b3.
формуладағы a 2 -ab+b 2 өрнегін екіөрнектің айырымының толық емес квадраты деп атайды.
Формуланың тұжырымдамасы мына түрде оқылады:
екі өрнектің кубтарының қосындысы осы екі өрнектің қосындысын олардың айырымының толық емес квадратына көбейткенге тең болады.
МЫСАЛДАРЕСЕПТЕРӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
1-мысал. 47 2 -33 2 өрнегінің мәнін есептейік.
Шешуі. (1) формуланы қолданамыз. Сонда
472-332=(47-33) (47+33) = =14∙80=1120
Жауабы: 1120.
2-мысал. (5+3mn)(5-3mn) өрнегін ықшамдайық.
Шешуі. ( 1) формуланы оңнан солға қарай қолданып,
(5+3mn)(5-3mn)= 52-(3mn)2=25-9m2n2аламыз.
Жауабы: 25-9m2n2
3-мысал. t 2 -81=0 теңдеуін шешейік.
Шешуі. (1) формуланы қолдансақ, берілген теңдеуді белгілі теңдеуге келтіруге болады:
t2-81= t2-92=(t-9)(t+9)=0
теңдеудің екі түбірі бар: t=9 және t= -9
Жауабы: 9 және -9
Екі өрнектің қосындысының жәнеайырымының квадраты
1-мысал. (3x+2y) 2 екі өрнектің қосындысының квадратын үшмүше түрінде жазайық.
Шешуі . Берілген өрнекті үшмүше түрінде жазу үшін (1) формуланы қолданамыз.