kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йірме "?ызы?ты математика"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дамуды? инновациялы? жолы жа?аша ойлауды,алда?ыны жоспарлауды,жа?а идеялар мен технологияны болаша?та ?ажет етеді.Осыны? б?рін еліміз ?сіп келе жат?ан жеткіншектерден к?тіледі.
Мектеп м??алімдеріні? басты ма?саттарыны? бірі – о?ушыларды? ?зі дамуы ?шін п?нге ?ызы?ушылы?ын ту?ызу.Осы ма?сат?а жетуді? бір жолы-математикалы? ?йірмеге о?ушыларды? ?атысуы.

Ма?саттар: О?ушыларды? математикалы? интуициясын,логикалы? ойлауын,есте са?тауын,есептеу да?дыларын дамыту.
Міндеттер:
Математикадан стандарт емес есептерді шешуді ?йрету.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йірме "?ызы?ты математика" »


5- сыныпқа арналған «Қызықты математика»
үйірмесінің бағдарламасы
Түсінік хат


Қазақстан Республикасы - инновациялық даму бағытындағы ел.Сондықтан елімізге жоғары санатты мамандар қажет.Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды,алдағыны жоспарлауды,жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді.Осының бәрін еліміз өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі.
Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу.Осы мақсатқа жетудің бір жолы-математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы.

Мақсаттар: Оқушылардың математикалық интуициясын,логикалық ойлауын,есте сақтауын,есептеу дағдыларын дамыту.
Міндеттер:
Математикадан стандарт емес есептерді шешуді үйрету.

Білім дәрежесіне қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі керек:
1. Өлшеуге,шеңбер бойымен қозғалысқа берілген ,әзіл есептерді шығара білуі керек.
2. Сөзтізбе,ребустар, әзіл есеп, математикалық ертегілер құрастыра білуі керек;
3. Математика мен табиғат арасындағы байланысты көре білуі керек.

5- сыныпқа арналған үйірменің жоспары

№ Мазмұны Өту мерзімі
1 Әзіл есептер,жұмбақ есептер
2 Ертедегі математикалық әңгімелер
3 Шырпымен есеп
4 Құю есептері
5 «Қалай есептеу керек» жаттығулар
6 Парақпен жасалатын жаттығулар
7 Математикалық олимпиада
8 Разъездер мен өткелдерге берілген есептер
9 Есептер шығару
10 Шаршымен шығарылатын есептер
11 «Жас математиктер» газетін шығару
12 Газеттегі жаттығуларды орындау
13 Қорытынды сабақ
14 Қарындаш және қағаз
15 Санды басқатырғылар
16 Өлшеуіш сызғышынсыз
17 Әзіл есептер
18 Логикалық есептер
19 Арифметикалық викторина
20 Комбинаторикалық жаттығулар
21 Терістеу – «жоқ», конъюнкция – «және», дизъюнкция – «немесе».
22 Геометриялық викторина
23 Сөзтізбелер, ребустар, математикалық ертегілер
24 «Қызықты математика» газетін шығару
25 Шеңбер бойындағы нәрселерге берілген есептер
26 Саяхат «Табиғаттағы математика»
27 Геометриялық жұмбақтар
28 Ойындардағы математика
29 Санмен келген жұмбақтар
30 Әр түрлі есептер
31 Алып сандар туралы әңгімелер
32 Сіз санай білесіз бе?
33 Есептер шығару
34 Қорытынды сабақ

Сабақ 1
Тақырыбы: Әзіл –есептер,есеп-жұмбақтар.
Мақсаты: Логикалық ойлау негізінде әзіл- есептер мен жұмбақ есептерді шеше
білу.
Сабақтың жүрісі:
I .Жоспармен танысу.
II. Есептер шығару.
1) Бөліс
2) Неше тиын
3) Тігінші
4) 666 саны
5) Бөлшек
6) Тағаны бөлу
7) Қария не айтты?
III .Жасты анықтауға есеп.
Есеп .Қызы қазі 8-де,анасы 38-де.Неше жылдан соң анасының жасы қызының жасынан үш есе артық болады?
Есеп. Әкесі 37 -де болғанда ұлы 3 жасқа толды..Қазір ұлы әкесінен үш есе кіші.Әрбіреуі неше жаста?
ІV.Өзіндік жұмыс.
Амалдарды орындаңдар:
1) 703-21•(361-349)
2) 2346:(209-186) •15
Үйге тапсырма. Әзіл есеп құрастыру.

Сабақ №2
Тақырыбы: Ертедегі математикалық тарихи есептер.
Мақсаты: Математиканың қажеттілігін қоршаған ортадан көру.
Жүрісі:
I .Үй жұмысын тексеру
II. Ежелгі есептер.
1) Қаз бен тырна қалай есеп шығарды
2) Шаруа әйелдердің таң қалуы.
3) Шаруа және картоп
III . «Ой жаттығуы»
Зеренің әжесі қаз бен қоян асырады.Олардың бәрінің 25 басы және 54 аяғы бар.Әжейде неше қаз ,неше қоян бар?
ІV.Есте сақта.
1) 37•3=111
37•6=37•3•2
37•12=37•3•4
37•15=37•3•5

2) 7•11•13=1001
77•39=77•13•3
77•26=77•13•2

3) 91•11=1001
91•22
91•33
Үйге тапсырма. Математикалық ертегі құрастыру.

Сабақ№3.
Тақырыбы: Шырпымен жаттығулар
Мақсаты. Шырпымен шығарылатын қызықты есептер ойлап шығару.
Жүрісі:
I.Үй жұмысын тексеру
II .Шырпымен жаттығулар (жүз, үш, үй, шаян, таразы,шам, балта, кілт,шаршылар)
III . «Ақыл-ой жаттығуы »
Есеп. Дүкендегі картоп 5 кг және 3 кг етіп 24 дорбаға бөлініп салынды. Барлық 5 кг дорбадағы картоптың салмағы барлық 3 кг дорбадағы картоптың салмағына тең. Әрбір дорбаның саны нешеу?
ІV.Есте сақта.
9 және 11 –ге көбейту.
9 санына ауызша көбейту үшін көбейткішке 0-ді тіркеп одан көбейткішті азайту керек.
Мысалы:
1) 62•9=620-62=600-42=558
2) 73•9=730-73=700-43=657
11 санына ауызша көбейту үшін көбейткішке 0-ді тіркеп оған көбейткішті қосу керек.
1) 87•11=870+87=957
2) 34•11=340+34=374
V.Өзіндік жұмыс.
Амалды орынды.
1) 6422-24•(372:12)=5678
2) 2678:(506-480)+297=400

Сабақ №4.
Тақырыбы : Құюға берілген есептер.
Мақсат: Математикалық интуициясын дамыту
Жүрісі:
I .Үй жұмысын тексеру.
II .Есептер шығару.
1. Бір адамның бөшкесінде 12 л май болды.Ол оның жартысын сыйға бергісі келді.Бірақ оның 6 л ыдысы болмады.Тек қана 8 литрлік және 5 литрлік бос ыдыстары бар.олардың көмегімен қалай 6 л майды құйып алуға болады?
2. Екі бос 3литрлік және 5 литрлік бидон бар.Оларды пайдаланып ,өзеннен 1 л суды қалай алуға болады?
3. 5литрлік және 7 литрлік бос шелектерді пайдаланып,.су құятын кран мен оны төгетін жерді пайдаланып 4 л суды қалай алуға болады?
4. Сусын құйылған бөшкеден 9 және 5 литрлік ыдыстарды пайдаланып 3 л сусынды қалай құйып алуға болады?
III. «Ақыл-ой жаттығуы».
Есеп. Мектепке ішінде 144 данасы бар бір қорап бор әкелінді.20 күн ішінде бірінші сынып 2 күнде 1 бор,екінші сынып – 1 күнде 1 бор, ал үшінші және төртінші сыныптар 1 күнде 2 бордан жұмсады.Қанша бор қалды?
ІV.Өзіндік жұмыс
Амалды орында
1) 77•(452-348)-99
2) 874-(27•90-1999)
Үйге тапсырма. «Математика» сөзіне кроссворд құрастыру.

Сабақ №5.
Тақырыбы: «Қалай есептеу керек?»
Мақсаты. Саусақпен санай білу және қиялын дамыту.
Жүрісі.
I .Үй жұмысын тексеру.
II. Есептер шығару
1) Мұхит арқылы өтетін рейс
2) Алма сату
3) Құрт
4) Велосипедші мен шыбын
III . «Ақыл ой жаттығуы»
1000 санын амалдар мен 3 цифрын алты рет қолдану арқылы жазыңдар.
ІV.Есте сақта.
Санның квадратын табу (5-ке аяқталатын санның)
1) 352=3•(3+1)25=1225
2) 852=8•925=7225
V.Өзіндік жұмыс.
Есепте:
4900:14(62•205-12360)
Үйге тапсырма. Ребус құрастыру.

Сабақ №6.
Тақырыбы: Парақ қағазбен жаттығу.
Мақсаты: Логикасы мен қиялын дамыту.
Жүрісі.
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
III. «Ақыл ой жаттығуы».
Әзіл есеп.
Жайылымда бұзаулар мен қаздар жүр.Бұзаулардың аяқтарының жалпы саны 392, ал қаздардың аяқтарының саны бұзаулардың санынан 94-і кем .Жайылымда неше қаз және неше бұзау жайылып жүр?
ІV.қатарды жалғастыр.
6, 8, 16, 18, 36, …
9, 11, 31, 33, 53, …
15, 24, 35, 48, 63, …
2, 3, 6, 7, 10, 11, 14, …
Үйге тапсырма. Есеп. Кітаптың бағасы 620 тг. және кітаптың бағасының жартысы.кітап неше тг тұрады?

Сабақ№7 .
Математикалық олимпиада.
Мақсаты. Логикалық ойлауын,қиялын дамыту.
Жүрісі.
I ..Үй жұмысын тексеру
II .Амалдарды орында.
1. Есеп. Екі саяхатшы әртүрлі уақытта бірдей жылдамдықпен шықты.Екінші саяхатшы 5 км жүргенде ,екіншісі 13 км жүріп тастады.Неше км жүрген соң бірінші саяхатшы екіншісінен екі есе артық жүреді?
(3 км, I – 16 км, II – 8 км)
(3 ұпай)
2. Теңдік орындалатындай жақша және амал белгілерін қойыңдар:
123456789=1
(1•2+3+4-5+6+7-8):9=1
(2 ұпай)
3. Ширек сағатсыз 10-ды көрсетіп тұрса,тәулік басталғаннан бері неше сағат өтті?
(9 сағ 45 мин)
(2 ұпай)
4. Дәптердің 24 бетін белгілеу үшін неше цифр керек?
(39 цифр)
(2 ұпай)
5. Қатарынан тұрған 6 натурал санды қосқанда қандай сан алынады (жұп және тақ)?
(тақ)
(2 ұпай)
6.Қайсысы көп:
1+2+3+4+0 немесе 1•2•3•4•0?
()
(1 ұпай)
Үйге тапсырма. Цифрлар туралы өлең шығару.

Сабақ №8
Тақырыбы: Өткелдер мен разъездер.
Мақсаты. Математикалық интуицияны дамыту.
Жүрісі.
I .Олимпиадалық жұмыстарды талдау.
II Есептер шығару.
1. Өткелдер мен разъездер.
1) Сай .
2) Әскери топ
3) Теміржол бекетінде
2. Қиын жағдайдағы бөліс.
1) Үшеудің бөлісі
2) Екеудің бөлісі
3) Қақ бөлісу.
III .«Ақыл ой жаттығуы»
Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 10 дәптер артық.Ал барлығы 70 дәптер болсаәрбір қорапта қанша дәптер бар?
ІV.Есте сақта.
Тиімді тәсілмен есепте:
1) 12•17+35•13+17•23
2) 41•80-25•41+55•29
3) 6•25+15•70+25•36
Үйге тапсырма. Математикалық газетке ат ойлау.

Сабақ №9
Тақырыбы: Есептер,тағы да есептер .
Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту.
Жүрісі.
I. Үй жұмысын тексеру.
II .Есептер шығару .
Есеп. Бос 17 л және 5 л ыдыстардың көмегімен сүті бар цистернадан 13 л сүтті құйып алуға болады?
Есеп 12 л және 7 л бос шелектің көмегімен және су краны мен су төгетін құрылғыны пайдаланып 1 л суды қалай алуға болады?
Есеп. Бидонда 10 л кем емес сүт бар.Бос 9л және 5 л ыдыстардың көмегімен 6 л сүтті құйып алуға болады?
IIІ. Ойын «Сиқырлы шаршы»
IV «Жас математиктер» газетіне мәлімет жинау.
Үйге тапсырма. Газеттің «Ойлан,тап!» рурикасына материал ойлап табу.

Сабақ №10.
Тақырыбы: Шаршыға арналған комбинаторикалық есептер.
Мақсаты: Логикалық ойлауын,тапқырлығын дамыту.
Жүрісі.
I .Үй жұмысын тексеру.
II. Есептер шығару
1) 3 санды орналастыру
2) 9 санды орналастыру
3) 4 әріпті орналастыру
4) 16 офицерді орналастыру
III .Өзіндік жұмыс .
16 санды орналастыру
Үйге тапсырма. 4 санын үш бестік арқылы жазу.

Сабақ №11
«Жас математиктер» газетін шығару

Сабақ №12 .
Газеттегі тапсырмаларды орындау.

Сабақ №13
Қорытындылау сабағы.
Мақсат: Өтілген материалдарды қайталау
Жүрісі .
I. Қайталау .
ІI.Қорытындылау.

Сабақ №14
Қарындаш және қағаз
Мақсаты: Қиялын дамыту..
1. Қарындаш пен қағаздың көмегінсіз есепте.
2. Есеп «Мерекелік дастархан»
Қосымша.
1. Өрнектің мәнін тап:


Сабақ №15
Тақырыбы: Санды басқатырғылар
Мақсаты. Стандартты емес ойлауын дамыту
1. Санды басқатырғылар
2. Есеп «Дөңгелек шелпекті бөлу»
Қосымша.
Теңдеуді шеш

Сабақ №16
Тақырыбы:Өлшеуіш сызғышынсыз
Мақсаты: Өлшеуге берілген есептерді шешуді үйрету
1. Есептер
№62.«Жолды адымдап өлшеу»
№32. «Неше жаста»
2. Санды үшбұрыш
Қосымша
№46.Көбейтудің ғажап бір жағдайы .
(Я.И.Перельман)

Сабақ №17
Әзіл есептер
Мақсаты: Логикалық ойлау негізінде әзіл есептерді шығаруды үйрету
1. Есептер:
№96 «Өрмекшілер мен қоңыздар»
№98 «Тауық пен үйрек жұмыртқалары»
№100 «Ақшалай сыйлықтар»

2. Шахмат тақтайы туралы аңыз?

Қосымша
Компоненттер мен амалдар арасындағы байланысты пайдаланып х-ті табыңдар:

Сабақ 18
Тақырыбы: Логикалық есептер
Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту.
Есептер
№72,№72,№74, 130 бет
2. Ойындар
Он цифрмен
Қосымша
1. Көбейтудегі сандарды тап.

б)
х ГГГГ
ГГГ
АААА
+АААА
АААА
АБВГДА
в)
х **,*
2,*7
+ **,**
***
**,835

Сабақ №19
Тақырыбы: Арифметикалық викторина
Мақсаты: Зеректігін,қиялын дамыту
1. 4 шығу үшән 2-ні нешеге бөлу керек?
1. Қай уақытта бөлінгіш пен бөлінді тең болады?
2. Тізбектес үш натурал санның қосындысы жай сан бола ала ма?
3. Жай сан болатын жұп сан бола ма?
4. 1 м2 неше гектар бар?
5. Кітап үшін 60 теңге және оның бағасының -і төленд.Кітап неше теғге тұрады?
6. Жартының жартысы жартыға тең .Ол қай сан?
7. Бетіне дейін толтырылған ыдыстың салмағы 5 кг, ал ортасына дейін толтырылған 3 кг 250 г. Ыдысқа қанша су кетеді?
8. Үш еселенген қырық пен бестің көбейтіндісі неге тең?

Сабақ 20
Тақырыбы:Комбинаторикалық есептер
Мақсаты: Есте сақтауын,логикалық ойлауын дамыту
1. Ақиқат және ақиқат емес пікірлер
2. Көңілді есептер.
Қай уақытта қысқартылатын жай блшекті қысқартуға болмайды?
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа береді.? 6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа береді. 4 тауық 9 күнде ше?
-і бөлігі -іне тең болатын қандай сан?
Қосымша.
Есепте :


Сабақ №21
Терістеу – «жоқ»,
конъюнкция - «және», дизъюнкция – «немесе».
Мақсаты: Математикалық логикасын және интуияциясын дамыту.
1. «Жоқ»; «және», «немесе»
Терістеу – жоқ.
Конъюнкция – және
Дизъюнкция – немесе
2. «Кімнің мамандығы қандай?»

Сабақ №22
Тақырыбы: Геометриялық викторина
Мақсаты. Зеректігін ,логикалық ойлауын.кеңістіктік йлауын дамыту.
1. Ұзындығы 20 см сымнан бір қабырғасы 8 см болатын үшбұрыш жасауға бола ма?
10 см? 12 см?
2. Тең бүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 20 см, ал екіншісі үшіншісінің -іне
тең.Осы үшбұрыштың периметрі неге тең?
3. Барлық биіктіктері бір төбесінде қиылысатын үшбұрыш қандай үшбұрыш?
4. 13 тең шаршы бар.Олардан екі квадрат қалай жасауға болады?

Сабақ №23
Тақырыбы: Кроссвордтар, ребустар,ертегілер.
Мақсаты : Мұқияттылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Математикалық газетке материал дайындау.

Сабақ 24
«Қызықты математика» газетін шығару
Мақсаты : Математикалық газетті дайындау,шығару.
Сабақ 25
Тақырыбы: Шеңбер бойындағы заттар.
Мақсаты: шеңбер бойындағы заттарға берілген есептерді шығаруды үйрету.

Сабақ 26
Экскурсия «Табиғаттағы математика » (презентация)
Мақсаты: Табиғаттың математикамен байланысын көрсету.
1. Математикалық ойындар
Тәуліктің қалған уақыты өтіп кеткен уақыттан екі есе көп болса,қазір сағат неше?
1024 санын төрт төрттің көмегімен және амалдармен қалай алуға болады?
Ойын «Ойлаған санды тап».

5-6 сыныпқа арналған "Қызықты математика" үйірмесінің жоспары



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?йірме "?ызы?ты математика"

Автор: Ныгманова Акдидар Кимадиденовна

Дата: 26.06.2015

Номер свидетельства: 221519


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1920 руб.
2400 руб.
2000 руб.
2500 руб.
1500 руб.
1870 руб.
2110 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства